"Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесiнiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 P000969_ қаулысына сәйкес және жек дуадақты 2002 жылы табиғаттан алуға биологиялық негіздемеге арналған 2002 жылғы 23 тамыздағы N 1-07-336а мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Мыналарға:
1) шейх Халифа Бин Заидқа (Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi) шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимi бар Кендiрлi-Қаясан республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймағының аумағын қоса алғанда, Маңғыстау облысында 100 жек дуадақты;
2) шейх Cypyp Бин Мұхаммадқа (Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi) Қарақтау және Арыс республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймағы (Оңтүстiк Қазақстан облысы) шекараларының шегiнде, шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимi бар аумақтарда 80 жек дуадақты;
3) бекзада Абдель Азиз Бин Ахмед Бин Абдель-Азиз Әл Саудқа (Сауд Арабиясы Корольдiгi) шаруашылық қызметтiң реттелетiн режимi бар Жусанды дала республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймағының аумағын қоса алғанда, Жамбыл және Алматы облыстарында 40 жек дуадақты 2002 жылғы 10 қазан - 30 қараша кезеңiнде өз ителгiлерiмен аулауына рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi:
1) белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген адамдарға жек дуадақтарды аулауға рұқсат берсiн;
2) ителгiмен саятшылық құруды ұйымдастыру және жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 маусымдағы N 969 P000969_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртiбi жөнiндегi ереженің орындалуын қамтамасыз етсін;
3) "Охотзоопром ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының көрсетiлген Ереженің 8-тармағына сәйкес қызметтер көрсетуін және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Зоология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнымен бiрлесiп, оларды табиғаттан алуды жүзеге асыратын шетелдік азаматтармен шарттық негізде жек дуадақтың өсiмiн қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларды қамтамасыз етсiн;
4) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетімен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, ителгiмен саятшылық жүргiзiлетiн жерлерде жоғары мәртебелi қонақтар мен олардың қызметкерлерi топтарын күзетудi және бiрге жүрудi ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасындағы СИТЕС-тiң әкiмшiлiк органымен, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, ителгімен саятшылық құру үшiн жыртқыш қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетудi
Жойылу қаупi төнген жабайы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi түрлерiмен
халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсiмдерін сақтай отырып, қамтамасыз
етсiн.
4. Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының
әкiмдерi көрсетiлген iс-шараларды ұйымдастыруда қажеттi жәрдем көрсетсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.