Ел экономикасының мұқтаждары үшiн мазуттың жеткiлiктi қорын жасау қажеттiлiгіне байланысты және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының аумағынан 2003 жылғы 1 наурызға дейiн мазутты (СЭҚ ТН коды 2710 00 710-2710 00 780) әкетуге тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мазутты әкетуге тыйым салуды енгiзетiнi туралы белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетiн хабардар етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi