"Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес және Қарағанды облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "50185 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің есімі берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі