Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшiлiгiн әкiмшiлiк орналастыру үшiн Варшава қаласы, Крулевэй Марыщиеньки көшесi, 14, (бұдан әрi - Ғимарат) мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратты Қазақстан Республикасының меншiгiне сатып алу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiн орналастыру үшiн шет елдерде жылжымайтын мүлiк сатып алу" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Ғимаратты сатып алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi төленетiн күнге белгiлеген бағам бойынша 1100000 (бip миллион бiр жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі