Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бапта:
он екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ұжымдық шарт - жазбаша нысанда, бiр немесе бiрнеше жұмыс берушi (олардың өкiлдерi) және қызметкерлердiң бiр немесе бiрнеше өкілдерiнің арасында жасасқан, әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік акт;";
он сегiзінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қызметкерлердің өкілдерi - кәсіптік одақтардың органдары, олардың одақтары (ассоциациялары) мен олардың құрылтай құжаттарына, сенiмхатына не жиналыста қабылдаған шешiмiне сәйкес өкiлдiк уәкiлеттi басқа да қоғамдық бiрлестіктеp, сондай-ақ сенімхатпен не қызметкерлер жиналысында қабылданған шешiммен өкілдік уәкiлетті өзге де адамдар мен ұйымдар;";
жиырма екiншi абзацтағы "шартымен" деген сөз "және шарттарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағының бiріншi бөлiгiнде "осы Заңның деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының азаматтарына," деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "мiндеттi." деген сөз алынып тасталсын және мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшiрмесiн ұсынуға;
8) басқа жинақтаушы зейнетақы қорымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқаны жөнінде жұмыс берушіге хабарлауға мiндеттi.";
4) 8-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жұмысқа қабылдаған кезде қызметкермен жеке еңбек шартын жасасуға, қызметкердi ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актiлерiмен таныстыруға;";
мынадай мазмұндағы 5-1), 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
5-1) қызметкерге жыл сайынғы еңбек демалысын беру;
12) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қатерлердi болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға, өндiрiстiк және ғылыми-техникалық прогресс ескере отырып алдын алу жұмыстарын жүргізуге;
13) қызметкерден мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты көшiрмесiн талап етуге;
14) ұстап қалған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi қызметкерлерге ай сайын ұсынуға;
15) жұмыс уақытының, соның iшiнде жұмыс уақытынан тыс iстеген уақыттың, сондай-ақ әрбiр қызметкердiң зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауіпті) және ауыр (ерекше ауыр) еңбек жағдайларында еңбек еткен жұмыс уақытының нақты есебiн жүргiзуге мiндетті";
5) 9-бапта
1-тармақтың 5) тармақшасында "ауыр қол жұмысы немесе зиянды немесе қауіпті жағдайлардағы жұмысы үшін" деген сөздер "зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) ауыр (ерекше ауыр), қауiпті (ерекше қауіптi) еңбек жағдайларында еңбек еткен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жұмыс берушінің қызметкерден осы заңда және басқа заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда жеке еңбек шартында келiсiлмеген жұмысты атқаруын талап етуге құқығы жоқ.";
6) 10-бап мынадай мазмұндағы 3, 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Белгiлi бiр мерзiмге арналған жеке еңбек шарты, егер заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, атқарылатын жұмыстың сипаты немесе оны орындаудың шарттары ескеріле отырып, еңбек қатынастары белгiсiз бiр мерзiмге белгiленбейтін жағдайларда жасалады.
4. Егер жеке еңбек шартының мерзiмi аяқталғаннан кейiн еңбек қатынастары шын мәнінде одан әрi жалғасып, тараптардың ешқайсысы күнтізбелік 30 күн iшiнде оны тоқтатуды талап етпесе, онда шарттың күші белгiсiз мерзiмге ұзартылған деп есептеледi.
5. Қызметкер үшін көзделген өтемақылар мен кепiлдіктердi беруден жалтару мақсатында, жеке еңбек шартын белгілі бiр мерзiмге жасасу фактiсi анықталған болса, жұмыс берушi Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен жауапкершiлікте болады.";
7) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"13-бап. Қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар
Қызметкердiң еңбек қызметiн растаушы құжаттар: еңбек кiтапшасы (ол болған жағдайда), жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшiрмесi немесе ұйымның басшысы (жұмыс берушi) куәландырған (қол қойған) не нотариус арқылы куәландырылған қызмет тiзiмi (қызметкердiң жұмыс, еңбек қызметi туралы мәлiметтер тiзбесi) болып табылады.
Еңбек кiтапшаларының нысанын, жүргiзу және сақтау тәртiбiн, сондай-ақ оларды жасаудың тәртiбiн еңбек жөніндегі уәкілеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.";
8) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сынақ мерзiмiн үш айдан асыруға болмайды. Еңбекке уақытша жарамсыз кезең мен қызметкер шын мәнінде жұмыста болмаған басқа да кезеңдер сынақ мерзiмiне есептелмейдi.";
9) 18-бап мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Жұмыс берушінің қызметкердi оның денсаулық жағдайына қайшы келетін басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы жоқ.";
10) 20-баптың бiрiншi бөлiмiнде "өндiрiстiк қажеттілік" деген сөзден кейiн "сонымен қатар орнында уақытша жоқ қызметкердi ауыстыру" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Ұйым мүлкiнiң меншік иесi ауысқан, ұйым бағыныстылығы өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған жағдайдағы еңбек қатынастары";
"Меншiк иесiнiң ауысуы, ұйымның ведомстволық бағыныстылығының (уәкілеттi органның) өзгеруi немесе ұйымның (заңды тұлғаның) қайта ұйымдастырылуы (бiрiгуi, қосылуы, бөлiнуi, бөлiнiп шығуы, қайта құрылуы) еңбек қатынастарының қолданылуын тоқтатпайды. Бұл жағдайларда жеке еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша тоқтату қызметкерлер саны немесе штаты қысқарған кезде ғана мүмкін болады.";
12) 25-бап:
мынадай мазмұндағы 4-1 тармақшамен толықтырылсын:
"4-1. Жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының 8), 9), 10), 11), 12), 14) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзылған кезде қызметкерді шарттың бұзылатыны туралы ескерту талап етілмейді.";
13) 26-бапта:
3) тармақшада "шартының" деген сөзден кейiн "немесе сынақ мерзiмiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшада "жұмысқа" деген сөзден кейiн "қатарынан" деген сөзбен толықтырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қызметкер еңбек мiндеттерiн бiр рет өрескел бұзған жағдайда бұзылуы мүмкiн.
Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн бiр рет өрескел бұзуына: бір жұмыс күнi ішінде дәлелдi себепсiз үш сағат бойы жұмыста болмауы; жұмысқа алкогольдік, нашақорлық, уытты (оларға ұқсас) заттарды пайдаланып, масаң күйде келуi; жұмыс күнi iшiнде алкогольдiк, нашақорлық, уытты (оларға ұқсас) улану жағдай туғызатын заттарды пайдалану; қызметкердің еңбек қорғау немесе өрт қауiпсiздiгi не көлiктегi жүру қауiпсiздiгi ережелерiн бұзып, оның жарақат алу мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соғу мүмкіндігі; жұмыс орнында заңды күшіне енгiзiлген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған мүлiк (оның iшiнде ұсақ заттарды) ұрлауы жатады;";
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) тәрбиешілік мiндетті атқарушы қызметкер аталған жұмысты жалғастырумен сыйымсыз жат қылық жасаған;";
12) еңбек мiндеттерiн атқаруымен байланысты қызметкерге белгiлi болған мемлекеттiк, қызметтiк, коммерциялық мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария еткен;";
14) 27-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) Осы Заңының 26-бабының 1), 5), 8), 9), 10), 11), 12), 14) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің бастамасымен жүкті әйелдермен, бiр жарым жасқа дейiнгi баласы бар әйелдермен (растайтын құжаты болғанда) жеке еңбек шартын бұзуға жол берiлмейді;
1-2) Осы Заңның 26-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз және жыл сайынғы еңбек демалысында болған кезде жұмыс берушінің бастамасымен жеке еңбек шартын бұзуға жол берілмейдi.";
15) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"28-бап. Жеке еңбек шартының қызметкердiң бастамасы бойынша бұзылуы
1. Қызметкер жеке еңбек шартын бұл туралы жұмыc берушіге шарт бұзылғанға дейiн кемінде бір ай бұрын жазбаша түрде ескертіп бұзуға құқылы.
Ескерту мерзiмi бiткен соң қызметкер жұмысын тоқтатуға құқылы. Соңғы жұмыс күні жұмыс беруші қызметкерге еңбек кiтапшасын, қызметкердiң талап етуi бойынша жұмысы туралы басқа да құжаттарды беруге және заңдар мен ұжымдық шартта көзделген кепілдіктi және өтем төлемдерiн жүргiзуге міндеттi.";
2. Тараптардың келiсiмi бойынша жеке еңбек шарты ескерту мерзiмi бiткенге дейiн бұзылуы мүмкін.";
16) 31-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
1) жұмысқа алкогольдiк, нашақорлық, уытты (соларға ұқсас) масаң жағдайда келген немесе жұмыс күнi ішінде осындай масаң жағдайға апаратын заттарды пайдалану;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) жұмыс процесiнде еңбектi қорғау, немесе өрт қауiпсiздiгiн, немесе көліктегi қозғалыс қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзуға әкеп соқтырған, апатты жағдай затын немесе басқа ауыр зардаптар туғызуы мүмкін әрекеттер жасаған";
4-тармақта "анықталғанға" деген сөздiң орнына "жойылғанға" деген сөз жазылсын;
17) 32-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бiр немесе бiрнеше жұмыс беруші (олардың өкiлдерi) және бiр немесе бiрнеше қызметкер (қызметкерлердiң өкілдерi) ұжымдық шарттар жасасу мақсатымен келiссөздер жүргізе aлады."
Ұжымдық шарт жасасу жөнiнде келiссөздердi бастау туралы екіншi тараптан ұсыныс хабар алған тарап он күндiк мерзiм iшiнде оны қарауға және келiссөздi бастауға міндеттi.";
3-тармақ алынып тасталсын.
18) 34-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Ұжымдық келiссөз тараптары ұжымдық келiссөздер жүргiзу үшін қажеттi, өздерiнде бар ақпаратты бір-біріне ұсынуға тиic.
1-2. Келiссөзге қатысушылардың алынған мәлiметтерді, егер бұл мәліметтер мемлекеттік, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып табылса, жария етуге құқығы жоқ.
1-3. Егер ұжымдық келiссөз барысында тараптар қаралып отырған кейбiр мәселелер бойынша келiсiмге келе алмаса, pеттелмеген мәселелер келіспеушілік хаттамасына енгізіледі және олар бұдан арғы келiссөздердiң нысанасы болуы мүмкін.";
2-тармақ "өкiлдерi" деген сөзден кейiн "10 күнтiзбелік күн iшінде" деген сөздермен толықтырылсын;
19) 35-бап мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Ұжымдық шарттың күші өз атынан ұжымдық шартқа қол қойған қызметкерлерге қолданылады";
20) 49-баптың 3-тармағы: "қызметкерлер" деген сөзден кейiн "мен жүкті әйелдер... Мүгедектер, жетi жасқа толмаған баласы, (16-жасқа толмаған мүгедек баласы) бар әйелдер мерзiмнен тыс жұмыстарға олардың жазбаша келiсiмiмен тартылады." деген сөздермен толықтырылсын;
21) 50-баптың бiріншi бөлiмi мынадай мазмұндағы сөйлеммен тoлықтырылсын:
"Бұл ретте жұмыс уақытынан тыс жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына 12 және жылына 120 сағаттан аспауы тиiс.";
22) 54-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"Бiр жарым жасқа толмаған баласы бар жұмыс iстейтiн әйелдерге демалыс пен тамақтану үшін берiлетiн үзілістен басқа, баланы тамақтандыру үшін, әрбiр үш сағат сайын ұзақтығы отыз минуттан кем болмайтын қосымша үзiлiс берiледi.
Бір жарым жасқа толмаған екі немесе одан да көп баласы болғанда үзiлiстiң ұзақтығы кемінде бір сағат болып белгіленедi. Баланы тамақтандыру үшiн берілетін үзiліс жұмыс уақытына қосылады және ақы төлеуге жатады.";
23) 60-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екіншi абзацпен толықтырылсын:
"Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысындағы қызметкер осы демалыстан шақырылып алынбайды";
24) 61-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) қызметкер шын мәнiнде жұмыс iстемеген, бiрақ белгіленген тәртiппен жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт қосылады;";
3-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақ алынып тасталсын;
25) 69-бапта "берiлуi мүмкін" деген сөз "берiледi" деген сөзбен ауыстырылсын;
26) 70-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қызметкерлерге қойылатын біліктiлiк талаптары мен жұмыстардың белгілі бiр түрлерiнің күрделiлігін жұмыс берушi жұмыстар мен жұмысшылар кәсiптерiнің бiрыңғай тарифтік-біліктiлiк анықтамалығы, басшылар, мамандар мен қызметшілер лауазымдарының бiліктілік анықтамалығы негiзiнде белгiлейдi. Аталған анықтамалықтарды әзiрлеу мен оларды қолданудың тәртiбiн еңбек жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлейдi. Орындалған жұмыстарды белгiлi бiр күрделi жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын берудi жұмыс берушi жұмыстар мен жұмысшылар кәсiптерiнің бiрыңғай тарифтiк-бiлiктілік анықтамалығына және басшылар, мамандар мен қызметшiлер лауазымдарының анықтамалығына, сондай-ақ қызметкерлердiң жекелеген санаттары белгіленетiн үлгiлiк біліктілік талаптарына сәйкес дербес жүргiзедi.";
27) 75-бап 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Еңбектiң үлгілік (бiрыңғай) нормаларын ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөніндегi уәкiлеттi органның келiсiмiмен оларды бекiткен органдар жүзеге асырады";
28) 76-баптың 1-тapмағында:
1-тармақ "бiр рет" деген сөздерден кейiн ", келесi айдың бiрiншi онкүндігінен кешiктiрілмей" деген сөздермен толықтырылсын;
29) 81-бапта:
баптың атауы "қызметкерлерге" деген сөзден кейiн "және донорларға" деген сөздермен толықтырылсын;
"қызметкердiң" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ донордың тексерiлетiн және қан құю үшін қан тапсыратын күндердегi" деген сөздермен толықтырылсын;
30) 82-бап "сақталады" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ тараптардың келiсiмi бойынша басқа да шығындары өтеледi." деген сөздермен толықтырылсын;
31) 88-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;
32) 92-баптың 2-тармағындағы "шарттарда" деген сөзден кейiн "немесе жұмыс берушiнің актiлерiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
33) 96-баптың 1-тармағындағы бiріншi сөйлемнің басында "94-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;
34) 103-баптың 1) тармақшасында:
1) "Жұмыс берушi мен қызметкердiң осы заңды және еңбек қатынастарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердi сақтауын тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асыру.".
2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті