"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Стратегиялық маңызы бар ретінде "Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) - Шымкент" автомобиль жолының "Шымкент-Түркістан" учаскесін қайта жаңарту бойынша мердігерлік жұмыстарының жеткізушісі болып "Ақ жол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі