"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына 2002 жылғы 22 қазандағы N 02/103 келісім-шарт бойынша қосымшаға сәйкес номенклатурада және санда Өзбекстан Республикасының Геология және минералдық ресурстар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы) "Искра" Новосибирск механикалық зауыты" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны (Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласы) беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттiгi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1354 қаулысына қосымша
2002 жылғы 22 қазандағы N 02/103 келісім-шарт бойынша
Өзбекстан Республикасының Геология және минералдық ресурстар
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi үшін (Өзбекстан Республикасы,
Ташкент қаласы) "Искра" Новосибирск механикалық зауыты"
(Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласы) федералдық
мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорны беретiн жарылғыш
материалдардың номенклатурасы мен саны
------------------------------------------------------------------
Р/с! Жарылғыш ! СЭҚ ТН ! Өлшем ! Саны ! Бірлік ! Құны АҚШ
N !материалдың ! коды !бірлігі! !бағасы АҚШ! долларымен
! атауы ! ! ! !долларымен!
-------------------------------------------------------------------
1 КД8МА 360300900 мың 30,0 117,0 3510,0
тұтандырғыш дана
капсюлі,
МЕМСТ 6254-85
2 ЭТ-8Ж электр 360300900 мың 50,0 370,0 18500,0
тұтандырғышы дана
МЕМСТ 9089-76
3 ЭД-КЗ-ПКМ 360300900 мың 50,0 430,0 21500,0
электр дана
тұтандырғышы,
ЖЖСЖ
773.951.303
4 ЭТ-ЗН электр 360300900 мың 100,0 500,0 50000,0
тұтандырғышы, дана
ЖЖСЖ
773.951.303ТУ
Жиыны: 93510,0
------------------------------------------------------------------
Жөнелту пункті: Пашино станциясы, Батыс Сібір темір жолы (Ресей Федерациясы).
Баратын пункті: Ташкент тауар станциясы, Өзбекстан темір жолы (Өзбекстан Республикасы).
Шекаралық өту пункттері: Локоть станциясы - Шеңгелді станциясы.