"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Бейбiтшiлiктi және халықтар арасындағы достықты, өзара сенiмдi нығайтуға бағытталған белсендi қызметi үшiн Даму жөнiндегi Ага Хан Ұйымының (ДАХҰ) жетекшiсi Ханзада Ага Ханның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығына ұсынылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі