Белгiленген тарифтер бойынша медициналық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2003 жылғы 7 ақпан N 138. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.01. N 547 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Белгiленген тарифтер бойынша медициналық қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен және басқа да мүдделi органдармен бiрлесiп, әртүрлi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң бюджеттерi арасында тегiн медициналық көмектiң кепілдiк берілген көлемiн көрсету шығындарын өтеу бойынша өзара есеп айырысу мәселелерiн реттеу жөнiндегi жұмыс тобын құрсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
2003 жылғы 7 ақпандағы       
N 138 қаулысымен бекiтiлген     

Белгiленген тарифтер бойынша медициналық қызмет көрсетулердi
мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесi

  1. Жалпы ережелер

       1. Осы ереже меншiк нысанына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардан (бұдан әрi - Берушi) белгiленген тарифтер бойынша тегiн медициналық көмектiң кепілдiк берiлген көлемiн сатып алуды жүзеге асырудың негiзгi шарттары мен тәртiбiн айқындайды. Бұл ереже мемлекеттiк мекемелерге қолданылмайды.

      2. Медициналық қызмет көрсетулердi сатып алу мемлекеттiк деңгейде - республикалық бюджет қаражаты есебiнен, жергiлiктi деңгейде - облыстық, Астана, Алматы қалалары бюджеттерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

  2. Медициналық қызмет көрсетулердi сатып алуды
жүзеге асыру тәртiбi

      3. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi Берушiлермен тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге арналған шарттар (бұдан әрi - Шарт) жасасу үшiн мыналарды қамтитын құжаттаманы әзiрлейдi және бекiтедi:
      1) медициналық көмек түрлерiнiң тiзбесi;
      2) медициналық көмек түрлерiне арналған белгiленген тарифтер;
      3) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ықтимал берушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
      4) Берушiлермен жасалатын Шарттың үлгілік нысаны;
      5) Шарт жасасуға арналған өтiнiм нысаны;
      6) Берушiлер өтiнiмдер беретiн орын және оның соңғы мерзiмi;
      7) Шарттар жасалатын орын және уақыт.

      4. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi Берушiлердi Шарттар жасалатыны туралы өтiнiмдер қабылдау мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күн бұрын хабардар етедi. Хабарландыру аптасына кемiнде үш рет шығатын және кемiнде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады және мыналарды қамтуы тиiс:
      1) көрсетiлуiне Шарт жасалатын медициналық көмектер түрлерiнің тiзбесiн;
      2) Шарт жасасу үшiн құжаттамаларды алатын орынды және оның тәсілдерiн;
      3) құжаттар ұсынылатын орынды және өтiнiмдер берудiң соңғы мерзiмін.

      5. Шарт жасасу үшiн Берушi мынадай құжаттар ұсынуы қажет:
      1) медициналық көмектің көлемi көрсетiле отырып, олардың белгiлi бiр түрлерiн көрсетуге арналған өтiнiм;
      2) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ықтимал берушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiктi растайтын құжаттар;
      Беруші осы тармақта көрсетiлмеген ақпаратты бермеуге құқылы.

      6. Азаматтар меншiк түрiне және тұратын орнына қарамастан, кез келген медицина ұйымынан медициналық көмек сұрай алады, бiрақ тәртiп бойынша тегiн медициналық көмектің кепілдiк берiлген көлемiн көрсету аумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылады. Бұл орайда тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсеткенi үшiн шығындардың орнын толтыру белгiленген тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
      Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын медициналық көмектi сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілеттi орталық органы белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      7. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi 5-тармақта көрсетiлген құжаттарды ұсынған Берушiлермен ғана Шарт жасасады. Шарт жасасқан Берушілердің тiзбесi медициналық көмек түрлерi көрсетiле отырып, мiндеттi түрде аптасына кемiнде үш рет шығатын және кемiнде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарына таралатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жарияланады.
      Берушiлермен шарттар Бюджеттiк бағдарлама әкімшiсiне бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсінің міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары бойынша бөлiнген қаражат шегiнде жасалады.

Об утверждении Правил осуществления государственных закупок медицинских услуг по фиксированным тарифам

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2003 года N 138. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 1 июня 2005 г. N 547 (P050547).

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.06.2005 № 547.

      Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления государственных закупок медицинских услуг по фиксированным тарифам.

      2. Министерству здравоохранения Республики Казахстан совместно с Министерством экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан и другими заинтересованными органами создать рабочую группу по урегулированию вопросов взаиморасчетов между бюджетами различных административно-территориальных единиц по возмещению затрат на оказание гарантированного объема бесплатной медицинской помощи.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 7 Февраля 2003 года N 138

Правила осуществления государственных закупок
медицинских услуг по фиксированным тарифам
1. Общие положения

      1. Настоящие правила определяют основные условия и порядок осуществления закупа гарантированного объема бесплатной медицинской помощи у юридических и физических лиц, имеющих лицензию на медицинскую деятельность, независимо от форм собственности (далее - Поставщик), по фиксированным тарифам. Данные правила не распространяются на государственные учреждения.

      2. Закуп медицинских услуг осуществляется на республиканском уровне - за счет средств республиканского бюджета, на местном уровне - за счет средств областных, городов Астана, Алматы бюджетов.

2. Порядок осуществления закупа медицинских услуг

      3. Администратор бюджетных программ разрабатывает и утверждает документацию для заключения договоров с Поставщиками, на оказание гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (далее - Договор), содержащую:

      1) перечень видов медицинской помощи;

      2) фиксированные тарифы на виды медицинской помощи;

      3) квалификационные требования, предъявляемые к потенциальным поставщикам в соответствии с законодательством о государственных закупках;

      4) типовую форму Договора с Поставщиками;

      5) форму заявки на заключение Договора;

      6) место и окончательный срок представления заявок Поставщиками;

      7) место и дату заключения Договоров.

      4. Администратор бюджетных программ не менее, чем за двадцать календарных дней до окончания срока приема заявок информирует Поставщиков о предстоящем заключении Договоров. Объявление публикуется в периодическом печатном издании, выпускаемом не реже трех раз в неделю и распространяемом не менее чем на территории области, городов Астаны и Алматы, и должно содержать:

      1) перечень видов медицинской помощи, на оказание которых будут заключаться Договора;

      2) место и способы получения документации для заключения Договора;

      3) место предоставления документов и окончательный срок подачи заявок.

      5. Для заключения Договора Поставщику необходимо представить следующие документы:

      1) заявка на оказание определенных видов медицинской помощи с указанием их объемов;

      2) документы, подтверждающие соответствие квалификационным требованиям, предъявляемым к потенциальным поставщикам в соответствии с законодательством о государственных закупках.

      Поставщик вправе не представлять информацию, не указанную в данном пункте.

      6. Граждане могут обращаться за медицинской помощью в любую медицинскую организацию, независимо от формы собственности и местонахождения, но как правило, оказание гарантированного объема бесплатной медицинской помощи осуществляется по территориальному принципу. При этом возмещение затрат за оказание гарантированного объема бесплатной медицинской помощи осуществляется по фиксированным тарифам.

      Закуп медицинской помощи, финансируемой за счет средств республиканского бюджета осуществляется в порядке, установленном уполномоченным центральным органом Республики Казахстан в области охраны здоровья граждан.

      7. Администратор бюджетных программ заключает Договоры только с теми Поставщиками, которыми предоставлены документы, указанные в пункте 5. Перечень Поставщиков, с которыми заключены Договоры, с указанием видов медицинской помощи, в обязательном порядке публикуется в периодическом печатном издании, выпускаемом не реже трех раз в неделю и распространяемом не менее чем на территории области, городов Астаны и Алматы.

      Договора с Поставщиками заключаются в пределах средств, выделенных Администратору бюджетной программы по плану финансирования по обязательствам администратора бюджетных программ.