Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы республикалық бюджеттiк бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 106 P020106_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақта "1-17" деген сандар "1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11,
12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19" деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 14-қосымшада:
6-тармақтың 7-бағанындағы "Іс Басқармасының Шаруашылық басқармасы"
деген сөздер "Іс Басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 18 және 19-қосымшалармен
толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 жылғы 17 мамырдағы
N 106а қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 25 қаңтардағы
N 106 қаулысына
18 қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы
(бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсі)
2002 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының
ақпараттық жүйелеріне ілесе жүру"
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 35305 мың теңге (отыз бес миллион үш жүз бес мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегi N 378 P000378_ қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы
Президентiнің Әкімшілігі мен Үкіметін ақпараттандырудың бірыңғай
бағдарламасын жүзеге асыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйелерге ілесе
жүрудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
N !Бағ.!Кіші!Бағдарлама. ! Бағдарламаны !Iске асыру! Жауапты
!дар.!бағ.!лардың (кіші ! (кіші бағдарламаны) ! мерзiмi !орындаушылар
!лама!дар.!бағдарлама. ! iске асыру жөніндегi ! !
!коды!лама!лардың) атауы! iс-шаралар ! !
! !коды! ! ! !
! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
1 500 Қазақстан Интернет жүйесіне 2002 жылдың Қазақстан
Республикасы 500 пайдаланушыны барысында Республикасы
Президенті Іс қосуға рұқсат беру. Президенті.
Басқармасының Ақпараттық-аналитика. нің Іс
ақпараттық лық материалдар мен Басқармасы
жүйелеріне электрондық халықара.
ілесе жүру лық ақпаратқа қосу
және жазылу барлығы
- 6 дана.
30 компьютерге, 20
принтерге сервистік
қызмет көрсету.
2 маманды сервистік
қызмет көрсету
бойынша 2
сертификатталған
курста оқыту. Шығыс
материалдарын
(картридждер,
тонерлер), қор
бөлшектерін сатып алу.
---------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: ақпараттық
жүйелердің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету және ақпараттық ресурстармен
қамтамасыз ету дәрежесі 60%; деректер базасына кіруге рұқсат 40% және
ақпаратты қорғау дәрежесі 80%.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 жылғы 17 мамырдағы
N 106а қаулысына
2 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 25 қаңтардағы
N 106 қаулысына
19 қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы
(бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсі)
2002 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының
ақпараттық жүйелерін дамыту"
республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 42122 мың теңге (қырық екі миллион жүз жиырма екі мың теңге).
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегi N 378 P000378_ қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет
қаржысы.
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы
Президентiнің Әкімшілігі мен Үкіметін ақпараттандырудың бірыңғай
бағдарламасын жүзеге асыру.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы
Президенті Іс Басқармасы қызмет көрсететін мемлекеттік органдарды
ақпараттық жүйелермен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
---------------------------------------------------------------------------
N !Бағ.!Кіші!Бағдарлама. ! Бағдарламаны !Iске асыру! Жауапты
!дар.!бағ.!лардың (кіші ! (кіші бағдарламаны) ! мерзiмi !орындаушылар
!лама!дар.!бағдарлама. ! iске асыру жөніндегi ! !
!коды!лама!лардың) атауы! iс-шаралар ! !
! !коды! ! ! !
! ! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7
---------------------------------------------------------------------------
1 600 Қазақстан 4 ақпаратты қорғау 2002 жылдың Қазақстан
Республикасы және есептеуіш техни. барысында Республикасы
Президенті Іс ка құралдарын қорғау. Президенті.
Басқармасының дың активті құралда. нің Іс
ақпараттық рын; 1 электрондық Басқармасы
жүйелерін құжаттар айналымын;
қамтамасыз 1 ақпараттық жүйелер;
ету 2 аймақтық ақпараттық
жүйелерді; 3 жалпы
пайдаланылатын деректер
базасының жүйелерін
сатып алу және енгізу.
---------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының ақпараттық және жергілікті есептеуіш жүйелерін рұқсатсыз қатынаудан қорғау;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі үшін мемлекеттік
органдардың электрондық құжаттама айналымының бірыңғай жүйесін енгізу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобалары бойынша электрондық дауыс
беру кешенін енгізу;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Премьер-Министр
Кеңсесінің әкімияттармен жедел электрондық байланысын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Премьер-Министр
Кеңсесі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы үшін жалпы
пайдаланылатын нормативтік-құқықтық және мұрағат деректер базасын дамыту.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.