Мазут экспортына уақытша тыйым салуды енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 28 қыркүйек N 1066 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.02.07. N 143 қаулысымен.

      Ел экономикасының мұқтаждары үшiн мазуттың жеткiлiктi қорын жасау қажеттiлiгіне байланысты және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi   Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан 2003 жылғы 1 наурызға дейiн мазутты (СЭҚ ТН коды 2710 00 710-2710 00 780) әкетуге тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мазутты әкетуге тыйым салуды енгiзетiнi туралы белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетiн хабардар етсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

      5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады