Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1276 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 296 Қаулысымен

       Ескерту. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы  6 желтоқсандағы N 1276 қаулысының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28.  N 296  Қаулысымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кәсіптік орта және жоғарғы білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы N 1188  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 39, 404-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін - 0,5 пайыз;
      4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады