Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Астана қаласының халқына жедел және шұғыл жәрдем көрсету қызметін
дамытуды қолдау" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын
тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің
арасында ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
"Астана қаласының халқына жедел және шұғыл жәрдем көрсету
қызметін дамытуды қолдау" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония
Үкіметінің грантын тарту туралы Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасында ноталар алмасу
нысанындағы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
2002 жылғы 11 шілдеде Астана қаласында жасалған "Астана қаласының
халқына жедел және шұғыл жәрдем көрсету қызметін дамытуды қолдау" жобасын
жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметінің арасында ноталар алмасу
нысанындағы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті