Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетіндегі Қазақстан Республикасының квоталық лауазымдары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 14 қаңтар N 4

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы органдары қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы" 2002 жылғы 7 қазандағы шешіміне және 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетінің жаңа құрылымы мен штат кестесінің енгізілуіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқару комитетінен (бұдан әрі - Комитет):
      Комитет Төрағасы - ТМД Атқарушы хатшысының орынбасары - Комитеттің департамент директоры Нәжімеден Ықсанұлы Есқалиев;
      Ортақ аграрлық рынок департаменті директорының орынбасары - Комитеттің бөлім бастығы Ботагөз Шілікбайқызы Қуатбекова шақырып алынсын.

      2. Квоталық лауазымдарда жұмыс істеу үшін Комитетке Қазақстан Республикасынан мыналар:
      Комитет Төрағасы - ТМД Атқарушы хатшысының орынбасары болып (Минск қаласы) Нәжімеден Ықсанұлы Есқалиев;
      Комитет Қаржы департаментінің директоры болып (Мәскеу қаласы) Қонысбек Ескендірұлы Байеділов жіберілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады