Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "50185 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің есімін беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 14 желтоқсан N 1316

      "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес және Қарағанды облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "50185 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің есімі берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О присвоении имени Героя Советского Союза Нуркена Абдирова государственному учреждению "Войсковая часть 50185" Министерства обороны Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2002 года N 1316

       В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1996 года N 281 "Об утверждении порядка наименования и переименования организаций, железнодорожных станций, аэропортов, а также физико-географических объектов Республики Казахстан и изменения транскрипции их названий" и с учетом предложений акимата Карагандинской области и Министерства обороны Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Присвоить государственному учреждению "Войсковая часть 50185" Министерства обороны Республики Казахстан имя Героя Советского Союза Нуркена Абдирова.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан