Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715
қаулысына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
VI "Шығындар" деген бөлiмде:
3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" деген функционалдық топта:
1 "Құқық қорғау қызметi" деген iшкi функцияда:
201 "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi" деген әкімшi бойынша:
050 "Жүргiзушi куәлiктерiн, көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарды, нөмiр белгiлерiн жасау" деген бағдарламада:
030 "Мемлекеттiк тiркеу нөмiрлерi белгiлерiн дайындау" деген кiшi бағдарламадағы "644700" деген сан "718200" деген санмен ауыстырылсын;
032 "Жүргiзу куәлiктерiн дайындау" деген кiшi бағдарламадағы "367461" деген сан "293961" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі