Павлодар облысында бастапқы алюминий өндiру жөнiндегi электролиз зауытын салуды қамтамасыз ететiн шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 23 желтоқсан N 1345

      Қазақстан экономикасын дамыту үшiн бастапқы алюминий өндiру жөнiндегi электролиз зауытын салудың ерекше маңызын, мұның өзi кейiн оның базасында бiрқатар жанама өндiрiстер, соның iшiнде түстi металдардың (алюминийдiң) түпкi қайта бөлiстерi өнiмдерiн және алюминий профилiн дамытуға мүмкiндiк беретiнiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларында Павлодар облысында бастапқы алюминий өндiру жөнiндегi электролиз зауытын (бұдан әрi - электролиз зауыты) салуды көздесiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi:
      1) мынадай:
      зауыт құрылысын аяқтау кезiнде жылына 240 000 (екi жүз қырық мың) тонна көлемiнде өнiм шығаратын электролиз зауытын Павлодар облысында салуды;
      осы тармақшаның екiншi абзацында көрсетiлген көлемде электролиз зауытының қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн қазақстандық тауар өндiрушiлерден глинозем мен электр энергиясын кепiлдi түрде сатып алуды жүзеге асыру;
      "Қазақстан алюминийi" AAҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiне меншiк құқықтарының сатып алушыға көшуiмен бiрге 2007 жылғы 31 желтоқсанға қарай қуаты жылына 60 000 (алпыс мың) тонна өнiм өндiретiн электролиз зауыты бiрiншi кезегiнiң iске қосылуын қамтамасыз ету шарттарының мiндеттi түрде сақталуымен заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан алюминийi" ашық акционерлiк қоғамы акциялары мемлекеттiк пакетiнiң (бұдан әрi - "Қазақстан алюминийi" ААҚ акцияларының мемлекеттiк пакетi) жарғылық капиталының 31,76 (отыз бiр бүтiн жүзден жетпiс алты) пайызы мөлшерiнде тендерде сатылуын жүзеге асырсын;
      2) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетiлген тендерге қатысушылардың назарына жеткiзсiн және бұдан әрi "Қазақстан алюминийi" ААҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатып алу-сату шартында мынадай талапты көздесiн:
      осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген тендер шарттарын сатып алушы орындамаған жағдайда және осы қаулыда көзделген талаптар мен тапсырмаларды мемлекеттiк органдар орындаған кезде "Қазақстан алюминийi" AAҚ акцияларының мемлекеттiк пакетін сатып алумен және электролиз зауытын салумен байланысты шығындар сатып алушыға өтеуге жатпайды.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) артықшылықтар беру үшiн бастапқы алюминий өндiрiсiн қызметтiң басым түрлерiне (экономика секторларына) енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн;
      2) "Қазақстан алюминийi" ААҚ акцияларының мемлекеттік пакетiн сатып алушымен электролиз зауытын салумен, соның iшiнде мемлекеттiк заттай грант түрiнде электролиз зауытын салуға жер телiмiмен байланысты оған жеңiлдiктер мен артықшылықтар берудi көздейтiн келiсiм-шарт жасассын.

      4. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi өтiнiмдердiң берiлуiне қарай бiр ай мерзiмде заңнамада белгіленген тәртiппен оларды жобалау мен салудың бүкiл кезеңiндегi электролиз зауыты объектiлерiнiң қоршаған ортаға әсерiн бағалауды жүргiзсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi электролиз зауыты үшiн қажеттi электр тарту желiлерi салынуын келiсудi қамтамасыз етсiн.

      6. Павлодар облысының әкiмi "Қазақстан алюминийi" ААҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатып алушымен келiсiм бойынша электролиз зауытын салуға жер телiмдерiнiң бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      1) "Жекешелендiрудiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 18 қазандағы N 1556 қаулысына :
      1-тармақтың 1-тармақшасы алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы кен-металлургия саласының кейбiр ұйымдары акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 3 қазандағы N 1087 қаулысына :
      1-тармақтың 1-тармақшасы алынып тасталсын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсін.

      9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады