"2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысына сәйкес әрі материалдық және моральдық залалдың орнын толтыру туралы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шығарылған сот шешімдерін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қосымшаға сәйкес сот шешімдерін орындау үшін 4023322,9 (төрт миллион жиырма үш мың үш жүз жиырма екі теңге тоқсан тиын) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы күшіне қол қойылған күнінен бастап енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1421 қаулысына
қосымша
Азаматтық істер бойынша орындалуға тиісті сот шешімдерінің тізбесі
_______________________________________________________________
Р/с Соттың атауы мен Талапкердің Мемлекеттік Мемлекеттік
N сот шешімінің Т.А.Ә. бажды шегер. баж (теңге)
шыққан күні гендегі сома
(теңге)
_______________________________________________________________
1. Алматы қаласының Есенқұлов А., 500 000 1260
Бостандық аудандық Омарова А.
сотының 02.06.98 ж.
шешімі
2. Маңғыстау облысының Жүсіпова Д.Б. 136 219,9 -
Ақтау қалалық
сотының 13.02.2001 ж.
шешімі
3. Шығыс Қазақстан Капустин А. 109 843 -
облысының Өскемен
қалалық сотының
06.10.99 ж.
қаулысы
4. Ақмола облысының "Темір-Сауда" 3 276 000 -
Шортанды аудандық ЖШС
сотының 25.06.
2001 ж. қаулысы
Жиыны 4 022 062,9 1260
Жалпы сомасы 4 023 322,9