Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1373 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1311 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.  N 1311  (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Заңын  орындау үшін Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 18, 189-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Өнеркәсіп саласындағы қызметтiң лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарында:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiсiн, электр станцияларын, электр желілерi мен кiшi станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, арналы газ-мұнай өнімдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерін пайдалану және мұнай мен газға арналған бұрғылау жұмыстары;";
      сегізiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "уларды өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.";
      Электр және жылу энергиясын өндiрудi, берудi және таратуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарында:
      тақырыбы "таратуды" деген сөзден кейін ", электр станцияларын, электр желiлерi мен кіші станцияларды пайдалануды" деген сөздермен толықтырылсын;
      Өнеркәсiптiк жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндiрiсiн, арналы газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтін қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерiн жобалауды және пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өнеркәсiптiк жарылыс-өрт қаупi бар және тау-кен өндiрiсiн, гидротехникалық құрылыстарды, арналы газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерiн пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қойылатын бiлiктілік талаптарына";
      Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгі, геологиялық барлау, таy-кен-шахталық жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электртехникасы жабдықтарын, бақылау аппаратуралары мен жүйелерiн, аварияға қарсы қорғаныс пен белгi бергiштердi, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандарды, ыдыстарды және құбыр желiлерiн дайындауды, монтаждауды және жөндеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзуші субъектiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
      тақырыбында:
      "желiлерiн" деген сөзден кейiн "жобалауды," деген сөзбен толықтырылсын;
      "тау-кен-шахталық," деген сөзден кейiн "металлургиялық, энергетикалық" деген сөздермен толықтырылсын;
      Электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      "6) мемлекеттік энергия қадағалау органының қорытындысы";
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Уларды өндiрудi, қайта өңдеудi, тасымалдауды, сатып алуды, сақтауды, сатуды, пайдалануды және жоюды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары*
      1. Бiліктілік талаптары:
      1) санитарлық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн мамандандырылған өндiрiстік ғимараттардың;
      2) қауiпсiздiк пен техникалық пайдалану ережелерiне сәйкес келетін техникалық жобалардың және технологиялық регламенттердiң, жабдықтардың, технологиялық желiлердiң;
      3) уларды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлар мен сыйымдылықтардың (санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау, iшкі iстер және өртке қарсы қызмет органдарының бiрлесiп тексерген актiсi);
      4) улы заттар қоймасы күзетiнiң немесе күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлермен, күштi әсер ететiн улы заттарды (КӘУЗ) сақтаған жағдайда - iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiмен күзет қызметiн көрсетуге арналған шарттың;
      5) мыналарды қамтамасыз eтетін қызметтердiң:
      жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
      еңбек қауiпсiздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
      медициналық бақылауды;
      метрологиялық бақылауды;
      улы заттардың есепке алынуын;
      қауiптi жүктердi тасымалдауды;
      6) арнайы қорғаныш киiмнiң, жеке қорғаныш заттарының, өртке қарсы мүкәммалдың;
      7) белгiленген тәртiппен бекiтiлген персоналды қауiпсiздiк техникасына оқыту жөнiндегi нұсқаулықтың; қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi бағдарламалардың, іс-шаралардың;
      8) тиiстi бiлiм деңгейiне сай әрі мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар бiлiктi инженерлік-техникалық және басшы қызметкерлердiң бiлiктi құрамының, техникалық пайдалану ережелерi мен қауiпсiздiк ережелерiн бiлетіндiгiне тексеруден өткен және улы заттармен жұмыс iстеу құқығына рұқсаты бар мамандардың;
      9) өтініш берушінің белгiленген нормалар мен ережелерге сәйкестiгiн растайтын тау-кен-техникалық, экологиялық, санитарлық қадағалау органдары қорытындыларының;
      10) уларды пайдалану (қолдану) кезiнде (өнеркәсіпте, медицинада, ауыл шаруашылығында, қорғаныс мақсатында) тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган келiсiмiнiң;
      11) шетелдік жұмыс күшін қолданған жағдайда, оларды тартуға арналған лицензияның;
      12) сақтандырудың мiндеттi түрлерінің болуын қамтиды.
      * Ескерту.
      Шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң қызметiнде уларды өндіру, қайта өңдеу, пайдалану және жою болмаған кезде, 1-тармақтың 1), 2), 5) (улы заттарды есепке алу мен тасымалдаудан басқа), 10) тармақшалары бойынша мәліметтерді беруі талап етілмейді.".

      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады