Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 649 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 19 желтоқсан N 1325

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 649 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 221-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақта "өсiмдiктердi, өсiмдiк тектi өнiмдердi және өзге де карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыруды және сараптама жасауды қамтамасыз ету" деген сөздер "өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында iс-шаралар жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн";
      4-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) аса қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитарлық мониторингiн;";
      2) тармақшада "карантиндiк зиянкестерге, өсiмдiктердiң ауруларына және арамшөптерге қарсы iс-шаралар жүргiзу" деген сөздер "карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою жөнiндегi iс-шаралар жүргiзу және карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру оның iшiнде фумигациялау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-1) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-3), 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "2-3) тiркеуге ұсынылған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайда сапасын анықтау үшiн өндiрiстiк сынақтан өткiзу;
      2-4) ауыл шаруашылығы өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық сандары болуын тексеру".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады