Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингінiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1444 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1396 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.22 № 1396 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470  қаулысымен   бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 6.1.2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру тәртiбi бекітілсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасау және орындау жөнiндегi құзыреттi орган ретiнде 2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құруды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2002 жылға 29 желтоқсандағы
N 1444 қаулысымен     
бекiтiлген         

Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану
мониторингiнің бiрыңғай мемлекеттік жүйесiн құру тәртiбi

1. Жалпы ережелер мен ұғымдар

      1. Осы тәртiп Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингiнің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру рәсiмiн анықтайды.

      2. Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингінің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi (бұдан әрi - ЖҚП МБМЖ) лицензиялық және/немесе келiсiм-шарттық ережелердiң орындалуын бақылау үшiн құрылады. ЖҚП МБМЖ-де қолданылатын ережелер мен ұғымдар Қазақстан Республикасы Президентінің " Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы " 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің " Мұнай туралы " 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы туралы " 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығына сәйкес келедi. Z100291 қараңыз

2. ЖҚП МБМЖ құру тәртiбi

      3. ЖҚП МБМЖ алып қарағанда бiрыңғай тұтас (жүйе) ретiнде қарастырылатын және жалпы басты мақсатқа қол жеткiзуге арналған белгiлi бiр құрылымға өзара байланысқан элементтердің жиынтығын бiлдiредi. Жүйенiң элементi - бұл жүйенің бұдан әрi бөлшектеуге жатпайтын бір бөлiгi. Кіші жүйе - жүйенiң жалпы мақсатына бағынған жұмыс iстеудiң белгiлi бiр мақсатын иемденген, өзара байланысты элементтердiң оқшауланған құрылымын бiлдiретiн бөлiгi. Жүйенiң құрылымы - олардың элементтерiнің (кiшi жүйелерінің) өзара байланысы мен таралу тәсiлi.

      4. ЖҚП МБМЖ-нi құру жүйе синтезiнен тұрады, бұдан жүйе құрылымын оның жұмыс iстеуiнiң берiлген мақсаты бойынша құру түсiніледi. ЖҚП МБМЖ өзiнiң құрылымы бойынша, әрқайсысы белгілi бiр деңгейде мониторингтiң белгiлi бiр мiндетiн шешетiн, дербес өзара байланысты кiшi жүйелердiң жиынтығын бiлдiредi. ЖҚП МБМЖ құру өзара байланысты мынадай үш мiндеттi шешуден тұрады:
      жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасын құру;
      жер қойнауын пайдалану мониторингiнiң нормативтiк-әдiстемелiк базасын жетілдiру;
      жер қойнауын пайдалану саласында лицензиялық және келiсiм-шарттық ережелердi орындау мониторингінiң ақпараттық-коммуникациялық жүйесiн (бұдан әрi - ЛКЕОМ АКЖ) құру.

      5. Жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасын Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушылардың лицензия және/немесе келiсiм-шарт шеңберiндегi қызметi туралы ақпараттың негiзінде қалыптастырады және өзiне мынадай кiшi жүйелердi қамтиды:
      "Жер қойнауын пайдалану объектiсi" кiшi жүйесi олардың шектерiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге рұқсат етілген келiсiм-шарттық аумақтар туралы қажеттi мәлiметтерден тұрады;
      "Жер қойнауын пайдалану субъектiсi" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылар туралы қажеттi мәлiметтердi қамтиды;
      "Жер қойнауын пайдалану құқығы" кiшi жүйесiнде жер қойнауын пайдалануға арналып берілген лицензиялар мен жасатылған келiсiм-шарттар туралы қажеттi мәлiметтер болады және ол өз кезегiнде "Лицензия" және "Келiсiм-шарт" кiшi жүйелерiнен тұрады;
      "Жұмыс бағдарламасы" кiшi жүйесi лицензиялардың ең аз жұмыс бағдарламалары және келiсiм-шарттардың жұмыс бағдарламалары (TЭH - техникалық-экономикалық негiздеме) туралы қажеттi деректердi, сондай-ақ оларға енгiзілген барлық толықтырулар мен өзгерiстердi қамтиды;
      "Барлау жобасы" кiшi жүйесi жер қойнауы телiмдерiн (блоктарды) зерделеу және кен орындарын барлау жөнiндегi геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзуге арналған жобалар туралы қажеттi деректердi, сондай-ақ оларға енгiзілген барлық толықтырулар мен өзгерiстердi қамтиды;
      "Өңдеу жобасы" кiшi жүйесi өзiне кен орындарын тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк және өнеркәсіптiк өңдеу жобалары туралы, сондай-ақ оларға енгiзілген барлық толықтырулар мен өзгерiстер туралы қажеттi ақпаратты қамтиды;
      "Жылдық жұмыс бағдарламасы" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың жылдық жұмыс бағдарламалары жөнiндегi қажеттi мәлiметтен тұрады;
      "ЛКЕ есебi" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың ЛКЕ N 1, 2, 3 нысандары бойынша мемлекеттiк статистикалық есептілігiнің деректерiн пайдаланады;
      "Қаржы" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушы қызметiнің қаржылық көрсеткiштерi туралы қажеттi мәлiметтерден тұрады;
      "Салық салу" кiшi жүйесi қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензиялардың және/немесе келiсiм-шарттардың ережелерi бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен бюджетке төлемдердi төлегендерi туралы мәлiметтердi қамтиды;
      "Экономика" кiшi жүйесi қызметтiң экономикалық көрсеткiштерi туралы қажеттi мәлiметтерден тұрады;
      "Экология" кiшi жүйесi пайдаланушылардың жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөніндегi шараларды орындағаны туралы қажеттi мәліметтердi қамтиды;
      "Сақтандыру" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың сақтандыру жөніндегi міндеттемелерін орындағаны туралы қажеттi мәлiметтерден тұрады;
      "Еңбектi қорғау, қауiпсiздiк техникасы және өнеркәсiптiк санитария" кiші жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың еңбектi қорғау, қауіпсiздік техникасы, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсiздiк және өнеркәсіптік санитария жөніндегi шараларды орындағаны туралы қажеттi мәлiметтердi қамтиды;
      "Әлеуметтiк сала" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi мiндеттемелердi орындағаны туралы қажеттi мәлiметтерден тұрады;
      "Бiлiм беру" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық мамандарды оқыту жөнiндегi мiндеттемелердi орындағаны туралы қажеттi мәлiметтердi қамтиды;
      "Қосалқы мердiгерлiк" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдаланушылардың қызметтердi, тауарларды және жабдықтарды жеткiзушi мердiгерлердi тарту жөнiндегi мiндеттемелерiн орындағаны туралы қажеттi мәлiметтерден тұрады;
      "Нормативтiк-құқықтық база" кiшi жүйесi Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтiк-құқықтық кесiмдерi туралы қажеттi мәлiметтердi қамтиды;
      "Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құжат айналымы" кiшi жүйесi өз құзыретiнiң шектерiнде жер қойнауын пайдаланушылардың қызметiн бақылайтын Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан келетiн ақпараттар мен құжаттардан тұрады;
      "Әртүрлi" кiшi жүйесi Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланудың жай-күйiне ықпал ететiн әртүрлi факторлар (әлеуметтiк, экономикалық, халықаралық, құқықтық, ғылыми-техникалық және басқалары) туралы ақпараттан тұрады;
      ЖҚП МБМЖ-ны әзiрлеу және дамыту барысына қарай онда жаңа кiшi жүйелер қалыптасуы мүмкiн.

      6. Өз құзыретiнің шектерiнде жер қойнауын пайдаланушылардың қызметiн бақылайтын орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Құзыреттi органға тиiстi ақпарат ұсынуға міндеттi.

      7. Құзыреттi органға ақпарат (мәлiметтер) беру Құзыреттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп шығаратын ақпарат алмасу туралы бұйрықтардың негiзiнде жүзеге асырылады. Ақпарат беру форматтары, мерзiмдерi, мазмұны және мерзiмділігi бұйрықтарда анықталады.

      8. Жер қойнауын пайдалану мониторингiнiң нормативтiк-әдiстемелiк базасы ЖҚП МБМЖ-ның қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн бiрiктiрiлген жүйе ретiнде жұмыс iстеуiн сипаттайды. ЖҚП МБМЖ мақсатын iске асыру, әрқайсысы белгiлi бiр кезеңде шешiлетiн жер қойнауын пайдалану мониторингінің түрлi деңгейдегi бiрқатар өзара байланысты мiндеттерiн шешудi көздейдi. ЖҚП МБМЖ-да жер қойнауын пайдалану мониторингінің бес деңгейi белгіленген. Мiндеттердiң әр деңгейi ЖҚП МБМЖ-ның кiшi жүйесi ретiнде қарастырылады.
      "Лицензиялық - келiсiм-шарттық ережелер" (бұдан әрi - "ЛКЕ") кіші жүйесi жер қойнауын пайдалану мониторингi 1-деңгейiнiң мiндетiн шешедi. Кiшi жүйенiң элементтерi "ЛКЕ есеп беруi" ақпараттық кiшi жүйесiнiң деректерi болып табылады. "ЛКЕ" кiшi жүйесi пайдаланушылардың сұрау салуы бойынша оның элементтерiне сұрыптауды жүргiзуге арналған. Кiшi жүйе 2001 жылы құрылды.
      "Талдау" кiшi жүйесi жер қойнауын пайдалану мониторингi 2-деңгейінің мiндетiн шешедi. Кiшi жүйенiң элементтерi жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасының "Жер қойнауын пайдалану объектiсi", "Жер қойнауын пайдалану субъектiсi", "Жер қойнауын пайдалану құқығы", "ЛКЕ есеп беруi", "Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi құжат айналымы" кiшi жүйелерiнiң деректерi болып табылады. "Талдау" кiшi жүйесi жеке лицензиялық-келiсім-шарттық ережелер үшiн оның элементтерiнiң арасындағы өзара байланысы мiндетiн шешедi. Кiшi жүйе 2002 жылы құрылды.
      "Бағалау" кiшi жүйесi жеке лицензиялық-келiсiм-шарттық ережелердiң орындалу дәрежесiн бағалау жөнiндегi өлшемдердi әзiрлеуден тұратын жер қойнауын пайдалану мониторингi 2-деңгейінің мiндетiн шешедi. "Бағалау" кiшi жүйесінің элементтерi жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасының барлық кiшi жүйелерi болып табылады. "Бағалау" кiшi жүйесiн құру мерзiмi - 2003 жыл.
      "Лицензия/Келiсiм-шарт" кiшi жүйесi жол берiлген лицензиялық -келiсiм-шарттық ережелердің бұзушылықтары салдарын кешендi бағалаудан; тұтастай алғанда жер қойнауын пайдаланушының лицензиялар және/немесе келiсiм-шарт шеңберiндегi жұмысының тиімділігін бағалаудан; лицензия/келiсiм-шарт тараптарының теңгерiмiн сақтаудан тұратын жер қойнауын пайдаланудың мониторингi 4-деңгейінің мiндеттерiн шешедi. "Лицензия/Келiсiм-шарт" кiшi жүйесiн құру мерзiмi - 2004 жыл.
      "Жер қойнауын пайдалану мониторингi" кiшi жүйесi онда болып жатқан өзгерiстердi анықтау және оның бұдан әрi дамуын болжау үшiн жер қойнауын пайдалану саласының жай-күйiне талдау жүргiзуден тұратын 5-деңгейдің мiндетiн шешедi. Жер қойнауын пайдалану жай-күйінің деректерiн талдау негiзiнде мемлекет мүддесiн және оның табиғи ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жағымсыз процестердiң алдын алу және оларды жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мүмкiншiлiгi бар. "Жер қойнауын пайдалану мониторингi" кiшi жүйесiн құру мерзiмi - 2004 жыл.

      9. Жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасы мен жер қойнауын пайдалану мониторингiнің нормативтiк-әдiстемелiк базасы ЛКЕОМ АКЖ-ны құру жолымен iске асырылады.

      10. ЛКЕОМ АКЖ көп деңгейлi иерархиялық ақпараттық жүйе болып табылады. ЛКЕОМ АКЖ құрамына фактографикалық, құжаттық, ақпараттық-iздеу жүйелерi және деректердi өңдеу жүйесi кіредi.

      11. Құрылымы жағынан ЛКЕОМ АКЖ SQL ақпараттық технологиясы негiзінде ақпараттық ресурстардың ауыстырмалылығын, өзара байланысын және ауқымдылығын қамтамасыз ететiн "клиент-сервер" жүйесiн бiлдiредi.

      12. ЛКЕОМ АКЖ деректер банкi жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасының гомоморфтiк моделi болып табылады. ЛКЕОМ АКЖ деректер банкiнде жер қойнауын пайдаланудың бiрыңғай ақпараттық базасының кiшi жүйелерi фактографикалық және құжаттық жүйелердiң тиiстi дерекқорлары ретiнде берiлген.

      13. ЖҚП МБМЖ әртүрлi деңгейдегi кiшi жүйелерi ЛКЕОМ АКЖ-да тиiстi ақпараттық-iздестiру жүйелерi және деректердi өңдеу жүйелерi ретiнде берiлген. ЛКЕОМ АКЖ-ды құру ЖҚП МБМЖ-нiң кiшi жүйелерiн құру кезеңдерiне сәйкес кезең-кезеңiмен жүргiзiледi. Әр кезеңде тиiстi деңгейдегi ақпараттық-коммуникациялық жүйе (бұдан әрi- АКЖ) құрылады: 2001 жылы - "ЛКЕ" АКЖ-сi (1-деңгей) құрылды, 2002 жылы - "Талдау" АКЖ-сын (2-деңгей) құру жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлдi, 2003 жылы - "Бағалау" АКЖ-сын (3-деңгей), 2004 жылы - "Лицензия/Келiсiм-шарт" АКЖ-сын (4-деңгей) және "Жер қойнауын пайдалану мониторингi" АКЖ-сын (5-деңгей) құру.

      14. Құзыреттi органның оқшау желiсiнде ЛКЕОМ АКЖ-ның сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгi қолданыстағы операциялық жүйелердiң және коммуникациялардың стандарттық құралдары арқылы iске асырылады.

      15. ЛКЕОМ АКЖ құру 601 "Жер қойнауын пайдалану саласында лицензиялық және келiсім-шарттық ережелердің орындалуы мониторингiнiң ақпараттық-коммуникациялық жүйесiн құру" бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде жүргiзiледi.

О порядке создания Единой государственной системы мониторинга недропользования Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2002 года N 1444. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2010 года N 1396

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 22.12.2010 N 1396 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6.1.2 Плана мероприятий по реализации Программы Правительства Республики Казахстан на 2002-2004 годы, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2002 года N 470, Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемый Порядок создания Единой государственной системы мониторинга недропользования Республики Казахстан.

      2. Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан как Компетентному органу по заключению и исполнению контрактов на недропользование обеспечить создание Единой государственной системы мониторинга недропользования Республики Казахстан в 2003-2004 годах.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утвержден          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 29 декабря 2002 года N 1444

Порядок создания
Единой государственной системы мониторинга
недропользования Республики Казахстан

1. Общие положения и понятия

      1. Настоящий порядок определяет процедуру создания Единой государственной системы мониторинга недропользования Республики Казахстан.

      2. Единая государственная система мониторинга недропользования Республики Казахстан (далее - ЕГСМ НП) создается для контроля за выполнением лицензионных и/или контрактных условий. Положения и понятия, применяемые в ЕГСМ НП, соответствуют Указу Президента Республики Казахстан, имеющему силу Закона, от 27 января 1996 года N 2828 "О недрах и недропользовании", Указу Президента Республики Казахстан, имеющему силу Закона, от 28 июня 1995 года N 2350 "О нефти" и Указу Президента Республики Казахстан от 16 марта 2001 года N 573 "О Государственной программе формирования и развития национальной информационной инфраструктуры Республики Казахстан". см.Z100291

2. Порядок создания ЕГСМ НП

      3. ЕГСМ НП представляет собой совокупность элементов, связанных между собой в определенное образование, которое рассматривается как единое целое (система) и предназначено для достижения общей главной цели. Элемент системы - это часть системы, не подлежащая дальнейшему дроблению. Подсистема - это часть системы, представляющая обособленное образование взаимосвязанных элементов, которое обладает определенной целью функционирования, подчиненная общей цели системы. Структура системы - это способ взаимосвязи и распределения ее элементов (подсистем).

      4. Создание ЕГСМ НП заключается в синтезе системы, под которым понимается построение структуры системы по заданной цели ее функционирования. По своей структуре ЕГСМ НП представляет собой совокупность самостоятельных взаимосвязанных подсистем, каждая из которых решает определенную задачу мониторинга недропользования на определенном уровне. Создание ЕГСМ НП заключается в решении трех взаимосвязанных задач:
      создание единой информационной базы недропользования;
      совершенствование нормативно-методической базы мониторинга недропользования;
      создание информационно-коммуникационной системы мониторинга исполнения лицензионных и контрактных условий в сфере недропользования (далее - ИКС МИЛКУ).

      5. Единая информационная база недропользования формируется Компетентным органом на основе информации о деятельности недропользователей в рамках лицензий и/или контрактов и включает в себя следующие подсистемы:
      подсистема "Объект недропользования" содержит необходимые сведения о контрактных территориях, в пределах которых разрешено проведение операций по недропользованию;
      подсистема "Субъект недропользования" включает в себя необходимые сведения о недропользователях;
      подсистема "Право недропользования" содержит необходимые сведения о выданных лицензиях и заключенных контрактах на недропользование и состоит в свою очередь из подсистем "Лицензия" и "Контракт";
      подсистема "Рабочая программа" включает в себя необходимые данные о минимальных рабочих программах лицензий и рабочих программах контрактов (ТЭО - технико-экономическое обоснование), а также все внесенные в них дополнения и изменения;
      подсистема "Проект разведки" содержит необходимые данные о проектах на проведение геологоразведочных работ по изучению участков недр (блоков) и разведке месторождений, а также все внесенные в них дополнения и изменения;
      подсистема "Проект разработки" включает в себя необходимую информацию о проектах опытно-промышленной и промышленной разработки месторождений, а также о всех внесенных в них дополнениях и изменениях;
      подсистема "Годовая программа работ" содержит необходимые сведения по годовым программам работ недропользователей;
      подсистема "Отчет ЛКУ" использует данные государственной статистической отчетности недропользователей по формам ЛКУ N 1, 2, 3;
      подсистема "Финансы" содержит необходимые сведения о финансовых показателях деятельности недропользователя;
      подсистема "Налогообложение" включает сведения об оплате недропользователями налогов и платежей в бюджет по условиям лицензий и/или контрактов в соответствии с действующим законодательством ;
      подсистема "Экономика" содержит необходимые сведения об экономических показателях деятельности;
      подсистема "Экология" включает необходимые сведения о выполнении недропользователями мер по охране недр и окружающей среды;
      подсистема "Страхование" содержит необходимые сведения о выполнении недропользователями обязательств по страхованию;
      подсистема "Охрана труда, техника безопасности и промышленная санитария" включает необходимые сведения о выполнении недропользователями мер по охране труда, технике безопасности, санитарно-эпидемиологической безопасности и промышленной санитарии;
      подсистема "Социальная сфера" содержит необходимые сведения о выполнении недропользователями обязательств по социальным вопросам;
      подсистема "Образование" включает необходимые сведения о выполнении недропользователями обязательств по обучению казахстанских специалистов;
      подсистема "Субподряд" содержит необходимые сведения о выполнении недропользователями обязательств по привлечению подрядчиков-поставщиков услуг, товаров и оборудования;
      подсистема "Нормативно-правовая база" включает необходимые сведения о нормативных правовых актах Республики Казахстан в сфере недропользования;
      подсистема "Документооборот по недропользованию" содержит информацию и документы от центральных и местных исполнительных органов Республики Казахстан, которые в пределах своей компетенции контролируют деятельность недропользователей;
      подсистема "Разное" содержит информацию о различных факторах, влияющих на состояние недропользования в Республике Казахстан (социальные, экономические, международные, правовые, научно-технические и другие).
      По мере разработки и развития ЕГСМ НП в ней могут формироваться новые подсистемы.

      6. Центральные и местные исполнительные органы, контролирующие в пределах своей компетенции деятельность недропользователей, обязаны предоставлять соответствующую информацию Компетентному органу.

      7. Передача информации (сведений) Компетентному органу осуществляется на основании приказов об обмене информации, издаваемых Компетентным органом совместно с центральными и местными исполнительными органами. Форматы, сроки, содержание и периодичность представления информации определяются в приказах.

      8. Нормативно-методическая база мониторинга недропользования описывает функционирование ЕГСМ НП как интегрированной системы для достижения поставленной цели. Реализация цели ЕГСМ НП предусматривает решение ряда взаимосвязанных между собой задач мониторинга недропользования различного уровня, каждая из которых решается на определенном этапе. В ЕГСМ НП определены пять уровней задач мониторинга недропользования. Каждый уровень задач рассматривается как подсистема ЕГСМ НП.
      Подсистема "Лицензионно-контрактные условия" (далее - "ЛКУ") решает задачу мониторинга недропользования 1-го уровня. Элементами подсистемы являются данные информационной подсистемы "Отчет ЛКУ". Подсистема "ЛКУ" предназначена для проведения выборки ее элементов по запросам пользователей. Подсистема создана в 2001 году. Подсистема "Анализ" решает задачу мониторинга недропользования 2-го уровня. Элементами подсистемы являются данные подсистем "Объект недропользования", "Субъект недропользования", "Право недропользования", "Отчет ЛКУ" и "Документооборот по недропользованию" единой информационной базы недропользования. Подсистема "Анализ" решает задачу взаимосвязи между ее элементами для отдельного лицензионно-контрактного условия. Подсистема создана в 2002 году.
      Подсистема "Оценка" решает задачу мониторинга недропользования 3-го уровня, заключающуюся в разработке критериев по оценке степени выполнения отдельного лицензионно-контрактного условия. Элементами подсистемы "Оценка" являются все подсистемы единой информационной базы недропользования. Срок создания подсистемы "Оценка" - 2003 год.
      Подсистема "Лицензия/Контракт" решает задачи мониторинга недропользования 4-го уровня, которые заключаются в комплексной оценке последствий допущенных нарушений лицензионно-контрактных условий; оценке эффективности работы недропользователя в рамках лицензий и/или контракта в целом; соблюдении баланса сторон лицензии/контракта. Срок создания подсистемы "Лицензия/Контракт" - 2004 год.
      Подсистема "Мониторинг недропользования" решает задачу 5-го уровня, заключающуюся в проведении анализа состояния сферы недропользования для выявления происходящих в нем изменений и прогноза его дальнейшего развития. На основе анализа данных состояния недропользования возможна подготовка предложений по предупреждению и устранению негативных процессов с целью обеспечения защиты интересов государства и ее природных ресурсов. Срок создания подсистемы "Мониторинг недропользования" - 2004 год.

      9. Единая информационная база недропользования и нормативно-методическая база мониторинга недропользования реализуются путем создания ИКС МИЛКУ.

      10. ИКС МИЛКУ является многоуровневой иерархической информационной системой. В состав ИКС МИЛКУ входят фактографическая, документальная, информационно-поисковая системы и система обработки данных.

      11. Структурно ИКС МИЛКУ представляет собой систему "клиент-сервер", обеспечивающую переносимость, взаимосвязь и масштабность информационных ресурсов, на базе информационной технологии SQL.

      12. Банк данных ИКС МИЛКУ является гомоморфной моделью единой информационной базы недропользования. Подсистемы единой информационной базы недропользования в банке данных ИКС МИЛКУ представлены соответствующими базами данных фактографических и документальных систем.

      13. Подсистемы ЕГСМ НП различного уровня представлены в ИКС МИЛКУ соответствующими информационно-поисковыми системами и системами обработки данных. Создание ИКС МИЛКУ проводится поэтапно в соответствии с этапами создания подсистем ЕГСМ НП. На каждом этапе создается информационно-коммуникационная система (далее - ИКС) соответствующего уровня: 2001 год - создана ИКС "ЛКУ" (1-й уровень), 2002 год - проведены работы по созданию ИКС "Анализ" (2-й уровень), 2003 год - создание ИКС "Оценка" (3-й уровень), 2004 год - создание ИКС "Лицензия/Контракт" (4-й уровень) и ИКС "Мониторинг недропользования" (5-й уровень).

      14. В локальной сети Компетентного органа надежность и безопасность ИКС МИЛКУ реализуются через стандартные средства существующих операционных систем и коммуникаций.

      15. Создание ИКС МИЛКУ проводится в рамках бюджетной программы 601 "Создание информационно-коммуникационной системы мониторинга исполнения лицензионных и контрактных условий в сфере недропользования".