Қазақстан Pеспубликасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1999 жылғы 24 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалған Ақпараттандыру саласындағы ақпараттық ресурстар мен жүйелердi қалыптастырудағы ынтымақтастық, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мемлекетаралық бағдарламаларын iске асыру туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ақпараттандыру саласындағы ақпараттық pecуpстар мен жүйелердi қалыптастырудағы ынтымақтастық, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң мемлекетаралық бағдарламаларын iске асыру туралы
КЕЛIСIM
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесi Келiсiмнің қатысушы мемлекеттерi үкіметтерiнiң тапсырмасы бойынша
- тең құқықты және өзара тиiмдi негiзде экономикалық кiрiгудiң ақпараттық базасын құруға өз үлесін қосуға ұмтыла отырып;
- әлуетті пайдаланушылар үшiн ақпаратқа қол жеткiзудi қамтамасыз ететін технологиялық жағдайларды, ақпараттық және бағдарламалық құралдарды, телекоммунациялық жүйелердi құрудың қажеттілігiне негізге ала отырып;
- жоғары тиiмділіктi қазiргi құралдар мен ақпараттандыру жүйелерiн кеңiнен пайдалану экономикалық және мәдени дамудың маңызды факторы болып табылатынына кәмiл сене отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде келтiрiлетiн терминдер мынадай мағыналарға ие:
мемлекеттiк тапсырыс берушi - осы Келiсiмге сәйкес қабылданған мiндеттемелерiн орындауға жауапты мемлекетаралық бағдарламаға қатысушы мемлекеттің атқарушы өкiметiнiң органы (немесе өзге өкілеттi ұйым);
ақпарат - тiркеу мен таныстыру нысанына қарамастан, тұлғалар, заттар, фактілеp, оқиғалар, құбылыстар және үдерістер туралы мәлiметтер;
ақпараттандыру - Келiсiмге қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңдарымен қорғалатын, мемлекеттiк, коммерциялық және басқа да құпиялардан тұрмайтын, ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негiзiнде азаматтардың, мемлекеттiк өкiмет органдарының, жергiліктi өзiн-өзi басқару органдарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң ақпараттық қажеттіліктерiн қанағаттандыру мен құқықтарын iске асыру үшiн оңтайлы жағдайлар жасаудың ұйымдық әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесi;
ақпараттық жүйе - ұйымдық тәртіпке келтiрiлген құжаттар (құжаттар ауқымы) және ақпараттық технологиялар жиынтығы, соның iшiнде ақпараттық процестердi iске асыратын есептеу техникасы мен байланыс құралдарын пайдалану;
ақпараттық процестер - ақпараттарды жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, iздеу және тарату процестерi;
ақпараттық ресурстар - пайдалану үшiн қолайлы және жарамды нысанда дайындалған және жүйеленген ақпараттық жүйелердегi (кiтапханалардағы, мұрағаттардағы, қорлардағы, деректер банктерiндегі, басқа да ақпарат жүйелерiндегi) құжаттар мен құжаттар ауқымы;
үйлестіруші - мемлекетаралық бағдарламаларды орындау процесiнде өзара келiсу бойынша олардың жедел өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ететін, өзара консультациялар мен мемлекеттік тапсырыс берушілер арасында ақпарат алмасуды, мемлекетаралық бағдарламаларды жүзеге асырудың жекелеген кезеңдеріне жедел жоспарларды келісуді, ынтымақтастықты жетілдiру бойынша ұсыныстарды әзірлеуді, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың аралық және түпкілікті нәтижелерiн пайдалануды ұйымдастыратын, осы бағдарламаның iске асуы жөнiнде мемлекетаралық органдарға келісілген ақпараттарды дайындайтын және ұсынатын мемлекеттік тапсырыс берушілердiң бiрi;
Мемлекетаралық бағдарламаның үйлестiрушiсi ретiнде, сондай-ақ халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары мен ғылыми ұйымдар, ұлтаралық қаржы-өнеркәсiптiк топтар мен мемлекетаралық органдар көрiнуi мүмкiн. Егер мемлекетаралық бағдарлама мемлекетаралық бағдарламаға қатысушы тиiстi мемлекеті қаржыландыратын жекелеген жобалардан тұратын болса, онда осы жобалардың үйлестiрушiсi рөлін осы жобалардың ұлттық мемлекеттік тапсырыс берушілерi орындайды;
мемлекетаралық бағдарламалар - қызметтің келiсiлген салаларында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң ортақ күш бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын, түпкілiктi нәтижелер бойынша өзара байланысты бағдарламалар;
стандарттау - нақты қолданыстағы немесе әлеуеттi мiндеттерге қатысты жалпыға бiрдей және көп мәрте пайдалану үшiн ережелер тағайындау арқылы нақты салада тәртіпке келтiрудiң оңтайлы дәрежесiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет;
сертификаттау - техникалық және бағдарламалық құралдардың сәйкестiгiн растау тәртiбi, ол арқылы дайындаушы (сатушы, орындаушы) мен тұтынушыға (сатып алушы) тәуелсiз ұйым жазбаша үлгіде белгiленген талаптарға өнiмнiң сәйкестiгiн белгілейдi;
ЕДИ (Electronic Data Interchange) - ағылшын атауының аббревиатурасы (ЕDI) - деректердің жалпы жұрт қабылдаған жiктеуіштер мен сөздiктерiн пайдалану арқылы келiсiлген жүйенің (стандарттың) iскерлiк ақпаратын берудi қамтамасыз ететiн ақпараттық жүйе;
ЕДИФАКТ (Electronic Data Interchange for Adminisfration Соmmегсе аnd Transport) - ағылшын атауының аббревиатурасы ЕDIҒАСТ - басқару, сауда және көлiк үшiн қолданылатын ЕДИ құжатының БҰҰ-дың халықаралық стандарты.
Осы Келiсiм мыналарға бағытталған ақпараттандыру саласындағы Тараптардың өзара қатынастарын реттейдi:
- ақпараттандыру саласында ынтымақтастықты дамыту және өзара тиiмді мемлекетаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
- мемлекетаралық бағдарламаларды құру және iске асыру;
- осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттерiнiң ақпараттық ресурстарын, сондай-ақ, осы Келiсiмді iске асыру нәтижесiнде солар apқылы құрылған жалпы ақпараттық ресурстарды құру, пайдалану, қорғау;
- ақпараттық технологияларды және олармен қамтамасыз ететiн құралдарды жасау мен пайдалану;
- ақпараттар процестерге қатысушы Тараптардың ақпараттары мен құқықтарын қорғау.
Әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық өзара iс-қимылды тиiмдi және сапалы ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк тудыратын мемлекетаралық бағдарламаларды iске асыру үшін жағдайлар жасау бойынша Тараптар қажеттi шараларды қабылдайды.
Тараптар мемлекетаралық бағдарламаларды әзiрлеу, келiстiру және iске асыру жөнiнде ынтымақтастықты жүзеге асырады. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламаларын жасау жөнiндегi басым бағыттардың базалық тiзiмi аталмыш Келісiмнің ажырамас бөлiгi болып табылатын 1-қосымшасында келтiрілген.
Ақпараттандыру, ақпараттық рынокты дамыту жөнiндегi бiрлескен iс-шаралар жүргiзу саласындағы ынтымақтастық Тараптар мүдделерінің тең құқықтығы, өзара тиімдiлiгi және есепке алу негiзiнде жүзеге асырылады.
Тараптар осы Келiсiмнің ажырамас бөлiгi болып табылатын (2-қосымша) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламаларын құру мен iске асыру тәртiбi негiзiнде мемлекетаралық бағдарламаларды iске асыруда ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Тараптар ақпараттандыру саласында мынадай негiзгi бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытады:
- мемлекетаралық бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру;
- ақпараттық ресурстар рыногын, қызметтің келісілген салалары бойынша қызмет көрсетулердi, ақпараттық жүйелердi, технологияларды, олармен қамтамасыз ету құралдарын дамыту;
- ортақ пайдаланылатын ақпараттық ресурстар құру;
- ақпараттық технологиялар дамуының қазiргi әлемдiк үрдiстерiн ескере отырып, ақпараттандыру саласында өзара тиімдi ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты iске асыру;
- ақпараттық технологияларды жасау;
- нарықтық қатынас жағдайларында осы Келiсiмнiң әрбiр қатысушы мемлекетiнiң ұлттық заңдарын ескере отырып, ақпараттандырудың техникалық құралдарының, ұлттық өндірушілерін қорғау;
- ақпараттық қызмет көрсетулер үшiн өзара есеп айырысу мен төлемдердiң механизмдерi мен жүйелерiн жасау;
- ұлттық тілдерде жүйеге түсетiн ақпараттық ауқымдардың автоматтандырылған ілеспе аудармасының бағдарламаларын құру бойынша жұмыстар жүргiзу;
- БҰҰ ЕДИФАКТ халықаралық стандарттарының негiзiнде хабарлармен электрондық алмасу жүйелерiн қалыптастыру;
- қызметтің келісілген салалары бойынша ақпараттық ресурстарды қорғау;
- ақпараттандырудың техникалық және бағдарламалық құралдарын стандарттау;
- ақпараттандырудың техникалық және бағдарламалық құралдарын сертификаттау;
- ақпараттандыру саласында нормативтi құқықтық реттеудi үйлестiру;
- ақпараттың жоғалуы, ұрлануы, бұрмалануы, жылыстауы, баямалануы және оқшаулануы салаларынан меншiк иелерiне, ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға, жүйелер мен технологияларға қаржы зиянын өтеу мақсаттарында ақпараттық салада сақтандыру рыногын құру және дамыту;
- мемлекетаралық бағдарламалар жобаларының әзiрленуi мен iске асыруында инвестициялар тарту және ынталандыру механизмдерiн пайдалану;
- ақпарат индустриясының маркетингi;
- ақпараттандыру саласында бiлікті мамандар даярлау.
Тараптар ынтымақтастықты мынадай нысандарда дамытады:
- ұлттық және халықаралық ақпараттық ресурстарға қолайлы нысанда, арзан бағада және кепiлдiктi сапада рұқсат алуға бағытталған ақпарат берудiң ұлттық тораптарын құру мен дамыту бойынша техникалық өзара iс-қимылды жүзеге асыру және ақпараттық қызметтер көрсетудi ұсыну;
- деректер беру және ақпараттық ресурстардың ұлттық тораптарын қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесу;
- техникалық құжаттамамен және ғылыми-техникалық ақпаратпен, соның iшiнде ақпараттандыру саласында осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң саясатын қалыптастыру мен iске асырудағы құжаттармен өзара тиiмдi алмасу;
- осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттерiнiң мамандарын тарту арқылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелiк-конструкторлық (құрастырушылық) салада өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
- жаңа ақпараттық технологияларды игеруде жұмыс жүргiзетiн бiрлескен ұйымдар, бiрлестiктер, кәсiпорындар мен фирмалар құруға жәрдемдесу;
- осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң ақпараттық қауіпсiздiк жүйесiн жетілдiру бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
- ақпараттандыру құралдары мен жүйелерiн және есептеу техникасын өзара сатып алуды кеңейтуге бағытталған нақты шараларды әзiрлеу және iске асыру.
Мемлекетаралық бағдарламаларды дайындау және iске асыру бойынша Тараптардың ынтымақтастығы бағдарлама бойынша олардың жүзеге асырылады iс-қимылдарының шарттары ескерілген Келiсімдi жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Ақпараттандыру саласындағы өзара iс-қимыл жөнiнде келісiм-шарттар жасасу кезiнде осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң жүргізуші субъектілері өз мемлекеттерінің ұлттық заңдарын басшылыққа алады.
Ашық ақпараттан басқа, бiр Тараптың екiншi Тараптан алған кез келген ақпарат, материалдар, бағдарламалық және техникалық құралдар, осыларды берушi Тараптың алдын-ала жазбаша келiсiмiнсiз, eшкімге де берiлуi мүмкiн емес.
Осы ереженi бұзған Тарап, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жауапты болады.
Өздерi қатысушысы болып табылатын Тараптар, олардың ұлттық заңдарына, сондай-ақ Халықаралық келісiм-шарттардың ережелерiне сәйкес осы жұмыстардың барысында бiр Тараптың екiншi Тарапқа ұсынатын, ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық бағдарламаларын iске асыру кезiнде алынған бiрлескен жұмыстардың нәтижесiндегі санаткерлік меншіктің тиiмдi қорғалуын қамтамасыз етеді.
Қандай да бiр Тараптың меншiгi болып табылатын ақпараттық ресурстарға қол жеткiзу екiншi Тарап тек ақпараттық ресурстарды меншiктенетiн Тараптың рұқсатымен ғана жүзеге асырады. Тараптар ескертілген ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудің қағидаттары мен тетiктерiн бiрлесіп әзiрлейдi.
Тараптар халықаралық бағдарламаларды қаржыландыру мәселелерінің шешiмiн табуға жәрдемдеседi.
Мемлекетаралық бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру жөніндегi жұмыстарды қаржыландыру Тараптар өздерiнің қаржы мүмкіндіктерi мен мүдделерiн ескере отырып жүзеге асырады.
Осы Келiсiмнiң орындалуын үйлестiру үшiн жауапты құзыреттi органдар - ақпараттық pecуpcтap мен ақпараттық жүйелердi дамыту мәселелерiн үйлестiретiн осы Келiсімге қатысушы мемлекеттердiң ұлттық органдары болып табылады.
Тараптар осы бағдарламалардың жобаларын әзiрлеу мен олардың iске асуына қатысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн бiрлескен ғылыми-зерттеу және тәжiрибелік -конструкторлық жұмыстарды орындау, ақпараттық құралдар мен жүйелердi өзара сатып алу және ғылыми-техникалық құжаттамалармен алмасу кезiнде ең қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.
Осы Келiсiм өздерi қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiм-шарттар бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерiн қозғамайды.
Тараптаp ортақ Келiсiмi арқылы осы Келiсiмге өзгерiстер мен қосымшалар енгiзiлуi мүмкiн, олар хаттамалармен рәсiмделедi.
Хаттамалар оларды барлық Тараптар, Келісiмнің 22-бабында белгілендей Келісiмнің сол ретiмен келiскеннен кейiн күніне енеді.
Бiр Тарап арқылы екiншi Тарапқа (Тараптарға) берілетiн бүкiл ақпарат орыс тіліне аударылады және олардың өзара келiсiмi бойынша орыс тiлiндегi жолма-жол аудармасы арқылы ақпарат Тараптың (Тараптардың) мемлекеттік тіліне аударылады.
Осы Келiсiмнің қолданылуына немесе түсіндірілуіне байланысты даулы мәселелер осы Келiсiмге мүдделі қатысушы мемлекеттердiң құзыреттi органдары арасында жүргiзiлетiн консультациялар мен келiссөздер арқылы шешiледi.
Тараптар осы Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн алты айдан соң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару Комитетiн ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi дамыту мәселелерiн үйлестiруге жауапты органдар жөнiнде хабардар етедi.
Тараптар, сондай-ақ, өзара келiсiлген мемлекетаралық бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi үйлестiрушіні белгiлейдi.
Осы Келiсiм өзiнiң мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн басқа мемлекеттердiң қосылуына ашық, ол үшiн барлық Тараптардың келiсуiмен осындай қосылу жөнiнде депозитарийге құжаттарды тапсыру қажет. Қосылушы мемлекет үшін осы Келiсiм осындай қосылуға келіскенi жөнiнде депозитарий соңғы хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм қол қоюшы Тараптар арқылы Келісiмнің күшiне eнуіне қажет мемлекетішiлік рәсімдердің орындалуы жөнiнде депозиторийге үшiншi хабарламаны сақтауға тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
Қажеттi рәсiмдердi кейінірек орындаған Тараптар үшін Келiсiм депозиторийге тиiстi құжаттарды сақтауға тапсырған күннен бастап енедi.
Осы Келiсiм күшінe енген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Осы мерзiм аяқталған бойда, егер Тараптар ортақ келісу арқылы оның әрекетiнің тоқтатылуы жөнiнде шешім қабылдамаса, онда Келiсiм өздiгiнен әр жолы бес жылдық кезеңге ұзaртылып отырады.
Тараптың әрқайсысы шығу күнiне дейiн алты айдан кешіктiрмей бұл жөнiнде депозиторийге жазбаша хабарлама жолдап, осы Келiсiм қолданған уақыт аралығында туындаған қаржылық және басқа да мiндеттемелердi алдын ала реттеп қойып, осы Келiсiмнен шыға алады.
Мәскеу қаласында 1999 жылғы 24 желтоқсанда бiр түпнұсқа дана болып орыс тілінде жасалынды. Түпнұсқа дана осы Келісiмге қол қойған әрбiр Тарапқа Келiсiмнiң расталған көшiрмесiн жiберетiндi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару Комитетiнде сақтаулы.
ТМД Экономикалық кеңесiнiң мүшелерi:
Әзербайжан Республикасынан
Молдова Республикасынан
Армения Pecпубликасынан
Ресей Федерациясынан
Беларусь Республикасынан
Тәжiкстан Pecпубликасынан
Грузиядан
Қазақстан Республикасынан
Өзбекстан Республикасынан
Қырғыз Республикасынан
Украинадан
Ақпараттандыру саласындағы
ақпараттық ресурстар мен
жүйелердi қалыптастыру,
Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы
мемлекеттердің мемлекетаралық
бағдарламаларын iске асыру
туралы келiсiмге
1-қосымша
1999 жылғы 24 желтоқсан
ТМД қатысушы мемлекеттерді ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламаларын құру бойынша басым бағыттардың базалық тізбесі
(экономикалық кірігудің ақпараттық құрамдас бөлігі)
--------------------------------------------------------------------
N| Әзірленетін | Орындау. | Күтілетін нәтижелер |құжаттар.
р|бағдарламалар.| шылар | |ды ұсыну
с|дың атауы | | |мерзімі
--------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5
--------------------------------------------------------------------
1. Еркін сауда ТМД Атқару Мемлекеттерде ақпарат 2000-2002
аймағын ақпа. комитеті, алмасудың халықаралық жж.
ратпен ТМД Статко. стандарттарына (ЭДИФАКТ)
қамтамасыз митеті, КҚ негізделетін электрондық
ету БК, СЭВ БК, сауданың ұлттық орталық.
БАД және тарын құру ұйғарылуда.
Достастықтың Мұндай орталықтарды
басқа да құру және оларды мемле.
мүдделі кетаралық желіге бірік.
органдары тіру тұтынушыларды және
өнімдер мен қызмет
көрсетулерді өндіруші.
лерді ақпараттық ресурс.
тармен қамтамасыз етуге,
Достастық мемлекеттерін.
де рынок инфрақұрылымы.
ның дамуын елеулі
ынталандыруға мүмкіндік
береді.
Достастық мемлекеттері.
нің салық және кедендік
қызметтері үшін ұлттық
заңдарға сәйкес барлық
буындар мен қызметтер.
дің жұмыс істеуін
бақылауды қамтамасыз
ететін және табыстарды
жасыру мен басқа да
теріс пайдалануларды
болдырмайтын бірікті.
рілген ақпараттық
жүйелер құрылатын
болады. Құқықтық ақпа.
раттың, кедендік ста.
тистиканың, биржалық
ақпарат пен дүниежү.
зілік баға бойынша
ақпараттың ақпараттық
жүйелері мен мәліметтер
базаларын, өнім жеткі.
зушілері мен мәліметтер
тұтынушыларының жікте.
гіштерін құру ұйғарылады.
Мыналарды:
- қазiргi төлем құрал.
дарын қолдануды қамта.
масыз ететін банкаралық
есеп айырысу жүйелерін;
- халықаралық стандарт.
таp бойынша банкаралық
есеп айырысу үшiн тиiсті
ақпараттық инфрақұры.
лымдарды;
- халықаралық туризмді
қолдау үшiн ақпараттық
жүйелерді құру
көзделеді.
2. Электрондық ТМД Атқару ЭДИФАКТ БҰҰ ақпараттық 2000-2001
құжаттанудың комитеті, хабарлар стандарттары жж.
халықаралық ҮКК, ТМД басқару салаларының,
стандарттары ТКК, СЭВ БК, материалдық өндірістің,
негiзінде КС ТМД және сауда операцияларының
ТМД қатысушы Достастықтың жақындасуын, ресурстар
мемлекеттер. басқа да мен тауарлардың, ғылыми
дің еркiн мүдделі зерттеулер және дүние
сауда айма. органдары жүзінің барлық мемлекет.
ғының құжат терінің басқа да қызмет
айналымын түрлерінің ауысуын
стандарттау қамтамасыз етеді. Бұған
және бiріз. дүниежүзілік ақпараттық
дендiру жүйелерде айналыста
болатын және осылайша,
барлығы үшін түсiнiктi
iскерлiк қатынас тiлiн
жасайтын құжаттардың
бiрыңғай нысандарының
есебiнен қол жеткiзiледі.
Сонымен бiрге, хабарла.
малар беру ондаған eceгe
жеделдейді, құжаттар мен
мүмкiн болатын қателер
саны азаяды, қорыта
келгенде бұл ақпараттық
жүйелерді құру мен
пайдалану кезінде аса ірі
үнем жасауға әкеледі.
3. Мына салалар. ТМД Атқару ТМД ақпарат кеңістігін 2000-2002
дағы ынтымақ. комитеті, қалыптастыру тұжырымдама. жж.
тастықты БАД, МАК, сын іске асыру бойынша
қамтамасыз ҮКК, МАК, құжаттар мен шараларды
ету үшiн КҚ БК, СЭВ дайындаудың перспективті
ақпараттық- БК, ТМД ТКК, жоспарына сәйкес Достас.
телекоммуни. Ресей Байла. тық мемлекеттерінде
кациялық ныс министр. мүдделі ұйымдармен және
жүйелерді лігі, ҮБА ФА кәсіпорындармен өзара
құру: және Достас. іс-қимыл жасайтын және
- аграрлық- тықтың басқа оларды өнім өткізу
өнер-кәсіп. да мүдделі рыногы, баға саясаты
тік; органдары бойынша ақпаратпен
- отын-энер. қамтамасыз ететін ақпарат.
гетикалық; тық-талдамалық орталық.
- өнеркәсiп. тар, сондай-ақ мемлекет.
тiк және аралық және халықаралық
инвестиция. еңбек бөлінісін есепке
лық саясат; алатын тауарлар мен
- көлiк және қызмет көрсетулердің
байланыс; жаппай өндірісі үшін
- қаржы және ұлттық және халықаралық
банк; стандарттар мен сертифи.
- ғылыми-тех. каттарды құру ұйғарылады.
нологиялық; Бағдарлама шеңберінде
- радиохабар қолданыстағылар әрі қарай
және теледидар. дамып және жаңалары құры.
латын, болады олар:
- көлiк қызметі,
электробайланыс және
почта қызметтері, теледидар
және радиохабар рыноктарын.
дағы ақпараттық
технологиялар;
- аграрлық-өнеркәсіптік
кешендер үшін ақпаратпен
қамтамасыз ету жүйелері;
- өнеркәсiп және инвести.
циялар жөніндегi деректер
базалары;
- сұраныс пен ұсынысты
зерделеудiң ақпараттық-
технологиялары;
- көліктің барлық түрлерi
үшiн ақпараттық-есептеу
жерлерi;
- сыртқы сауда жүктерін
тасымалдау бойынша
көлiктiк-логистикалық
жүйелер.
4. Табиғатты ТМД Атқару Барлық деректер мен 2000-2002
пайдалану мен комитеті, ақпарат жиынтығын жинау, жж.
қоршаған ор. МЭК және жинақтау, талдау мен
таны қорғау, Достастық. тарату үшін және әлеу.
сондай-ақ тың басқа меттік-экономикалық,
сейсмология. да мүдделі гидрометеорологиялық,
лық монито. органдары экологиялық, сейсмикалық
ринг, төтенше және Достастық мемлекеттері
оқиғалардың халықтарының қалыпты және
алдын-алу төтенше жағдайларда
және жою қауіпсіздік кепілдігін
салаларында қамтамасыз ету жөніндегі
ынтымақтас. басқа да проблемаларды
тықты қам. шешу үшін қолдағы барды
тамасыз дамыту және жаңа көп
ету мақса. мақсатты ақпараттық-тех.
тында нологиялық база құру
ақпараттық- ұйғарылады (бөлінген
телекоммуни. тұрақты көшпелі ақпарат.
кациялық тық-өлшеуіш кешендері,
жүйелер құру мониторингтер, ұлттық
және мемлекетаралық
телекоммуникациялық
жүйелер).
5. Әлеуметтiк- ТМД Атқару Әлеуметтік салада 2000-2002
еңбек сала. комитеті, Достастық мемлекеттерінің жж.
сында, ТМД қатысушы сақтандырылған тұлғаларын
құқықтық мемлекеттері жеке (дербестендірілген)
ақпарат халықтарының есепке aлу бойынша корпо.
алмасу, Еңбек, көші- ративті ақпараттық жүйе.
денсаулық қон және лер құрылатын, сондай-ақ
сақтау, әлеуметтік ЭДИФАКТ халықаралық
бiлiм, қорғау стандарттарының негізінде
ғылым және жөніндегі зейнетақы тағайындау үшін
мәдениет консульта. деректермен жедел мемле.
салаларында тивтік кетаралық алмасу реттеле.
ынтымақтас. кеңесі мен тін болады.
тықты қамта. Достастықтың Жұмыспен қамту, көші-қон,
масыз ету басқа да әлеуметтік қорғау, халық
бойынша мүдделі еңбегін қорғау мен жағдай.
келiсiлген органдары лар және әлеуметтік-еңбек
ақпараттық- қатынастары саласындағы
телекоммуни. нормативтік құқықтық
кациялық құжаттар жөніндегі дерек.
жүйелер тер банкін қоса қамтитын
құру ТМД елдерінің ортақ
еңбек рыногының бiрыңғай
ақпараттық жүйесін құру
көзделуде.
ТМД қатысушы мемлекетте.
рін құқықтық ақпарат
алмасумен, алыстан бiлім
алумен, оқу құралдарымен
тең құқықта және өзара
тиімді алмасумен қамтама.
сыз ету үшiн келiсiлген
ақпараттық-телекоммуника.
циялық жүйелер, сондай-ақ
халықаралық бiлiм беру
жүйелеріне қол жеткізуді
қамтамасыз ететiн
телекоммуникациялық
жүйелер, электронды
оқулықтарды, анықтамалық.
тарды, оқу құралдарын
дайындау мен қолдануға
арналған жүйелер дами
бередi.
Денсаулық сақтау саласын.
да барлық санаттар және
профильдер бойынша меди.
циналық мекемелердi
кешенді ақпараттандыру
жөніндегі автоматтан.
дырылған ақпараттық
жүйелер, қашықтық диагнос.
тика мен кеңес бepудің
қазiргi технологиялары,
аурулар мен эпидемиялардың
таралуы туралы жедел
ақпарат алмасудың түрлi
нозологиялары бойынша
тақырыптық дерекқорларын
құру дами береді және
қолданылатын болады.
Мәдениет саласында ұлттық
және халықаралық электрон.
дық мұражайлар мен галерея.
лар және Достастық мемле.
кеттерінің ұлттық мәдениет.
терi қазыналарының басқа
да электрондық болжамдарын
құру жөнiнде ақпараттық
жүйелердi дамыту көзделiп
отыр.
Достастық елдерінің өз
ресурстарын бiрлесіп қа.
лыптастыру мен пайдалану
бойынша ақпараттық кiтап.
ханалық желiлерінің өзара
iс-қимылдарын кеңейту,
ұлттық және халықаралық
электронды мұражайлар мен
галереяларды құру саласын.
дағы ынтымақтастықты, ны.
ғайту, сондай-ақ мәдениет
және өнер жөніндегi деректер.
дің бiрыңғай банктерін
құру ұйғарылып отыр.
6. Нормативтік- ТМД Атқару Сақтандыру бағдарламала. 1999-2002
әдістемелік комитеті, рын іске асыру Достастық жж.
база құру БАД, Ресей мемлекеттерінің сақтандыру
және ТМД Байланыс рыногының дамуын қамтама.
қатысушы министрлігі сыз етуге және ақпараттық
мемлекеттерде және жүйелердің меншік иелері
ақпараттық Достастықтың мен пайдаланушыларының
тәуекелдердi басқа да бұзылған мүліктік мүдделе.
сақтандыру мүдделі рін қалпына келтіру
жүйесiн органдары кепілдігін қамтамасыз
ендіруге етуге мүмкіндік береді.
бағытталған
шараларды
жүргізу
7. Достастықтың ТМД мүдделі ТМД АААЖ жетілдіру мен 2000-2003
(қатысушы қатысушы дамытуды жүзеге асыру: жж.
мемлекеттері мемлекеттері, - Достастық мемлекеттері.
арасында ТМД Атқару нің мемлекеттік үкімет ор.
ақпаратпен комитеті, гандарының өз және ТМД
алмасудың ТМД қатысушы жарғылық органдарының
автоматтан. мемлекетте. араларында, соның ішінде
дырылған рінің еркін сауда аймағын қалып.
жүйесiн TМД Парламент. тастыру процесінде де,
АААЖ) және аралық ақпаратпен алмасуды ұйым.
оның шағын Ассамблеясы, дастыру үшін корпорациялық
жүйелерін ТМД қатысушы Internet желісін құру;
жетілдіру мемлекетте. - Достастықтың халықара.
мен дамыту рінің Шекара лық ақпараттық қорларын
әскерлерi ұлғайту (тиiстi мемлекет.
қол-басшыла. аралық келісімдерді
рының кеңесі, қабылдау шамасына қарай)
ТМД қатысушы және осы ақпаратқа ТМД
мемлекетте. АААЖ абоненттерінің
рінің Ішкі қолайлы рұқсат етілген
істер енуін қамтамасыз етіп,
министрлік. олардың біріккен мемле.
терінің кетаралық ресурстарға
кеңесі, ҮБА кірігуі;
ФА және Дос. - ТМД қатысушы мемлекет.
тастықтың тері шекаралық әскерлері.
басқа да нің арасында ақпаратпен
мүдделі алмасудың шағын жүйелерін
органдары құру (ТМД ШӘ АААЖ);
- ТМД АААЖ бірыңғай теле.
коммуникациялық негізі
және шифрленген құжаттық
байланыс жүйесі болып
табылатын "АТЛАС-ТМД"
деректер берудiң мульти.
хаттамалық (Х.25, ІР,
FR) желiсiн құру.
- ТВ-Информды телекоммуни.
кациялық орта ретінде
пайдалануды жалғастыру;
- ТМД мемлекеттерi
мемлекеттiк өкiмет орган.
дарының және ТМД жарғылық
органдарының арасында
(ТМД АААЖ және шифрленген
құжаттық байланыс жүйесін
пайдаланушылар арасында)
ақпаратпен алмасуды
ұйымдастыру үшін
"АТЛАС-ТМД" электрондық
почтаның бiрыңғай
жүйесiн құру;
- ТМД АААЖ іске асыратын
үлгілік шешімдер мен
технологиялар негiзiнде
тиiстi мемлекетаралық
келiсімдердің қабылдануына
қарай ТМД АААЖ басқа да
қосалқы жүйелерін құру
ұйғарылып отыр.
--------------------------------------------------------------------
"Орындаушы" бағанындағы аббревиатуралаp былай түсіндіріледі:
YКК - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер көлiк
министрлерінің үйлестiрушi көлiк кеңесi
МАК - мемлекетаралық авиациялық комитет
МСК - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi
мемлекетаралық кеңес
МЭК - мемлекетаралық экологиялық кеңес
БАД - байланыс саласындағы аймақтық Достастық
ТМД ТКК - Достастықтың қатысушы мемлекеттерiнің темiр жол көлігі
жөніндегi кеңесi
CЭB БК - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
сыртқы экономикалық ведомстволары басшыларының Кеңесi
КҚ БК - Достастықтың қатысушы мемлекеттерi кеден қызметі
басшыларының Кеңесi
ТМД Статкомитеті - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының
мемлекетаралық статистикалық комитеті
YБ АФА - Ресей Федерациясының президенті жанындағы үкiметтiк
байланыс пен ақпарат федералдық агенттігі
Ақпараттандыру саласындағы
ақпараттық ресурстар мен
жүйелердi қалыптастыру,
Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығына қатысушы
мемлекеттердің мемлекетаралық
бағдарламаларың iске асыру
туралы келiсiмге
2-қосымша
1999 жылғы 24 желтоқсан
ТМД қатысушы мемлекеттердiң ақпараттандыру саласында мемлекетаралық бағдарламалар жасау және iске асыру
ТӘРТIБI
1. Ақпараттандыру саласында мемлекетаралық бағдарламалар жасау және оларды iске асыру кезiнде Тараптар ұлттық заңнамада және осы Тәртіпте анықталған тәртiптi басшылыққа алады.
2. Ақпараттандыру, саласындағы ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламалары (бұдан әрi - мемлекетаралық бағдарламалар) ТМД қатысушы мемлекеттерiнiң ақпараттандыру процестерiне ортақ тәсілдердi әзiрлеу мен ақпараттық өзара iс-қимылдарды қамтамасыз ету ынтымақтастықтың нысаны болып табылады және олар мынадай бөлімдерден тұрады:
- мәселенің мазмұны және оны бағдарламалық әдiстер арқылы шешудi негiздеу;
- мемлекетаралық бағдарламаның негiзгi мақсаттары мен міндеттерi, iске асыру мерзімдерi мен кезеңдерi;
- қажет болғанда жұмысқа орналастыру мен жаңа жұмыс орындарын құру шараларын қоса алғанда, бағдарламалық iс-шаралар жүйесi;
- мемлекетаралық бағдарламаны ресурспен қамтамасыз ету (бюджет қаражаттары және/немесе бюджеттен тыс көздер есебiнен);
- мемлекетаралық бағдарламаны iске асыру тетiгі;
- мемлекетаралық бағдарламаны басқаруды ұйымдастыру және оны iске асыру барысын үйлестiру;
- мемлекетаралық бағдарламаны iске асыру тиiмдiлiгiн, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық салдарларын бағалау;
- атауы, мүдделi Тараптар үйлестiрушiсінiң нұсқауы, сондай-ақ мақсаттары мен міндеттерi, iске асыру мерзімдерi, негiзгi iс-шараларды орындаушылардың нұсқаулары, қаржыландырудың көлемдерi мен көздерi, бағдарламаны iске асырудан күтілетiн түпкi нәтижелер мазмұндалған мемлекетаралық бағдарламаның төлқұжаты.
Әр мемлекетаралық бағдарлама бойынша барлық бағдарламалық iс-шаралардың келiсiлуін және олардың қаржы ресурстарының жобаланып отырған көлемдерiмен жүргiзiлу кезекшiлiктерiн, салалық және аймақтық мiндеттердiң келiсiмділiгi мен кешендiлiгiн қамтамасыз ету қажет. Таяудағы бiр-екi жылға бағдарламалық iс-шаралар, оларды қаржыландыру негiздеулерi бар, әлеуметтiк-экономикалық және техникалық-экономикалық бизнес-жоспар нақтылануы тиiс.
3. Мемлекетаралық бағдарлама осы Тәртiптiң V бөлiмiнде көзделген тәртiппен толығымен немесе iшiнара орындалатын және қаржыландырылатын жобалардан тұруы мүмкiн.
II. Бағдарламалық әзiрлеме үшін проблемаларды іріктеу
4. Тараптар, мемлекетаралық және үкіметаралық органдар, сондай-ақ ТМД қатысушы мемлекеттерiнің мүдделi ұйымдары мен ведомстволары мемлекетаралық бағдарламалар әзiрлеудiң бастамашылары бола алады.
5. Проблемаларды бастапқы iрiктеу ақпараттандыру саласындағы қазiргi мемлекетаралық (үкiметаралық) органдар арқылы жүргiзiледi (бұдан әрi - мемлекетаралық органдар).
6. Әрбiр Тарап мемлекетаралық органдардағы өзiнің өкiлi арқылы нақты мемлекетаралық бағдарлама жасау туралы ұсыныспен шыға алады.
Проблеманың бағдарламалық әзiрленімі туралы ұсынысқа мыналар қоса беріледi:
- оның туу себептерiн талдау;
- проблеманы шешудiң мүмкiн тәсілдерi, ақпараттандыру, техника, технология, өнiмдi өндiру мен сату (жұмыс, қызмет көрсету), еңбек, шаруашылық және құқықтық қатынастар салаларында мәселенi шешу үшiн жүзеге асыру қажет iс-шаралардың ұсынылатын тізбесi, оны iске асырудың мүмкiн мерзімдepi;
- мүмкiн көздердi тартудан және мемлекетаралық бағдарламаның жобасын iске асырудан түсетiн күтілетін табыстарды бөлудi көрсету арқылы қаржы ресурстарындағы қажеттiлiктердi негiздеу;
- әлеуметтiк-экономикалық тиiмділік пен мемлекетаралық бағдарламаны iске асыру салдарын алдын ала бағалау, бағдарламалық iс-шаралардың экологиялық және басқа да талаптарға сәйкестiгi;
- мемлекеттік тапсырыс берушілердің, мемлекетаралық бағдарламаны әзiрлеушiлердің, негiзгi жеткiзушілер мен мердiгерлердiң тiзбесi;
- мемлекетаралық бағдарлама жобасының даярлану мерзімдерi мен құнын көрсету.
7. Мемлекетаралық органдар мемлекетаралық бағдарламалардың жобалары бойынша мемлекеттерден түскен ұсыныстарды алдын ала қарайды және қарау нәтижелерi мен олардың мүдделiлiгiн зерделеудi ескере отырып осы бағдарламаларды жасайды.
Мемлекетаралық органдар Тараптардың мүдделiлiгi және алынған материалдарды талдаудың негiзiнде мемлекетаралық деңгейде осы проблеманы шешу жөнiнде ұсыныстар дайындайды және оларды Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiне (бұдан әрi - Комитет) тапсырады.
8. Комитет белгiленген тәртіппен мемлекетаралық бағдарламалардың жобаларын жасау, оларды әзiрлеу мерзiмдерi, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесiнiң қарауы үшiн қаржыландыру көздерi жөнiнде мемлекетаралық органдардың ұсыныстарын енгiзедi.
Iрi масштабты және ерекше маңызды проблемалар жөнінде Комитеттiң ұсынысы бойынша мемлекетаралық бағдарламаларды орындау тұжырымдамалары әзiрленуi мүмкiн.
III. Мемлекетаралық бағдарламалаp мен жобалар жасау
9. Мемлекетаралық органдар:
- мемлекетаралық бағдарлама жобасын жасау бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесiнiң шешiмдерiн орындай отырып, олардың әзiрленуiн ұйымдастырады;
- проблемаларды шешу және жобаларды бағалау жөнiнде Тараптардың ұсыныстарын жинауды жүргiзедi;
- мемлекетаралық бағдарламаның келiсілген жобасын түсiндірме жазбамен, әлеуметтiк-экономикалық және техникалық-экономикалық негiздемесi бар бизнес-жоспармен және мемлекетаралық бағдарлама туралы үкіметаралық жобаны Комитетке жолдайды.
IV. Мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды
сараптау және бағалау
10. Комитет жобаларды таңдауды және бағалауды (сараптауды) ұйымдастырады, бұл орайда мыналарға назар аударады:
- оның проблемасының басымдылық сипатына;
- бағдарламалық iс-шаралардың негiзділігiне, кешендiлiгiне және экологиялық қауiпсiздiгiне, оларды iске асыру мерзiмдерiне;
- ең алдымен мемлекеттік мүмкiндiкпен үйлестiру арқылы орталықтандырылған ресурстар мен орындаушы ұйымдарға түрлi жеңілдiктер беру есебiнен бағдарламаны iске асыру үшiн бюджеттен тыс қаражатты тартудың орындылығына;
- мемлекетаралық бағдарламаны iске асыру тетiгінің тиiмділiгіне;
- бағдарламаның тұтас алғанда әлеуметтiк-экономикалық тиiмділiгiне, күтiлетiн түпкi нәтижелер мен олардың ТМД қатысушы-мемлекеттерi экономикасының құрылымдық қайта құрылу процестерiне ықпалы.
11. Мемлекетаралық бағдарламаны Тәуелсiз мемлекеттер Достастығы Үкiмет басшыларының кеңесi бекiтедi.
Комитет қатысушы мемлекеттер үкіметтерiнің қарауына мемлекетаралық бағдарлама мен үкiметаралық келiсiмнің жобаларын жолдайды. Мемлекетаралық бағдарламаны iске асыруға қатысу шарттары және оны қаржыландыру тәртiбi Тараптар арасында олардың қатысу еркiндiгi мен өзара тиімділік негiзінде жасалған, оған қол қойылғаннан кейiн, ол қаржыландыру мен iске асырылуға қабылданатын жеке үкiметаралық келiсiммен ресімделедi.
V. Мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру
12. Мемлекетаралық бағдарламалар мен тұжырымдамаларды жасау бойынша жұмыстарды қаржыландыру Тараптардың келiсiмi бойынша олардың қаржылық мүмкiндiктерi мен мүдделiлiктерiн есепке ала отырып жүзеге асырылады.
13. Мемлекетаралық бағдарламаны қаржыландыру қатысушы-мемлекеттердің мемлекетаралық бағдарлама туралы үкiметаралық келiсiмiне сәйкес қатысушылардың мемлекеттік бюджет қаражатты есебiнен осы мақсаттарға көзделген қаражаты шегiнде немесе мүдделi министрліктердiң, ведомстволардың, өзге де салалық органдардың қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерiнен және/немесе жобаға қатысушылар тартқан көздерден, сондай-ақ, құрамдастырылған қаржыландыру, соның iшінде шетел инвестициясын тарту арқылы да жүзеге асырылады. Мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыруға шетел капиталын тарту қатысушы мемлекеттердiң шетел инвестициялары туралы ұлттық заңнамасына сәйкес орындалады.
14. Мемлекетаралық бағдарламаларды қаржыландыру тетiгiн Тараптар олардың қаржылық мүмкіндіктерi мен мүдделіліктерін ескере отырып жүзеге асырады.
Тараптар мемлекетаралық бағдарламаның құрамына кiретiн бағдарламадағы өз бөлiгiн ресурстардың қаржы және басқа да түрлерiмен қамтамасыз етедi.
VI. Мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды
iске асыруды басқару
15. Мемлекетаралық бағдарламаны iске асыруды басқару қатысушы мемлекеттердiң осы бағдарлама туралы үкiметаралық келiсiмiне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекетаралық бағдарламаны уақытында iске асыру бағдарлама бойынша жұмыстарды орындаушыларды басқару, бағдарламаны iске асыруға бөлiнетiн қаражатты тиiмді пайдалануды қамтамасыз ету жауапкершілігi бағдарламаны үйлестiрушiге жүктеледi. Мемлекетаралық бағдарламаларды iске асыру тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында әрбiр Тарап мемлекеттiк тапсырыс берушi ретiнде осы бағдарламалардың қатысушыларын белгiлейдi.
Мемлекетаралық бағдарламаның үйлестiрушiсi ретiнде мемлекетаралық (үкіметаралық) ұйымдар болуы мүмкiн.
Егер мемлекетаралық бағдарлама, iске асырылуын тиiстi Тараптар қаржыландыратын жекелеген жобалардан тұратын болса, осындай жобалардың үйлестірушісі ролін осы жобалардың ұлттық мемлекеттiк тапсырыс берушiлерi атқарады.
Қажет болған жағдайда мемлекетаралық бағдарламаны үйлестірушінің өкілеттіктерi Тараптаp арасында жасалатын жеке үкiметаралық келісiмге сәйкес бағдарлама бойынша жұмыстарды орындаушы - кәсiпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің бiрiнің аумағындағы әкiмшiлiк басқару органдарына берілуі мүмкiн.
16. Мемлекетаралық бағдарламаларды iске асыру конкурстық негiзде анықталатын жұмыстарды орындаушы-ұйымдармен үйлестіруші жасасатын келiсім-шарт (шарт) негізінде жүзеге асырылады.
17. Бiрлескен жұмыстардың нәтижелерін, соның ішінде тауарларды/қызмет көрсетулерді сатудан түсетін табыстарды нақты мемлекетаралық бағдарламаның қатысушы тараптары арасында бөлу, әдетте олар осы бағдарламаға үлестiк қатысуына сәйкес жүзеге асырылады және үкiметаралық келiсімде анықталады.
18. Мемлекетаралық бағдарламаларды iске асыру қорытындыларын, қажет болған жағдайда тәуелсіз сараптаманы пайдалана отырып, бағдарлама туралы үкіметаралық келісімнің шарттарына сәйкес Тараптар қарайды.
19. Мемлекетаралық органдар мемлекетаралық бағдарламалардың үйлестірушілері тапсырған есеп берулерді талдау негiзiнде жұмыстарды жалғастыру және бағдарламаларды қаржыландыру немесе оларды тоқтату туралы ұсыныстар әзірлейді және оларды Комитетке жолдайды.
Мемлекетаралық органдардың ұсыныстары бойынша мемлекетаралық бағдарламалар жаңа бағыттармен және бағдарламаның өзінің бекітілуі тәртiбіне ұқсас жобалармен толықтырылуы мүмкін.