"2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын , "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысын іске асыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз етілуін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын мемлекеттік субсидиялаудың 2002 жылға арналған ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 наурыздағы N 291
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 72-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын мемлекеттік субсидиялаудың 2002 жылға арналған ережесінде:
12-тармақта "1 қарашадан" деген сөздер "10 желтоқсаннан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі