"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Заңына сәйкес және тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн жеке тұлғалар үшiн кедендiк ресiмдеу мен бақылау рәсiмдерiн оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 31 мамырдағы N 741
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 249-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу ережесiнде:
1-тармақтағы "жеңiлдетiлген және оңайлатылған" деген сөздер "жеңiлдетiлген, оңайлатылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуiнiң жеңiлдетiлген тәртiбi кедендiк төлемдерден толық босатуды және осы Ереженiң 11 және 14-тармақтарына сәйкес кеден баждарының бiрыңғай ставкаларын белгiлеудi қамтиды.";
үшiншi абзацтағы "Жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзiлетiн тауарлар" деген сөздердiң алдынан "Кедендiк төлемдерден толық босатыла отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi (бұдан әрi - ҚР MKM КК)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының орталық кеден органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзiлетiн" деген сөздердiң алдынан "кедендiк төлемдерден толық босатыла отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтағы "тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қойылған тауарларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн жалпы салмағы қоса есептегенде 200 (eкi жүз) килограмға дейiн болатын тауарларды кедендiк ресiмдеу, олардың құны 10000 (он мың) АҚШ долларынан аспауы шартымен, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес кедендiк баждардың бiрыңғай ставкасы және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданыла отырып, жеңiлдетiлген тәртiппен жүргізiледi. Мұндай тауарларды мәлiмдеу оңайлатылған нысанда жүзеге асырылады.
Акцизделетiн тауарларды және Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасына (бұдан әрi - СЭҚ ТН) сәйкес 01, 2201-2202, 2209, 2401, 2403, 29, 30, 84, 86, 87, 88, 89, 9018-9022, 93, 97 тауар топтары мен айқындамалары бойынша жiктелетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн, құны қоса есептегенде 10000 (он мың) АҚШ долларына дейiнгі тауарларды (акцизделетiн тауарларды және CЭҚ ТН-ға сәйкес 01, 2201-2202, 2209, 2401, 2403, 29, 30, 84, 86, 87, 88, 89, 9018-9022, 93, 97 тауар топтары мен айқындамаларында жiктелетiн тауарларды қоспағанда) мәлiмдеу олардың жалпы салмағы 200 (екi жүз) килограмнан аспауы шартымен Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес тауарлардың транзитi режимiне қойылатын талаптарды сақтап, мәлiмдеудiң оңайлатылған нысаны қолданыла отырып жүргiзiледi.";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес мынадай мазмұндағы 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап 30 күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 21 қазандағы
N 1136 қаулысына
қосымша
Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан
Республикасының кеден шекарасы арқылы
оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен
өткізу ережесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының кеден аумағына жеке тұлғалар
жеңілдетілген тәртіппен әкелетін тауарларға арналған
кеден баждарының бірыңғай ставкалары
! ! Кеден
|