Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 91 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 91 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 132 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 6, 63-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 132 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1427 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 50, 662-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 132 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 107 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 9, 4-құжат).
      4. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 839 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 49, 685-құжат).
      5. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 108 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 70-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады