Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар Жарлығына сәйкес, "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын iске асыру, Қазақстан Республикасында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) <*> Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.12.23. N 1345 қаулысымен.
2) осы қаулының 1-тармағы 1) тармақшасының екiншi абзацын орындауды көрсетілген келісім-шарттың нақты қолданылуы мерзімін ескере отырып, есептелген акциялардың мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқаруға бергені үшін бұрын алдын ала төленген сыйақының бір бөлігін қайтара отырып, сенiмгерлiк басқару туралы тиiстi келiсiм-шарт бұзылғаннан кейiн жүзеге асырсын; <*>
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.27. N 1392
қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрi З.Х.Кәкімжановқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі