Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28. N 1311 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын орындау үшін Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 18, 189-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Өнеркәсіп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiсiн, электр станцияларын, электр желілерi мен кiшi станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, арналы газ-мұнай өнімдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерін пайдалану және мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары;";
сегізiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"уларды өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.";
Электр және жылу энергиясын өндiрудi, берудi және таратуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарында:
тақырыбы "таратуды" деген сөзден кейін ", электр станцияларын, электр желiлерi мен кіші станцияларды пайдалануды" деген сөздермен толықтырылсын;
Өнеркәсiптiк жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндiрiсiн, арналы газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтін қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерiн жобалауды және пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнеркәсiптiк жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiсiн, гидротехникалық құрылыстарды, арналы газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерiн пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын бiлiктілік талаптарына";
Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгі, геологиялық барлау, таy-кен-шахталық жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электртехникасы жабдықтарын, бақылау аппаратуралары мен жүйелерiн, аварияға қарсы қорғаныс пен белгi бергiштердi, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерiн дайындауды, монтаждауды және жөндеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзуші субъектiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
тақырыбында:
"желiлерiн" деген сөзден кейiн "жобалауды," деген сөзбен толықтырылсын;
"тау-кен-шахталық," деген сөзден кейiн "металлургиялық, энергетикалық" деген сөздермен толықтырылсын;
Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) мемлекеттік энергия қадағалау органының қорытындысы";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Уларды өндiрудi, қайта өңдеудi, тасымалдауды, сатып алуды, сақтауды, сатуды, пайдалануды және жоюды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары*
1. Бiліктілік талаптары:
1) санитарлық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн мамандандырылған өндiрiстік ғимараттардың;
2) қауiпсiздiк пен техникалық пайдалану ережелерiне сәйкес келетін техникалық жобалардың және технологиялық регламенттердiң, жабдықтардың, технологиялық желiлердiң;
3) уларды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлар мен сыйымдылықтардың (санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау, iшкі iстер және өртке қарсы қызмет органдарының бiрлесiп тексерген актiсi);
4) улы заттар қоймасы күзетiнiң немесе күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлермен, күштi әсер ететiн улы заттарды (КӘУЗ) сақтаған жағдайда - iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiмен күзет қызметiн көрсетуге арналған шарттың;
5) мыналарды қамтамасыз eтетін қызметтердiң:
жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауiпсiздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улы заттардың есепке алынуын;
қауiптi жүктердi тасымалдауды;
6) арнайы қорғаныш киiмнiң, жеке қорғаныш заттарының, өртке қарсы мүкәммалдың;
7) белгiленген тәртiппен бекiтiлген персоналды қауiпсiздiк техникасына оқыту жөнiндегi нұсқаулықтың; қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бағдарламалардың, іс-шаралардың;
8) тиiстi бiлiм деңгейiне сай әрі мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар бiлiктi инженерлік-техникалық және басшы қызметкерлердiң бiлiктi құрамының, техникалық пайдалану ережелерi мен қауiпсiздiк ережелерiн бiлетіндiгiне тексеруден өткен және улы заттармен жұмыс iстеу құқығына рұқсаты бар мамандардың;
9) өтініш берушінің белгiленген нормалар мен ережелерге сәйкестiгiн растайтын тау-кен-техникалық, экологиялық, санитарлық қадағалау органдары қорытындыларының;
10) уларды пайдалану (қолдану) кезiнде (өнеркәсіпте, медицинада, ауыл шаруашылығында, қорғаныс мақсатында) тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган келiсiмiнiң;
11) шетелдік жұмыс күшін қолданған жағдайда, оларды тартуға арналған лицензияның;
12) сақтандырудың мiндеттi түрлерінің болуын қамтиды.
* Ескерту.
Шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң қызметiнде уларды өндіру, қайта өңдеу, пайдалану және жою болмаған кезде, 1-тармақтың 1), 2), 5) (улы заттарды есепке алу мен тасымалдаудан басқа), 10) тармақшалары бойынша мәліметтерді беруі талап етілмейді.".