Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрілетін инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қыркүйектегi N 1384
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 41, 457-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары шеңберiнде несиелендiрiлетiн инвестициялық жобаларды iрiктеу ережесiнде:
2-тармақ мынадай он бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"- фармацевтика және медицина өнеркәсібі.";
2)
Ескерту 2) тармақшасының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.
N 1328
(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі