Ескерту. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.28. N 296 Қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
"Білiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн білiм ұйымдарына оқуға түсу кезiнде бекiтiлген мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысынан мынадай қабылдау квотасы белгiленсiн:
1) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға - 30 пайыз;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға - 2 пайыз;
3) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін - 0,5 пайыз;
4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз. <*>
Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.06. N
1276
қаулысымен.