Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 649 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 221-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақта "өсiмдiктердi, өсiмдiк тектi өнiмдердi және өзге де карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыруды және сараптама жасауды қамтамасыз ету" деген сөздер "өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында iс-шаралар жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн";
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аса қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитарлық мониторингiн;";
2) тармақшада "карантиндiк зиянкестерге, өсiмдiктердiң ауруларына және арамшөптерге қарсы iс-шаралар жүргiзу" деген сөздер "карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою жөнiндегi iс-шаралар жүргiзу және карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру оның iшiнде фумигациялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-3), 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-3) тiркеуге ұсынылған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайда сапасын анықтау үшiн өндiрiстiк сынақтан өткiзу;
2-4) ауыл шаруашылығы өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық сандары болуын тексеру".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi