Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпан N 132 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2015 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 48-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкіметінің        
2003 жылғы 5 ақпандағы   
N 132 қаулысымен    
бекiтiлген    

       Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы N 107 Қаулысымен.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу
ережесі

      1. Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
      Ереже жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу тәртібін айқындайды.
      2. Инвестициялық кірістен (шығыннан) комиссиялық сыйақы есепті айдың ішінде күн сайын есептеледі әрі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен айқындалатын зейнетақы активтерінің тиісті күнгі шартты бірлігі құнының есебіне енгізіледі.
      Зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы есепті ай ішінде әр күн үшін теңдей сомамен есептеледі және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен айқындалатын зейнетақы активтерінің тиісті күнгі шартты бірлігі құнының есебіне енгізіледі. Бұл ретте, зейнетақы активтерінің мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі есепті айдың бірінші күнінің басындағы қаржы құралдарының сатып алу не нарықтық құнының ең аз мәні бойынша айқындалады.
      3. Есепті айға инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық кірісті нақты алған жағдайда және есепті айды қоса алғанда, қызмет басталғаннан бергі кезеңде есептелген комиссиялық сыйақы бойынша дебиторлық берешек болмаған жағдайда, инвестициялық шоттан жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті ағымдағы шотына аударылады.
      4. Есепті айдағы, осы Ереженің 2-тармағына сәйкес есептелген комиссиялық сыйақы сомасы жинақтаушы зейнетақы қорының ағымдағы шотына есепті айдан кейінгі айдың алтыншы жұмыс күнінен кешіктірмей аударылуға тиіс. Аудару кастодиан банктің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және жинақтаушы зейнетақы қорының не зейнетақы активтерін өздігінен инвестициялауды жүзеге асыру кезінде кастодиан банк пен жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті өкілдері қол қойған салыстырып тексеру актісінің негізінде жүргізіледі.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қоры таратылған не қайта ұйымдастырылған жағдайда зейнетақы активтерін бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына берген кезде зейнетақы активтерін беруші жинақтаушы зейнетақы қоры теріс комиссиялық сыйақының есептелген сомасының мөлшерін берешек сомасын өзінің меншікті қаражаты есебінен зейнетақы активтерінің есебіне аудару арқылы өтейді.

Об утверждении Правил взимания комиссионного вознаграждения накопительными пенсионными фондами

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2003 года N 132. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 91

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 26.02.2015 № 91 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 48 Закона Республики Казахстан от 20 июня 1997 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые Правила взимания комиссионного вознаграждения накопительными пенсионными фондами.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены           
постановлением Правительства 
Республики Казахстан     
от 5 февраля 2003 года N 132 

       Сноска. Правила в редакции постановления Правительства РК от 05.02.2009 N 107 (порядок введения в действие см. п.2).

Правила
взимания комиссионного вознаграждения накопительными
пенсионными фондами

      1. Настоящие Правила взимания комиссионного вознаграждения накопительными пенсионными фондами (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июня 1997 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" (далее - Закон).
      Правила определяют порядок взимания комиссионного вознаграждения накопительными пенсионными фондами.
      2. Комиссионное вознаграждение от инвестиционного дохода (убытка) ежедневно начисляется в течение отчетного месяца и включается в расчет стоимости условной единицы пенсионных активов соответствующего дня, определяемый в порядке, установленном нормативными правовыми актами государственного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган).
      Комиссионное вознаграждение от пенсионных активов начисляется равными суммами за каждый день в течение отчетного месяца и включается в расчет стоимости условной единицы пенсионных активов соответствующего дня, определяемый в порядке, установленном нормативными правовыми актами уполномоченного органа. При этом размер пенсионных активов определяется по наименьшему значению покупной либо рыночной стоимости финансовых инструментов, находящихся в инвестиционном портфеле накопительного пенсионного фонда на начало первого дня отчетного месяца.
      3. Комиссионное вознаграждение от инвестиционного дохода за отчетный месяц перечисляется с инвестиционного счета на собственный текущий счет накопительного пенсионного фонда в случае фактического получения накопительным пенсионным фондом инвестиционного дохода и при условии отсутствия дебиторской задолженности по начисленному комиссионному вознаграждению за период с начала деятельности, включая отчетный месяц.
      4. Сумма комиссионного вознаграждения за отчетный месяц, рассчитанная в соответствии с пунктом 2 настоящих Правил, подлежит перечислению на текущий счет накопительного пенсионного фонда не позднее шестого рабочего дня месяца, следующего за отчетным. Перечисление производится на основании акта сверки, подписанного уполномоченными представителями банка-кастодиана, организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными активами, и накопительного пенсионного фонда либо банка-кастодиана и накопительного пенсионного фонда при осуществлении инвестирования пенсионных активов самостоятельно.
      5. При передаче пенсионных активов из одного накопительного пенсионного фонда в другой в случае ликвидации либо реорганизации накопительного пенсионного фонда размер начисленной суммы отрицательного комиссионного вознаграждения возмещается накопительным пенсионным фондом, передающим пенсионные активы, посредством перечисления суммы задолженности за счет собственных средств в счет пенсионных активов.