ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен олардың айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 ақпан N 153 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. 2002 жылғы 30 наурызда Алматы қаласында жасалған ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен олардың айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен олардың айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы келiсiм

      Ескерту. Келісімнің 9-бабын қоспағанда, мәтін бойынша «этил спирті, алкоголь, құрамында спирт бар және темекі өнімдері» деген сөздер тиісті септікте «этил спирті, алкоголь, құрамында спирт бар өнімдер, темекі өнімдері және ақ қант» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 25.05.2015 № 385 қаулысымен.

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң үкiметтерi, Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар өнімдер, темекі өнімдерінің және ақ қанттың өндiрiлуi мен олардың айналымын реттеу қажеттiлiгiн тани отырып,
      1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келiсiмдердi негiзге ала отырып және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шарттың, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шарттың ережелерiн ескере отырып,
      этил спиртiн, алкоголь, құрамында спирт бар өнімдер, темекі өнімдерін және ақ қантты өндiру мен оның айналымы саласындағы тиiстi мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету қажеттiлiгiн басшылыққа ала отырып,
      Тараптар мемлекеттерiнiң экспорттық-импорттық операцияларына салықтық және кедендiк бақылауды жетiлдiру, салық және кеден органдарының арасында ақпарат алмасу мақсатында,
      мыналар туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "Этил спиртi, алкоголь, құрамында спирт бар өнімдер, темекі өнімдері және ақ қант" ұғымы Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес жанама салықтар (акциздер және/немесе ҚҚС) белгiленген этил спиртi, алкоголь, құрамында спирт бар өнімдер, темекі өнімдері және ақ қантты бiлдiредi.
      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн этил спиртi, алкоголь, құрамында спирт бар өнімдер, темекі өнімдері және ақ қант айналымы тiркесiнде көрсетiлген тауарлар түрлерiн Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына әкелу, аумағынан әкету және аумағы арқылы тасымалдау, сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшектеп сату түсiндiрiледi.
      Тараптар осы келiсiмге қол қойылған күнiнен бастап 3 ай мерзiмде оларға қатысты осы Келiсiмнiң ережелерi қолданылатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметiнiң тауарлық номенклатурасының (СЭҚ ТН ТМД) негiзiнде тауарлардың тiзбесiн келiседi.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.05.2015 № 385 қаулысымен.

2-бап

      Тараптар этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар өнімдер, темекі өнімдері және ақ қанттың өндiрiлуi мен айналымына бақылауды Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес тиiстi құзыреттi органдарға жүктейдi.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.05.2015 № 385 қаулысымен.

3-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң салық және кеден органдары өзара келiсiм бойынша этил спиртiн, алкоголь, құрамында спиртi бар өнімдер, темекі өнімдері және ақ қантын өндiретiн кәсiпорындардың, сондай-ақ оларды әкелудi-әкетудi және транзиттiк тасымалдауды жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының тiзiлiмдерiмен алмасады.

4-бап

      Этил спиртiн, алкоголь, құрамында спиртi бар өнімдер, темекі өнімдері және ақ қантты әкелудi-әкетудi тарифтiк емес реттеу шараларын Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына және олардың халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

5-бап

      Тараптар екi жақты негiзде ол арқылы Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына/нан этил спиртiн, алкоголь, құрамында спиртi бар өнімдер, темекі өнімдері және ақ қантты әкелу-әкету жүзеге асырылатын шекаралық өту бекеттерiнiң тiзбесiн анықтайды және келiседi.
      Тараптар осы Келiсiмге қол қойылған күнiнен бастап 3 айлық мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiне шекаралық өткiзу бекеттерiнiң тiзбесiн жiбередi.

6-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң салық және кеден органдары екi жақты негiзде тұрақты айырбасқа жататын этил спиртiн, алкоголь, құрамында  спирті бар өнімдер, темекі өнімдері және ақ қантын өндiру жөнiндегi қажеттi ақпараттың тiзбесi мен көлемiн анықтайды.

7-бап

      Тараптар этил спиртiн, алкоголь, құрамында спирті бар өнімдер, темекі өнімдері және ақ қантын өндiру және оның айналымы саласындағы Тараптар мемлекеттерiнде қолданылып жүрген заңнаманы үйлестіру жолымен мемлекеттiк реттеу шараларын келiсуге ұмтылады.

8-бап

      Этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спиртi бар өнімдер, темекі өнімдері және ақ қанттың өндiрiлуiн бақылауды реттеу мақсатында Тараптар транзиттік тасымалдауларды кедендiк қамтамасыз етудiң келiсiлген тәсiлдерiн белгiлеуге ұмтылады.

9-бап

      Тараптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде өндiрiлген және олардың аумағына әкелiнетiн этил спиртіне, алкоголь, құрамында спиртi бар және темекi өнiмдерiне акциздiк салықтың (акциздiң) ставкаларын жақындатуға ұмтылады.

10-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер мүдделi Тараптар консультациялары мен келiссөздерi арқылы шешiледi.

11-бап

      Осы Келiсiмге, оның ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген Хаттамалармен ресiмделетiн Тараптардың келiсiмiмен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

12-бап

      Осы Келiсiм оның депозитарийi болып табылатын Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетiне Тараптардың мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындауы туралы хабарламаны соңғысының тапсырған күнiнен бастап отызыншы күнi күшiне енедi.

13-бап

      Әрбiр Тарап депозитарийге шыққанға немесе өзiнiң оған қатысуын тоқтата тұрғанға дейiн алты айдан кешiктiрмей жазбаша хабарлама жiбере отырып, осы Келiсiмнен шыға немесе оған өзiнiң қатысуын тоқтата тұра алады.
      2002 жылғы 30 наурызда Алматы қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
      Келісімнің түпнұсқа данасы Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетінде сақталады, ол әрбір тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.

      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін

      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін

      Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін

Об утверждении Соглашения о таможенном и налоговом контроле за производством и оборотом этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей и табачной продукции на территориях государств-членов ЕврАзЭС

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2003 года N 153

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить Соглашение о таможенном и налоговом контроле за производством и оборотом этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей и табачной продукции на территориях государств-членов ЕврАзЭС, совершенное в городе Алматы 30 марта 2002 года.
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Соглашение
о таможенном и налоговом контроле за производством и оборотом
этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей и табачной
продукции на территориях государств-членов ЕврАзЭС

      Сноска. По тексту, за исключением статьи 9 Соглашения, слова «этиловый спирт, алкогольная, спиртосодержащая и табачная продукция» в соответствующем падеже заменены словами «этиловый спирт, алкогольная, спиртосодержащая, табачная продукция и сахар белый» в соответствующем падеже постановлением Правительства РК от 25.05.2015 № 385.

      Правительства государств-членов Евразийского экономического сообщества, именуемые далее Сторонами,
      признавая необходимость упорядочения производства и оборота этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей, табачной продукции и сахара белого на территориях государств Сторон,
      основываясь на соглашениях о Таможенном союзе от 6 и 20 января 1995 года и учитывая положения Договора о Таможенном союзе и Едином экономическом пространстве от 26 февраля 1999 года, Договора об учреждении Евразийского экономического сообщества от 10 октября 2000 года,
      руководствуясь необходимостью обеспечения должного государственного регулирования в сфере производства и оборота этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей, табачной продукции и сахара белого,
      в целях совершенствования налогового и таможенного контроля над экспортно-импортными операциями, обмена информацией между налоговыми и таможенными органами государств Сторон,
      согласились о следующем:

Статья 1

      Для целей настоящего Соглашения понятия "Этиловый спирт, алкогольная, спиртосодержащая, табачная продукция и сахар белый" означают этиловый спирт, алкогольная, спиртосодержащая, табачная продукция и сахар белый, на которую в соответствии с законодательством государств Сторон установлены косвенные налоги (акцизы и/или НДС).
      Для целей настоящего Соглашения под оборотом этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей, табачной продукции и сахара белого понимается ввоз на территорию, вывоз с территории и перемещение через территорию государств Сторон, приобретение, хранение, оптовая и розничная реализация указанных видов товаров.
      Стороны в 3-х месячный срок с даты подписания настоящего Соглашения, согласуют перечень товаров на основе Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Содружества Независимых Государств (ТН ВЭД СНГ), по отношению к которым будут применяться положения данного Соглашения.
      Сноска. Статья 1 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 25.05.2015 № 385.

Статья 2

      Стороны в соответствии с национальным законодательством и международными обязательствами государств Сторон возложат контроль за производством и оборотом этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей, табачной продукции и сахара белого на соответствующие компетентные органы.
      Сноска. Статья 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 25.05.2015 № 385.

Статья 3

      Налоговые и таможенные органы государств Сторон по взаимному согласованию обменяются реестрами предприятий, производящих этиловый спирт, алкогольную, спиртосодержащую, табачную продукцию и сахар белый, а также участников внешнеэкономической деятельности, осуществляющих их ввоз-вывоз и транзитное перемещение.

Статья 4

      Меры нетарифного регулирования ввоза-вывоза этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей, табачной продукции и сахара белого осуществляются в соответствии с национальным законодательством государств Сторон и их международными обязательствами.

Статья 5

      Стороны на двусторонней основе определят и согласуют перечень пограничных пунктов пропуска, через которые будет осуществляться ввоз-вывоз на/с территории государств Сторон этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей, табачной продукции и сахара белого.
      Стороны в 3-х месячный срок с даты подписания настоящего Соглашения, направят перечни пограничных пунктов пропуска в Интеграционный Комитет Евразийского экономического сообщества.

Статья 6

      Налоговые и таможенные органы государств Сторон на двусторонней основе определят перечень и объемы необходимой информации по производству и обороту этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей, табачной продукции и сахара белого, подлежащей регулярному обмену.

Статья 7

      Стороны будут стремиться к согласованию мер государственного регулирования путем гармонизации действующего в государствах Сторон законодательства в сфере производства и оборота этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей, табачной продукции и сахара белого.

Статья 8

      В целях упорядочения контроля за перемещением этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей, табачной продукции и сахара белого Стороны будут стремиться к установлению согласованных способов таможенного обеспечения транзитных перевозок.

Статья 9

      Стороны будут стремиться к сближению ставок акцизного налога (акциза) на производимые в государствах-членах ЕврАзЭС и ввозимые на их территорию этиловый спирт, алкогольную, спиртосодержащую и табачную продукцию.

Статья 10

      Спорные вопросы, связанные с применением или толкованием положений настоящего Соглашения, разрешаются путем консультаций и переговоров заинтересованных Сторон.

Статья 11

      В настоящее Соглашение могут быть внесены изменения и дополнения с согласия Сторон, которые оформляются отдельными Протоколами, являющимися его неотъемлемой частью.

Статья 12

      Настоящее Соглашение вступает в силу на тридцатый день со дня сдачи депозитарию, которым является Интеграционный Комитет Евразийского экономического сообщества, последнего уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур.

Статья 13

      Каждая Сторона может выйти из настоящего Соглашения или приостановить свое участие в нем, направив депозитарию письменное уведомление не позднее, чем за шесть месяцев до выхода или приостановления своего участия в нем.
      Совершено в г. Алматы 30 марта 2002 года в одном подлинном экземпляре на русском языке.
      Подлинный экземпляр Соглашения хранится в Интеграционном Комитете Евразийского экономического сообщества, который направит каждой Стороне его заверенную копию.

      За Правительство
      Республики Беларусь

      За Правительство
      Республики Казахстан

      За Правительство
      Кыргызской Республики

      За Правительство
      Российской Федерации

      За Правительство
      Республики Таджикистан