Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi агенттiгiнiң республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 103 P020103_ қаулысына мынадай
өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақтағы "1, 2, 3 және 4" деген сандар "1, 2, 3, 4 және 5" деген
сандармен ауыстырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің
2002 жылғы 30 мамырдағы
N 103а қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2002 жылғы 25 қаңтардағы
N 103 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық
резервтер жөнiндегi агенттігi
2002 жылға арналған
033 "Жұмылдыру резервiн қалыптастыру"
Республикалық бюджеттiк бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100 000 мың теңге (жүз миллион теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы N 106-II Z000106_ ЗКР Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы; "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегі N 127-1 Z970127_ Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 26 шiлдедегi N 831-28 қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет
қаржысы.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: соғыс уақытындағы және өзге
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардағы жұмылдыру
кезеңiнде жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын қорландыру және
қалыптастыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: жұмылдыру резервi материалдық
құндылықтарының қорлануын және өз мерзiмiнде толықтырылуын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
N!Бағ.!Кіші!Бағдарла.!Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны)! Іске ! Жауапты
!дар.!бағ.!малардың !iске асыру жөнiндегi iс-шаралар ! асыру !орындаушылар
!лама!дар.!(кіші ! !мерзiмi!
!коды!лама!бағдарла.! ! !
! !коды!малардың)! ! !
! ! !атауы ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
1 033 00 Жұмылдыру Жұмылдыру резервiне материалдық 2002 Қазақстан
резервін құндылықтар жеткiзуге заңнамада жылғы Республика.
қалыптас. белгiленген тәртiппен тапсырыс. 25 сының
тыру тар орналастырады. жел. Мемлекеттік
Жұмылдыру тапсырмалары бар тоқ. материалдық
кәсіпорындармен жұмылдыру санға резервтер
резервiн қорландыруға заңнамада дейін жөніндегі
белгiленген тәртiппен шарттар агенттігі
жасасу.
Қазақстан Республикасының
Yкiметi бекiткен 2002 есептi
жылға жұмылдыру жоспарына сәй.
кес жұмылдыру резервiнiң мате.
риалдық құндылықтарын кезең-
кезеңмен қорландыру.
--------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жұмылдыру
жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық
салаларында материалдық құндылықтар мөлшерiнің (кезең-кезеңмен)
жиынтықталуы. Жұмылдыру кезеңiнде Қарулы Күштердiң, өзге әскерлер мен
әскери құрылымдардың, шаруашылық кешенi мен халықтың жедел қажеттерiн
неғұрлым толық және орнықты қамтамасыз етуге мемлекет экономикасын алдын
ала әзiрлеу.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.