Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдары қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы" 2002 жылғы 7 қазандағы шешіміне және 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетінің жаңа құрылымы мен штат кестесінің енгізілуіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетінен (бұдан әрі - Комитет):
Комитет Төрағасы - ТМД Атқарушы хатшысының орынбасары - Комитеттің департамент директоры Нәжімеден Ықсанұлы Есқалиев;
Ортақ аграрлық рынок департаменті директорының орынбасары - Комитеттің бөлім бастығы Ботагөз Шілікбайқызы Қуатбекова шақырып алынсын.
2. Квоталық лауазымдарда жұмыс істеу үшін Комитетке Қазақстан Республикасынан мыналар:
Комитет Төрағасы - ТМД Атқарушы хатшысының орынбасары болып (Минск қаласы) Нәжімеден Ықсанұлы Есқалиев;
Комитет Қаржы департаментінің директоры болып (Мәскеу қаласы) Қонысбек Ескендірұлы Байеділов жіберілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі