Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілердiң минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын мемлекеттiк субсидиялаудың 2002 жылға арналған ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 11 наурыз N 291

      "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын , "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысын  iске асыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз етiлуiн қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын мемлекеттiк субсидиялаудың 2002 жылға арналған ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен бiрлесiп, отандық зауыттар өндiрген және олар отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сататын, субсидиялануға тиiстi минералдық тыңайтқыштардың 2002 жылға арналған ассортиментi мен көлемiн айқындасын және бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiмен келiсiм бойынша субсидияланатын минералдық тыңайтқыштардың әр түрi бойынша 1 (бiр) тоннасының 2002 жылға арналған ең жоғары сату бағасын белгiлесiн;
      субсидияланатын минералдық тыңайтқыштардың әр түрi бойынша 1 (бiр) тоннасына 2002 жылға арналған субсидиялар мөлшерiн белгiлесiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  
2002 жылғы 11 наурыздағы      
N 291 қаулысымен         
бекiтiлген         

Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын мемлекеттiк субсидиялаудың 2002 жылға арналған ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Ауылшарминi) 045 "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын субсидиялау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын мемлекеттiк субсидиялаудың жалпы шарттары мен тәртiбiн айқындайды.

      2. Мемлекеттiк субсидия минералдық тыңайтқыштар өндiрушi отандық зауыттардан (бұдан әрi - Зауыттар) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер сатып алатын минералдық тыңайтқыштардың құнын ішiнара өтеуге арналған.

      3. Зауыттар өндiрген және олар отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сататын минералдық тыңайтқыштардың субсидиялануға тиiстi ассортиментi мен көлемiн Ауылшарминi мен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi бiрлесiп айқындайды.

      4. Мемлекеттiк субсидиялар Зауыттарға жоспарланған егiс алқабына енгiзудiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес Ауылшарминi минералдық тыңайтқыштардың түрлерi бойынша әр Зауытқа белгiлейтiн көлем шегiнде және облыстардың бөлiнiсiнде және 2002 жылға арналған республикалық бюджетте отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң минералдық тыңайтқыштарды сатып алуын субсидиялауға көзделген қаражат мөлшерiн ескере отырып, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер нақты сатып алған минералдық тыңайтқыштар үшiн төленедi.
      Ауылшарминiнiң аумақтық басқармасы, Зауыт және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi арасында арзандатылған минералдық 2 тыңайтқыштарды белгiленген көлем шегiнде өндiру, сату және мақсатты пайдалану туралы үш жақты шарт жасалады.

      5. Зауыттар арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Ауылшарминi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiмен келiсiм бойынша белгiленген және 1 (бiр) тоннаға төленетiн субсидия мөлшерiне азайтылған бағамен дербес немесе Зауыттар уәкiлеттiк берген облыстардағы минералдық тыңайтқыштарды сату жөнiндегi өкiлдерi (бұдан әрi - Өкiл) арқылы сатады.
      1 (бiр) тоннаға бөлiнетiн субсидия мөлшерiн Ауылшарминi субсидияланатын минералдық тыңайтқыштардың әр түрi бойынша есептейдi және минералдық тыңайтқыштардың бiр тоннасының орташа құнының 40 пайызға дейiнгi шегiнде бекiтедi.
      Өкiлдiң минералдық тыңайтқыштарды отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сату жөнiнде көрсеткен қызметi үшiн сыйақы төлеудi Зауыт өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
      Минералдық тыңайтқыштарды тасымалдаумен байланысты шығыстарды төлеу ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      6. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң минералдық тыңайтқыштарды Зауыттан да, Өкiлден де сатып алуына құқығы бар.

      7. Зауыттар немесе Өкiлдер арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатуды облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы департаментi (басқармасы) айқындаған, Ауылшарминiнiң аумақтық басқармаларымен келiсiлген және Ауылшарминi бекiткен тiзбе бойынша белгiленген көлем шегiнде жүзеге асырады.

2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзбесiн айқындау және субсидияларды төлеу тәртiбi

      8. Арзандатылған минералдық тыңайтқыштар өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн қызметi жердi пайдаланумен байланысты отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылады.

      9. Арзандатылған минералдық тыңайтқыштар сатып алғысы келетiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы департаментiне (басқармасына) мынадай құжаттарды тапсырады:
      Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша өтiнiм;
      жердi пайдалану кесiмiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмесi.

      10. Арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды сатып алуға құқығы бар отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң түпкiлiктi тiзбесiн облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы департаментi (басқармасы) Ауылшарминiнiң аумақтық басқармасымен келiседi және Ауылшарминiне бередi.
      Ауылшарминi көрсетiлген тiзбенi қарайды, бекiтедi әрi оны Зауыттарға жiбередi.

      11. Зауыт тiкелей немесе Өкiл оның сенiмхаты бойынша Ауылшарминiнiң аумақтық басқармасымен және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлермен арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды жеткiзуге (тиеп жөнелтуге) шарт жасасады, онда, соның iшiнде, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге пайдалану шарттары ескерiледi.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды сатып алудан бас тартқан жағдайда, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң бекiтiлген тiзбесi мен облыс бойынша белгiленген көлемге өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
      Арзандатылған минералдық тыңайтқыштардың облыстар бойынша белгiленген көлемiне өзгерiстердi Ауылшарминi енгiзедi. Өзгертiлген көлемдердiң негiзiнде ауыл шаруашылығы департаментi (басқармасы) Ауылшарминiнiң аумақтық басқармасымен келiсiм бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тізбесiне түзетулер енгiзедi.
      Минералдық тыңайтқыштарды алу фактiсi бойынша Зауыттың (Өкiлдiң), ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң және Ауылшарминi аумақтық басқармасының арасында Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша субсидияланған минералдық тыңайтқыштарды жеткiзу туралы үш жақты кесiмге қол қойылады.

      12. Субсидия алу үшiн Зауыт ай сайын келесi айдың 15-і күнiне, бiрақ 2002 жылғы 10 желтоқсаннан кешiктiрмей Ауылшарминiне мынадай құжаттарды тапсырады: <*>
      минералдық тыңайтқыштарды сатып алу-сату шартының түпнұсқасы;
      субсидияланған минералдық тыңайтқыштарды жеткiзу туралы кесiм.
      Ауылшарминi ұсынылған мәлiметтердi тексередi және республикалық бюджеттен қаражаттың түсуiне қарай белгiленген тәртiппен күнтiзбелiк жылдың аяғына дейiн Зауыттың шотына ақша аударады.
      ЕСКЕРТУ.12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 12 желтоқсандағы N 1339 қаулысымен.

      13. Ауылшарминi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына мынадай құжаттарды тапсырады:
      Ауылшарминiнiң Зауыттың шотына қаражат аударуға арналған өтiнiмi;
      Ауылшарминiнiң аумақтық басқармасы, Зауыт (Өкiл) және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi арасында арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды белгiленген көлем шегiнде өндiру, сату және мақсатты пайдалану туралы үш жақты шарттар;
      субсидияланған минералдық тыңайтқыштарды жеткiзу туралы кесiмдер.

      14. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнiң алған арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды мақсатты пайдалануы Ауылшарминi бекiткен нысандағы кесiммен расталады.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер алған арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды мақсатты пайдаланған актiлерi 2002 жылғы 15 желтоқсаннан кешiктiрiлмей Ауылшарминiне тапсырылады.
      Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ауылшарминiнiң аумақтық басқармасы, Зауыт (Өкiл) және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi арасында арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды өндiру, сату және мақсатты пайдалану туралы үш жақты шарт жасасу кезiнде олар алған арзандатылған минералдық тыңайтқыштарды мақсаттан тыс пайдаланған жағдайда республикалық бюджетке субсидияның толық сомасын қайтаруды ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнi мiндеттеудi енгiзудi қамтамасыз етсiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады