Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 101 P020101_ қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1-тармақтағы "1-21" деген сандар "1-22" деген сандармен ауыстырылсын; осы қаулыға қосымшаға сәйкес 22-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 1 сәуірдегі N 101а қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 101 қаулысына 22-қосымша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімгері 2002 жылға арналған 035 "Мырғалымсай кен орнының кеніштерін таратуға дайындық және тарату" республикалық бюджеттік бағдарламасының Паспорты 1. Құны: 507 859 мың (бес жүз жеті миллион сегіз жүз елу тоғыз мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық базасы:
"Кентаукеніштарату" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 қарашадағы N 1488 P971488_ қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаттары. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мырғалымсай кен орнының кеніштерін тарату. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Мырғалымсай кен орнының кеніштерін таратуға дайындық және тарату жөніндегі жұмыстарды жүргізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары: --------------------------------------------------------------------------- N!Бағдар.!Бағ. !Бағдарламалардың атауы !Бағдарламаны ! Іске ! Жауапты !ламаның!дар. !(кіші бағдарламалар) !іске асыру !асыры.!орындаушылар !коды !лама.! !жөніндегі !лу ! ! !ның ! !іс-шаралар !мер. ! ! !коды ! !(кіші бағдарла.!зімде.! ! ! ! !малар) !рі ! --------------------------------------------------------------------------- 1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 --------------------------------------------------------------------------- 1. 035 000 Мырғалымсай кен орны. Іс-шараларды 2002 Энергетика ның кеніштерін тара. орындау бойынша жыл және мине. туға дайындық және қызмет көрсету. ралдық ре. тарату лердің төлемі: сурстар министрлігі 1. Жобалау-із. дестіру жұмыстары: тарату жұмыстарын орындау үшін жұмыс құжаттамасы 2. Кентау қала. 2002 Энергетика сын ауыз сумен жыл және мине. қамтамасыз ету ралдық ре. үшін "Біресек" сурстар учаскесінде пай. министрлігі ланушылық ұңғыма. ларын бұрғылау - 2 ұңғыма. 3. Хантағы қал. 2002 Энергетика дықтарды сақтау жыл және мине. қоймасын консер. ралдық ре. вациялау - 45 га сурстар министрлігі 4. ГПП-1 кіші 2002 Энергетика станциясынан жыл және мине. "Гормолзавод" ралдық ре. 35/6 кв кіші стан. сурстар циясына жүктеме. министрлігі лерді аудару: - трансформатор. ларды сатып алу - 2 дана; - ОРУ электр күштік жабдық; - 27 км. ЖЖ салу және басқа да жұмыстар. 5. ЭЦВ-12-250- 2002 Энергетика 140 маркалы ма. жыл және мине. лынғыш насоста. ралдық ре. рын трубалармен сурстар (7 дана) сатып министрлігі алу және монтаждау 6. Мырғалымсай 2002 Энергетика кен орнын тара. жыл және мине. туға дайындық ралдық ре. кезінде кеніштерді сурстар қолдау жөніндегі министрлігі пайдалану шығыста. ры, оның ішінде шығыстар түрлері бойынша: - жалақы - 313 адам; - іссапарлық шығыстар - 1200 адам/күн; - материалдарды сатып алу - мойын. тіректер 1300 дана, көтергіш тораптарды тексеру және жөндеу 15 дана, датчиктер және басқалар - 1670 дана; - электр энергиясы - 59612,9 мың кВт-сағ. _________________________________________________________________________ 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: 1. Таратылатын объектілерге арналған жұмыс құжаттамасын әзірлеу. 2. Жабылатын ауыз сумен жабдықтаудың жер асты көзінің орнына Кентау қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету. 3. Хантағы қалдықтарды сақтау қоймасын консервациялау - 45 га. 4. "Гормолзавод" 35/6 кв кіші станциясын пайдалануға беру. 5. Қоршаған ортаны қорғау комитеті бекіткен жобаға (2002 жылғы 22 қаңтардағы N 09-09Ж) сәйкес техникалық қажеттіліктерге арналған суды айдау үшін 7 насос сатып алу. 6. Орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.