Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.19 № 1079 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 155-бабы 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Дала жағдайында геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасының салық салынуға жатпайтын мөлшері тәулігіне 2 айлық есептік көрсеткіш болып бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Дала жағдайында геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердің далалық жабдықталым ақшасының салық салынуға жатпайтын мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 сәуірдегі N 443 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 12, 117-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қыркүйектегі N 1384 және 2002 жылғы 17 сәуірдегі N 443 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 935 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 12, 117-құжат).
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов