Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сот iсiн жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Ескерту. Жоба Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінен қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2003.01.22. N 73 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот iсiн
жүргiзу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар
енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық iс жүргізу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат):
1) 28-баптың бiрiншi бөлiгінiң 1) тармақшасы алынып тасталсын;
2) 30-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлiкпен толықтырылсын:
"1-1. Мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істердi қарауға уәкiлеттiк берiлген органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын дауға салу туралы iстердi қарайды";
3) 275-баптың бiрiншi бөлiгінде "прокурор" деген сөзден кейiн "мамандандырылған ауданаралық әкімшiлiк" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық iс жүргізу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар):
1) 109-баптың екiншi бөлiгінде "аудандық" деген сөз "мамандандырылған ауданаралық әкімшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 110-баптың бiрiншi бөлiгінде "қалалық (аудандық)" деген сөздер "мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат):
541-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Аудандық және соларға теңестiрiлген" деген сөздер "Мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк соттар құрылғанға дейiн осы Заңмен олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық және оларға теңестiрiлген соттар қарайды.
Қазақстан Республикасының
Президентi