Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметі арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасында атқару хаттамасын жасасуға келiсiм берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi арасында Өтеусiз әскери көмек туралы келiсімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы
АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі мен Түрiк Республикасының Бас штабы,
әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында және 2002 жылғы 14 наурыздағы Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасында Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) сәйкес,
мыналар туралы келiстi:
1-бап
Түрік Республикасының Бас штабы Келісімнің 2-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне АҚШ долларына баламалы жалпы сомасы 1333500000000 (бiр триллион үш жүз отыз миллиард бес жүз миллион) түрiк лирасына мынадай тiзбеге сәйкес материалдар береді:
р/с! Атауы ! Есепке алу ! Саны |
2-бап
1. Осы Атқару хаттамасының шеңберiнде техника мен жабдықтарды Түрiк Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына дейiн жеткiзуге және кедендік ресiмдеуге байланысты барлық шығыстарды түрiк Тарапы өзiне қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында осы Aтқаpy хаттамасының 1-бабында көрсетілген техника мен жабдықтарды кедендік ресiмдеу Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап
Осы Атқару хаттамасы 2002 жылғы 14 наурызда Астана қаласында жасалған Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Атқару хаттамасын iске асыруды Қазақстан Республикасындағы Түрiк Республикасының Елшілігi жанындағы Әскери атташенің аппараты жүзеге асыратын болады.
4-бап
Осы Атқару хаттамасының ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде даулар және келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер жолымен шешетiн болады.
5-бап
Осы Атқару хаттамасына Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Атқару хаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетiн жекелеген өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуі мүмкін.
6-бап
Осы Атқару хаттамасы Тараптардың оның күшіне eнуі үшін қажеттi мемлекетiшiлік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшіне енедi.
2002 жылғы "____"____________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде екi түпнұсқа данада жасалды әрi барлық мәтіндердің күшi бiрдей. Осы Атқару хаттамасының ережелерiн түсiндіруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгiнедi.
Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасының
Қорғаныс министрлігi үшiн Бас штабы үшін