Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сақтандыру
мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi
Мәжілісiнің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
сақтандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21
қыркүйектегі Қазақстан Республикасының
Заңына (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат;
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 447-құжат; 2001 ж., N 23, 309, 321-құжаттар; N 24, 338-құжат):
1) 11-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыруға міндетті.";
2) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Сақтандыру
Жолаушылар темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен сапарға шыққан кезде тасымалдаушының олардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады.".
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 U952697_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; 2001 ж., N 321-құжат; N 24, 338-құжат):
95-бапта:
бірінші бөлігі алынып тасталсын;
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әуе кемелерінің, азаматтық авиацияның басқа да объектілері мен жабдықтарының меншік иелері мен пайдаланушылары өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыруға міндетті.".
3. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Z960029_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"- автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болмаса;".
4. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30
қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңына (Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 381-құжат; 2001 ж., N
24, 338-құжат):
10-баптың 1-тармағының үшінші абзацындағы "сақтандырушысы," деген сөз
алынып тасталсын.
5. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының
Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат):
5-тарау және 25, 26, 27, 28, 29-баптар алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.