Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу ережесi туралы" Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 21 қаңтар N 65

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу ережесi туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу ережесiн бекiту туралы

      Мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеуге бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу кезiнде осы Ереженi басшылыққа алсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы    
Президентiнiң        
2003 жылғы "___"______    
N_____ Жарлығымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағдарламалар әзірлеу ережесi 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында мемлекеттiк бағдарламалар (бұдан әрi - мемлекеттік бағдарлама) әзiрлеуге бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi және мемлекеттiк бағдарламалар жобаларының ұйымдық-әдiстемелiк негiздерiн, жобаларды қалыптастырудың жалпы қағидаттарын, оларды әзiрлеу, келiсу және бекiту, сондай-ақ оларды iске асыру үшiн бақылауды жүзеге асыру тәртібiн айқындайды.
      2. Мемлекеттік бағдарламаларды Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму стратегиясына, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтік жоспарларына сәйкес экономикалық, әлеуметтiк және өмiрдiң басқа да салаларындағы жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мәселелердi шешу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтік-кеңесшi органдары немесе жұмыс топтары (комиссиялар) әзiрлейдi.
      3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес мемлекеттік бағдарламаны Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      4. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      5. Мемлекеттiк бағдарламалар неғұрлым iрi және маңызды экономикалық, әлеуметтiк және басқа да мiндеттердi шешуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды, мақсаттарды дәлме-дәл айқындап алуға негiзделедi және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму стратегиясында, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтiк жоспарларында айқындалған ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарды ескере отырып, алға қойылған мақсатқа қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн iс-шаралардың мерзiмдерi, ресурстары және орындаушылары бойынша келiсiлген жүйенi қамтиды.
      6. Мемлекеттiк бағдарламалар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы индикативтік жоспарының құрамында бекiтiлетiн Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторальдық) бағдарламалар тiзбесiне (бұдан әрi - Тiзбе) енгiзiледi.
      7. Бағдарламалар жөнiндегі уәкiлеттi органды (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейдi, оның құзыретiне мыналар енедi:
      бағдарламалар әзiрлеу жөнiндегi орталық мемлекеттiк органдардың қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру;
      Тiзбенi қалыптастыруды және оны одан әрi жүргізуді жүзеге асыру;
      бағдарламалардың орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асыру;
      бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлігiн (нәтижелiлігін) бағалауды жүргізу.

2. Мемлекеттiк бағдарламаларға қойылатын негiзгі талаптар

      8. Мемлекеттiк бағдарламалар:
      Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлерi бойынша;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы;
      жалпы ұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттерді шешуге және мемлекеттiң қорғаныс қабiлетi мен қауiпсiздігін қамтамасыз етуге бағытталған салааралық сипаты бар мәселелер бойынша сәйкес әзiрленеді.
      9. Мемлекеттік бағдарламалар орта мерзiмдi (кемiнде 3 жыл) немесе орта мерзiмдi үш жылдық кезеңдердi мiндеттi түрде бөле отырып 3 жылдан астам ұзақ мерзiмдi кезеңге әзiрленеді.
      Ұзақ мерзiмдi бағдарламаларды iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары тиiстi орта мерзiмдi кезеңдерге әзiрленедi.
      10. Мемлекеттiк бағдарламалар мынадай негізгi қасиеттерге ие болуы тиiс:
      1) бағдарламаның нақты мақсаттарын, оларды iске асыру жолдарын және тетiктерiн айқындаудың нақтылығы;
      2) бағдарламалық iс-шаралар мен тапсырмалардың атаулылығы, оларды iске асыру мерзiмдерiнiң нақты айқындалуы және дәйектiлiгі, орындаушылар қызметiнiң бағдарламалық мақсаттарға қол жеткiзуге қатаң бағдар ұстануы;
      3) басқа да бағдарламалармен келiсiмдiлiкке қол жеткiзу;
      4) қаржы, еңбек, техникалық ресурстардың және оларды қамтамасыз ету көздерiнiң теңгерiмділiгi.
      11. Мынадай:
      1) негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштерге пайыздық ара-қатынаспен өлшенетiн шығыстар көлемiн реттейтiн;
      2) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергілiктi бюджеттердi қабылдап алғаннан кейiн оның кiрiстерiн кемiтуге және (немесе) шығыстарын ұлғайтуға әкеп соқтыратын;
      3) қаржыландыру көздерi мен мерзiмдерінің бөлінісiнде қаржыландыру көлемдерi жөнiндегi республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысынсыз;
      4) қолданыстағы бағдарламалардың мақсаттары мен мiндеттерiн, сондай-ақ осы бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi iс-шараларды қайталайтын;
      5) жекелеген саланың немесе нақты аймақтың (қаланың, аумақтың) проблемаларын шешуге бағытталған;
      6) осы Ереженiң 8 және 10-тармақтарында белгiленген талаптарды сақтамаған жағдайда мемлекеттiк бағдарламаларды бекiтуге жол берiлмейді.

3. Мемлекеттік бағдарламаның құрылымы

      12. Мемлекеттiк бағдарламаның құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
      1) паспорт (негізгі параметрлерi);
      2) кiрiспе;
      3) проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау;
      4) мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi;
      5) мемлекеттiк бағдарламаның негізгi бағыттары мен iске асыру тетігі;
      6) қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi;
      7) мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже және оның индикаторлары.
      13. Паспортта: атауы, әзiрлеу негiздемесi, негiзгi орындаушы, мақсаты мен мiндеттерi, iске асыру мерзiмдерi (кезеңдерi), қаржыландыру көлемi мен көздерi, күтiлетiн нәтижелерi қамтылатын мемлекеттiк бағдарламаның негiзгі параметрлерi сипатталады.
      14. Кiрiспеде мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеудiң негiздемесi, оны әзiрлеудiң қажеттiлiгi көрсетіледі.
      15. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау заңдық және сапалық сипаттамаларды, күштi және әлсiз тұстарын, орын алып отырған проблемаларды, осының алдындағы бiрнеше жыл iшiнде серпiнділiктегi экономикалық негізгi көрсеткiштердi көрсетуi, сондай-ақ осы проблеманы шешу жөнiндегi шетелдік оң тәжiрибенiң шолуын қамтуға тиiс.
      16. Мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi дәл және нақты болуға тиiс.
      Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының әлеуметтiк- экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтiк жоспарларынан көрiне отырып, қалыптасады.
      Мiндеттер алға қойылған мақсатқа неғұрлым тиiмдi әдістермен қол жеткiзу жолын айқындайды.
      17. Мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi бағыттары мен оны iске асыру тетiктерiнде орын алып отырған проблемаларды шешу жөнiндегi жұмыстардың негiзгi бағыттары мен құралдарының тiзбесi, сондай-ақ алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу жөніндегi тетiктер көрсетiледі.
      18. Мемлекеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi мыналар болуы мүмкiн: республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, мемлекеттік заемдар, мемлекеттiк кепiлге тартылатын мемлекеттiк емес заемдар, тiкелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы экономикалық ұйымдарының немесе донор елдердiң гранттары, екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерi, ұйымдардың өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да қаржы көздерi.
      Мемлекеттiк бағдарлама республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылған жағдайда үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердің болжамды көрсеткiштерiне сәйкес жылдар, iс-шаралар және қаржыландыру көздерi бойынша қаржыландырудың нақты көлемдерi көрсетiлуi тиiс.
      19. Мемлекеттік бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже:
      мемлекеттiк бағдарламаны тұтастай алғанда және кезең-кезеңмен iске асыру нәтижесiнде қол жеткізiлуi мүмкiн материалдық және материалдық емес өзгерiстерде;
      қол жеткізуге мемлекеттiк бағдарлама бағытталған сапалық және сандық параметрлердi сипаттайтын индикаторларда (болжамды көрсеткiштерде) көрiнiс береді.
      Индикаторлар бақыланатын және тексерiлетiн, мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жылдары бойынша анықталатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының негiзгi көрсеткiштерiне сәйкес болуы тиiс.
      20. Мемлекеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Ережелерге сәйкес әзiрленедi.

4. Мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу және бекіту тәртiбi

      21. Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу мен бекiтудiң мынадай кезеңдерi бөлiнедi:
      1) ұйымдастырушылық;
      2) мемлекеттік бағдарлама жобасын әзiрлеу;
      3) мемлекеттiк бағдарламаны келiсу және бекiту.
      22. Мемлекеттiк бағдарлама жобасын әзiрлеудiң ұйымдастырушылық кезеңi мыналарды қамтиды:
      1) мемлекеттік бағдарламаның жобасын тiзбеге енгiзу үшiн уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының жобасын қалыптастыратын жылдың алдындағы жылдың 5 желтоқсанынан кешiктiрмей ұсыныстар жiберу. Ерекше жағдайларда көрсетiлген мерзiмдi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлігі ұзартуы мүмкін.
      Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарын әзiрлеу кезеңiнде уәкiлетті орган кейiннен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсу үшiн әзiрленетiн мемлекеттiк бағдарламалар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметiне бередi.
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің тиiстi шешiмiмен белгiленетiн мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органды айқындау.
      Қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiмен мүдделi мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың өкiлдерiнен қалыптастырылған мемлекеттiк бағдарлама әзiрлеу жөнiндегi комиссия (жұмыс тобы) құрылады;
      3) мемлекеттiк бағдарлама әзiрлеу үшiн жауапты мемлекеттiк орган басшысының құжаттарды (мемлекеттік бағдарлама әзiрлеудiң үйлестiру жоспары, мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi, оның тұжырымдамалық көзқарастары, мемлекеттiк бағдарламаның негiзгi бөлiмдерiнiң құрылымы) бекiтiп, оларды кейiннен бiрге орындаушы - мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жiберу.
      23. Мемлекеттiк бағдарламаның жобасын әзiрлеу кезеңi мыналарды:
      1) мемлекеттiк бағдарламаның бiрге орындаушы ұйымдардың мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органға оның сұрау салуы негiзiнде тұжырымдамалық көзқарас бойынша және әзiрленiп жатқан мемлекеттiк бағдарламаға бөлiмдер, оның мақсаттары мен мiндеттерi, сондай-ақ оны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары бойынша ұсыныстар берудi;
      2) бiрге орындаушы ұйымдардың ұсыныстары негiзiнде мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттік органның (комиссияның жұмыс тобының) мемлекеттік бағдарламаның және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының жобаларын әзiрлеудi көздейді.
      24. Мемлекеттік бағдарламаны келiсу кезеңi:
      1) мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органның (жұмыс тобы жетекшiсiнiң) мемлекеттік бағдарлама жобаларын және оны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын келiсуге мүдделi мемлекеттiк органдарға жiберуiн;
      2) мемлекеттiк бағдарлама жобаларын және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қаржыландыру көздерi мен мерзiмдерi бөлiнiсiнде бағдарламалық iс-шараларды қаржыландыру көлемi бойынша қорытынды алу үшін тиiстi бюджет комиссияларына жiберуін қамтиды.
      Егер, мемлекеттiк бағдарлама жобасы республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыруды қажет еткен жағдайда, ол бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн қарау кезеңiнде бюджет комиссиясына енгiзiледi.
      Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру көзделетiн мемлекеттiк бағдарлама жобасында көзделген iс-шаралар тиiстi бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмде ұсынылатын бюджеттiк бағдарламалармен байланыстырылуы тиiс.
      25. Мемлекеттiк бағдарламаны бекiту кезеңi өзiне:
      1) белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына мемлекеттiк бағдарламаны бекiту туралы шешiм жобасын ұсынуды;
      2) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына мемлекеттiк бағдарламаның жобасын ұсынуды;
      3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң мемлекеттік бағдарламаны бекiтуiн қамтиды.

5. Мемлекеттiк бағдарламаларды іске асыру, мониторингiн жүзеге асыру және іске асырылуын бағалау тәртiбi

      26. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мынадай кезеңдерге бөлiнедi:
      1) мемлекеттiк бағдарламаны және iс-шаралар жоспарын iске асыру;
      2) мерзiмдi мониторинг жүргiзу;
      3) мемлекеттiк бағдарламаның iске асырылуына баға берудi жүзеге асыру;
      4) мемлекеттiк бағдарламаны аяқтау (жалғастыру) туралы шешiм қабылдау.
      27. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру процесi:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтiлген мемлекеттiк бағдарлама бойынша шешiмдерiн және оны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарын тиiстi мемлекеттiк органдарға жеткiзуден;
      2) мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлегенi үшін жауапты мемлекеттiк органның қажеттiлiк кезiнде, мемлекеттiк органдардың ұсыныстары бойынша мемлекеттiк бағдарламаға түзетулердi енгiзуден тұрады, бұл орайда тиiстi бюджеттен қаржыландыру көлемiн өзгертетiн түзетулер тиiстi бюджет комиссиясымен келiсудi талап етеді.
      28. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мониторингiн жүзеге асыру процесi:
      1) мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттік органның, мемлекеттік бағдарламаны iске асыру барысына мониторингті жүзеге асыруынан және қажет болған кезде оған өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуiнен;
      2) белгіленген мерзiмде бiрге орындаушы мемлекеттік органдардың оларға бекiтiлген мемлекеттiк бағдарламаның бөлiмдерiн және iс-шаралар жоспары тармақтарын орындау жөнiндегі есептерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмдерiнде айқындалған мемлекеттік бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органға ұсынуынан;
      3) мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі есептердi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлігіне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне және уәкiлеттi органға мерзiмді ұсынуынан тұрады.
      29. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың тиiмділігін бағалауды мемлекеттік бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк орган (iшкi бағалау) және уәкiлетті орган (сыртқы бағалау) жүргізедi.
      Бағалауды өткiзу процесi:
      1) мемлекеттік бағдарламаны және iс-шаралар жоспарын iске асыру барысын;
      2) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлігін;
      3) жоспарланған мiндеттерге және индикаторларға қол жеткiзу дәрежесiн;
      4) мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына ықпалын талдаудан тұрады.
      Уәкiлеттi орган жауапты мемлекеттiк орган беретiн мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы есептердi талдайды және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Yкiметiне мемлекеттiк бағдарламаны одан әрi iске асырудың орындылығы туралы қорытынды тапсырады.
      Уәкiлеттi орган сыртқы бағалауды жүзеге асыру үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын және басқа да ұйымдарды тартуға құқылы.
      30. Мемлекеттiк бағдарламаны аяқтау туралы шешiм қабылдау кезеңi:
      1) бiрге орындаушылармен бiрлесiп, мемлекеттік бағдарламаны әзiрлеу үшiн жауапты мемлекеттiк органның мемлекеттiк бағдарламаның iске асырылу нәтижелерi туралы түпкiлiктi есептi дайындауын қамтиды, онда:
      мемлекеттік бағдарламаны iске асыру барысында қол жеткiзiлген нәтижелер;
      мемлекеттiк бағдарламаның жоспарланған мiндеттерi мен индикаторларына қол жеткiзу дәрежесi;
      мемлекеттік бағдарламаны iске асырудың елден әлеуметтік-экономикалық жағдайына мультипликативтiк әсерi көрсетiледі;
      2) мемлекеттік бағдарламаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттік органның мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру нәтижелерi туралы түпкiлiктi есептi Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Yкіметiне және уәкiлеттi органға ұсынуынан;
      3) мемлекеттік бағдарламаны iске асыру туралы түпкiлiктi есептi Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауынан;
      4) мемлекеттік бағдарламаның аяқталғаны және оны бақылаудан алу туралы шешiм қабылдаудан тұрады.

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О Правилах разработки государственных программ в Республике Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2003 года N 65

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О Правилах разработки государственных программ в Республике Казахстан".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект     

Указ Президента Республики Казахстан

О Правилах разработки государственных программ в
Республике Казахстан

      В целях обеспечения единого подхода к разработке государственных программ постановляю:
      1. Утвердить прилагаемые Правила разработки государственных программ в Республике Казахстан (далее - Правила).
      2. Государственным органам Республики Казахстан при разработке государственных программ руководствоваться настоящими Правилами.
      3. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан

Утверждены         
Указом Президента     
Республики Казахстан    
от "__"_____200 года    
N ____           

Правила разработки государственных программ в
Республике Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в целях обеспечения единого подхода к разработке государственных программ в Республике Казахстан (далее - государственная программа) и определяют организационно-методологические основы, общие принципы формирования проектов государственных программ, порядок их разработки, согласования и утверждения, а также осуществления контроля за их реализацией.
      2. Государственные программы разрабатываются государственными органами Республики Казахстан или консультативно-совещательными органами при Правительстве Республики Казахстан (комиссиями) или рабочими группами для решения наиболее важных вопросов общенационального характера в области экономической, социальной и других сфер жизни, в соответствии со Стратегией развития Республики Казахстан на период до 2030 года, стратегическими и индикативными планами социально-экономического развития Республики Казахстан.
      3. В соответствии со статьей 44 Конституции Республики Казахстан государственная программа утверждается Президентом Республики Казахстан.
      4. План мероприятий по реализации государственной программы утверждается Правительством Республики Казахстан.
      5. Государственные программы определяют комплекс взаимосвязанных мер, направленных на решение наиболее крупных и важных экономических, социальных и других задач, основываются на четком определении цели и содержат систему согласованных по срокам, ресурсам и исполнителям мероприятий с указанием ожидаемых результатов, обеспечивающих достижение поставленной цели, с учетом долгосрочных стратегических приоритетов, определенных в Стратегии развития Республики Казахстан на период до 2030 года, стратегических и индикативных планах социально-экономического развития Республики Казахстан.
      6. Государственные программы включаются в Перечень действующих и разрабатываемых государственных и отраслевых (секторальных) программ в Республике Казахстан (далее - Перечень), утверждаемый в составе Индикативного плана социально-экономического развития Республики Казахстан.
      7. Уполномоченный орган по программам определяется Правительством Республики Казахстан (далее - уполномоченный орган), в компетенцию которого входит:
      осуществление методологического руководства деятельностью центральных государственных органов по разработке программ;
      осуществление формирования и дальнейшее ведение Перечня;
      осуществление общего контроля за исполнением программ;
      проведение оценки эффективности (результативности) реализации программ.

2. Основные требования к государственным программам

      8. Государственные программы разрабатываются в соответствии с законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан по:
      поручению Президента Республики Казахстан;
      вопросам, имеющим межотраслевой характер, направленным на решение наиболее важных задач общенационального характера и на обеспечение обороноспособности и безопасности государства.
      9. Государственные программы разрабатываются на среднесрочный (не менее 3 лет) или на долгосрочный период свыше 3-х лет с обязательным выделением среднесрочных трехлетних этапов.
      План мероприятий по реализации долгосрочных программ разрабатывается на соответствующие среднесрочные этапы.
      10. Государственные программы должны обладать следующими основными свойствами:
      1) четкостью определения конкретных целей программы, путей и механизмов их реализации;
      2) адресностью программных мероприятий и заданий, четким определением сроков и последовательности их реализации, строгой ориентацией деятельности исполнителей на достижение программных целей;
      3) достижением согласованности с другими программами;
      4) сбалансированностью финансовых, трудовых и технических ресурсов и источников их обеспечения.
      11. Не допускается утверждение государственных программ:
      1) регламентирующих объем расходов, выраженных в процентном соотношении с основными макроэкономическими показателями;
      2) приводящих к снижению доходов и (или) увеличению расходов республиканского и местных бюджетов после его принятия на соответствующий финансовый год;
      3) без положительного заключения республиканской бюджетной комиссии по объемам финансирования в разрезе источников и сроков финансирования;
      4) дублирующих цели и задачи действующих программ, а также мероприятий по реализации этих программ;
      5) направленных на решение проблем отдельной отрасли или конкретного региона (города, территории);
      6) при несоблюдении требований, установленных в пунктах 8 и 10 настоящих Правил.

3. Структура государственной программы

      12. Структура государственной программы содержит следующие разделы:
      1) паспорт (основные параметры);
      2) введение;
      3) анализ современного состояния проблемы;
      4) цель и задачи государственной программы;
      5) основные направления и механизм реализации государственной программы;
      6) необходимые ресурсы и источники их финансирования;
      7) ожидаемый результат от реализации и индикаторы государственной программы.
      13. В паспорте описываются основные параметры государственной программы, включающие в себя: наименование, основание разработки, основного исполнителя, цели и задачи, сроки реализации (этапы), объемы и источники финансирования, ожидаемые результаты.
      14. Во введении указывается обоснование разработки государственной программы, необходимость ее разработки.
      15. Анализ современного состояния проблемы должен отражать количественные и качественные характеристики, сильные и слабые стороны, имеющиеся проблемы, основные экономические показатели в динамике за несколько предыдущих лет, а также содержать обзор позитивного зарубежного опыта по решению данной проблемы.
      16. Цель и задачи государственной программы должны быть четкими и конкретными.
      Цель государственной программы формируется, исходя, из стратегических и индикативных планов социально-экономического развития Республики Казахстан.
      Задачи определяют пути достижения поставленной цели наиболее эффективными методами.
      17. В основных направлениях и механизмах реализации государственной программы указываются основные направления работ по решению имеющихся проблем и перечни инструментов, а также механизмы по достижению поставленных целей и задач.
      18. Источниками финансирования государственной программы могут быть:
      средства республиканского и местных бюджетов, государственные займы, негосударственные займы, привлекаемые под государственную гарантию, прямые иностранные и отечественные инвестиции, гранты международных финансовых экономических организаций или стран-доноров, кредиты банков второго уровня, собственные средства организаций и другие не запрещенные законодательством Республики Казахстан источники.
      В случае финансирования государственной программы из республиканского и местных бюджетов должны быть указаны конкретные объемы финансирования по годам, мероприятиям и источникам финансирования в соответствии с прогнозными показателями республиканского и местных бюджетов на трехлетний период.
      19. Ожидаемый результат от реализации государственной программы выражается:
      в материальных и нематериальных изменениях, которые могут быть достигнуты в результате реализации государственной программы в целом и поэтапно;
      в индикаторах (прогнозных показателях), характеризующих качественные и количественные параметры, на достижение которых направлена государственная программа.
      Индикаторы должны быть контролируемыми и проверяемыми, определяться по годам реализации государственной программы, а также соответствовать основным показателям Индикативного плана социально-экономического развития Республики Казахстан.
      20. План мероприятий по реализации государственной программы разрабатывается в соответствии с Правилами, утверждаемыми Правительством Республики Казахстан.

4. Порядок разработки и утверждения государственных
программ

      21. Выделяются следующие этапы разработки и утверждения государственной программы:
      1) организационный;
      2) разработка проекта государственной программы;
      3) согласование и утверждение государственной программы.
      22. Организационный этап разработки проекта государственной программы включает в себя:
      1) направление предложений не позднее 5 декабря года, предшествующего году формирования проекта Индикативного плана социально-экономического развития Республики Казахстан в уполномоченный орган для включения проекта государственной программы в перечень. В исключительных случаях указанный срок может быть продлен Администрацией Президента Республики Казахстан.
      В период разработки Индикативного плана социально-экономического развития Республики Казахстан уполномоченный орган представляет в Правительство Республики Казахстан перечень разрабатываемых государственных программ для последующего согласования с Администрацией Президента Республики Казахстан;
      2) определение государственного органа - ответственного за разработку государственной программы, который устанавливается соответствующим решением Правительства Республики Казахстан.
      При необходимости постановлением Правительства Республики Казахстан или распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан образуется комиссия (рабочая группа) по разработке государственной программы, сформированная из представителей заинтересованных государственных органов и организаций;
      3) утверждение руководителем государственного органа - ответственного за разработку государственной программы документов (координационного плана разработки государственной программы, цели и задач государственной программы, ее концептуальных подходов, структуры основных разделов государственной программы) с последующим направлением их государственным органам и организациям-соисполнителям.
      23. Этап разработки проекта государственной программы предусматривает:
      1) представление организациями-соисполнителями государственной программы государственному органу - ответственному за разработку государственной программы на основании его запросов, предложений по концептуальному подходу и по разделам к разрабатываемой государственной программы, ее цели и задачам, в также к плану мероприятий по ее реализации;
      2) разработку государственным органом, ответственным за разработку (комиссией, рабочей группой) государственной программы на основании предложений организаций-соисполнителей проектов государственной программы и плана мероприятий по ее реализации.
      24. Этап согласования государственной программы включает в себя:
      1) направление государственным органом, ответственным за разработку государственной программы (руководителем рабочей группы) проектов государственной программы и плана мероприятий по ее реализации заинтересованным государственным органам на согласование;
      2) направление проектов государственной программы и плана мероприятий по ее реализации в соответствующие бюджетные комиссии для получения заключения по объему финансирования программных мероприятий в разрезе источников и сроков финансирования.
      В случае, если проект государственной программы требует финансирования из республиканского и местных бюджетов, он вносится в бюджетную комиссию в период рассмотрения бюджетных заявок администраторов бюджетных программ.
      Предусмотренные в проекте государственной программы мероприятия, по которым предполагается финансирование из республиканского и местных бюджетов, должны быть увязаны с бюджетными программами, предлагаемыми в бюджетной заявке соответствующих администраторов программ.
      25. Этап утверждения государственной программы включает в себя:
      1) представление в установленном порядке на рассмотрение Правительства Республики Казахстан проекта решения об утверждении государственной программы;
      2) представление в установленном порядке на рассмотрение Президенту Республики Казахстан проекта государственной программы;
      3) утверждение Президентом Республики Казахстан государственной программы.

5. Порядок реализации, осуществления мониторинга и
оценки реализации государственных программ

      26. Выделяются следующие этапы реализации государственной программы:
      1) реализация государственной программы и плана мероприятий;
      2) проведение периодического мониторинга;
      3) осуществление оценки реализации государственной программы;
      4) принятие решения о завершении (продолжении) государственной программы.
      27. Процесс реализации государственной программы состоит из:
      1) доведения до соответствующих государственных органов решений Президента Республики Казахстан по утвержденной государственной программе и плана мероприятий по ее реализации;
      2) внесения государственным органом, ответственным за разработку государственной программы, при необходимости, по предложениям государственных органов корректировок в государственную программу, при этом, корректировки, которые изменяют объемы финансирования из соответствующего бюджета, требуют согласования с соответствующей бюджетной комиссией.
      28. Процесс осуществления мониторинга реализации государственной программы состоит из:
      1) осуществления государственным органом, ответственным за разработку государственной программы, мониторинга за ходом реализации государственной программы и, при необходимости, подготовки предложений по внесению изменений в нее;
      2) представления государственными органами-соисполнителями отчетов по исполнению закрепленных за ними разделов государственной программы и пунктов плана мероприятий государственному органу, ответственному за разработку государственной программы, определенному в решениях Президента Республики Казахстан в установленные сроки;
      3) периодического представления государственным органом отчетов по реализации государственной программы в Администрацию Президента Республики Казахстан, Правительство Республики Казахстан и уполномоченный орган.
      29. Оценка эффективности реализации государственной программы проводится государственным органом, ответственным за разработку государственной программы (внутренняя оценка) и уполномоченным органом (внешняя оценка).
      Процесс проведения оценки состоит из анализа:
      1) хода реализации государственной программы и плана мероприятий;
      2) эффективности использования материальных, трудовых и финансовых ресурсов;
      3) степени достижения запланированных задач и индикаторов;
      4) влияния реализации государственной программы на социально-экономическое развитие страны.
      Уполномоченный орган анализирует отчеты о ходе реализации государственной программы, представляемые ответственным государственным органом, и дает, при необходимости, заключение в Правительство Республики Казахстан о целесообразности дальнейшей реализации государственной программы.
      Уполномоченный орган имеет право привлекать научно-исследовательские и другие организации для осуществления внешней оценки.
      30. Этап принятия решения о завершении государственной программы включает в себя:
      1) подготовку государственным органом, ответственным за разработку государственной программы, совместно с соисполнителями окончательного отчета о результатах реализации государственной программы, в котором должны отражаться:
      результаты, достигнутые в ходе реализации государственной программы;
      степень достижения запланированных задач и индикаторов государственной программы;
      мультипликативный эффект от реализации государственной программы на социально-экономическую ситуацию в стране;
      2) представление государственным органом, ответственным за разработку государственной программы, окончательного отчета о результатах реализации государственной программы Президенту Республики Казахстан, в Правительство Республики Казахстан и уполномоченный орган;
      3) рассмотрение окончательного отчета о реализации государственной программы Президентом Республики Казахстан;
      4) принятие решения о завершении государственной программы и снятии ее с контроля.