Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар бepу" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметiнiң арасында ноталар алмасу нысанындағы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгізілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Pecпубликасының Заңы "Қызылорда қаласының көп бейiнді аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру" жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы Қазақстан Pecпубликасының Үкiметi мен Жапония Үкiметiнiң арасында ноталар алмасу нысанындағы
келiсiмдi бекiту туралы"
2003 жылғы 29 қаңтарда Астана қаласында жасалған "Қызылорда қаласы көп бейінді аурухана кешенiне медициналық жабдықтар бepу" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкiметiнiң грантын тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметiнің арасында ноталар алмасу нысанындағы келiсiм бекiтiлсiн.
Қазақстан Pecпубликасының
Президентi
Қазақстан Pecпубликасының Сыртқы iстер министрлiгi нотасының аудармасы
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлігі
Астана 29 қаңтар, 2003
Сiздің Жоғары мәртебелiңiз,
Мәтiнi төменде келтiрiлген Сiздің бүгiнгi күнмен белгiленген Жоғары мәртебелi Нотаңызды алғандығымды растауға рұқсат етуіңізді сұраймын:
"Eкі ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығына қатысты Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi арасында жақында өткiзiлген талқылауға жүгiнудi әрi Жапония Үкiметiнiң атынан мынадай келiсiмдердi ұсынуға рұқсат етуiңiздi сұраймын:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру жөнiндегi жобасын (бұдан әрi - Жоба) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкiметi Жапонияның қолданыстағы заңнамасына, нормативтiк кесiмдерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне Y 467.000.000 (төрт жүз алпыс жетi миллион иен) мөлшерде грант (бұдан әрi - Грант) бөлiнсiн.
2. Грант, егер осы кезең уәкiлеттi екi үкiметтің өзара келiсiмдерi арқылы ұзармаған болса, осы келiсiм күшiне енген күн мен 2003 жылғы 31 наурыз арасындағы кезең iшiнде ұсынылады.
3. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грантты тек төменде аталған Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония бодандарының немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметтерiн сатып алу үшiн пайдаланады (осы келісiмде қолданылатын "бодандар" термині жапондық бодандарға қатысты жапондық жеке тұлғалар бақылайтын - жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды және қазақстандық бодандарға қатысты - қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды бiлдiредi):
(а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi және оларды орналастыру үшiн қажеттi жабдықтар;
Жапонияның Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi
Жоғары мәртебелi
Тосио Цунодзакиға
(б) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары және оларды орналастыру үшiн қажетті қызметтер
(с) жоғарыдағы (а), (б) тармақтарында көрсетiлген өнiмдердi Қазақстан Республикасына тасымалдау үшiн және ел iшiнде тасымалдау үшін қажетті қызметтер.
(2) Егер екі үкiмет қажет деп тапса, жоғарыдағы (1) тармақтың ережелерiне қарамастан, Грант жоғарыдағы (1) тармақтың (а) және (б) тармақшаларында көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылған өнiмдердi әрi (1) тармақтың (а), (б) және (с) тармақшаларында көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшінші елдерде сатып алуға берiлген қызметтердi пайдаланылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының Yкіметi немесе оның уәкілеттi органдары 3-тармақта көрсетілген өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн жапондық бодандармен жапондық иенiнде келiсiм-шарт жасасады. Жапония Үкiметi Грант үшiн ыңғайлы мұндай келiсiм-шарттар ретiнде бекітуі тиiс.
5. (1) Жапония Үкiметi Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары 4-тармақтың ережелерiне сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттар (бұдан әрi - Бекiтiлген келiсiм-шарттар) бойынша алған мiндеттемелердi жабу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілеттi органы Жапония банкінде белгiленген (бұдан әрi - Банк) Қазақстан Республикасы Үкiметінің атына ашылған шотқа жапондық иенiмен төлемдер жасау жолымен орындайды.
(2) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілеттi органы ақы төлеудi жүргiзу үшiн уәкiлдiк берген Банкке Жапония Үкiметiне төлем өтiнiшiн берген кезде орындалады.
(3) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген шоттың жалғыз мақсаты Жапония Үкiметiнiң жапон иенінде төлемдер алуы және Бекiтiлген келiсiм-шарттардың қатысушылары болып табылатын жапондық боданның ақы төлеуi болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебетке қатысты рәсiмдiк шаралар Банк пен Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе ол уәкілеттік берген орган арасындағы консультациялар жолымен келiсіледi.
6. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай шараларды:
(а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант бойынша сатып алынған тауарларды уақытында кедендік ресiмдеудi және iшкі тасымалдауды қамтамасыз ету;
(б) жапондық бодандарды Бекiтiлген келiсiм-шарт бойынша өнiмдердi жеткiзу мен қызметтерге байланысты Қазақстан Республикасында салынатын кедендік баж, iшкi салықтар және өзге де қаржылық алымдардан босату;
(с) Бекiтiлген Келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтердi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын жапондық бодандарға өз жұмыстарын орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және оның аумағында болу жағдайларын қамтамасыз ету;
(д) Грант бойынша сатып алынған тауарлардың жобаны iске асыру мақсатында тиесiлі және тиiмдi ұсталатынын және пайдаланылатынын қамтамасыз ету;
(e) Грантпен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығысты көтеру үшiн қажеттi шараларды қолданады.
(2) Грант бойынша сатып алынған тауарларды жөнелтудi және теңiздiк тасымал сақтандыруына қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарларды жөнелту және теңiздiк тасымалдау сақтандыру компанияларының арасында әдiл әрi еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруі мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгілеуден бас тартады.
(3) Грант бойынша сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасынан қайта экспортқа шығарылмайды.
7. Осы келiсiмдерге байланысты туындауы мүмкiн мәселелер бойынша екi Үкiмет бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi.
Осы Нота мен Сiздің Жоғары мәртебеңiз Қазақстан Республикасы Үкiметінің атынан жоғарыда келтiрiлген келiсiмдi растайтын жауап Нотаңыз Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi үкiмет арасындағы бекiтiлген Келiсiм болып саналатындығын ұйғаруға маған құрмет көрсетіңiз.
Сiздiң Жоғары мәртебеңiзге өзiмнiң терең құрметiмдi білдiру мүмкiндiгiн пайдалануыма рұқсат етiңiз."
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жоғарыда көрсетiлген келiсiмдi растауға және Сiздiң Жоғары мәртебелi Нотаңыз және осы Нота Жапония Үкімeтi Қазақстан Республикасының Yкiметi осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi үкiмет арасындағы бекiтiлген келiсiм болып саналатындығына келiсiмiмдi бiлдiрудi құрмет тұтамын.
Сiздiң Жоғары мәртебеңiзге өзiмнің терең құрметiмдi бiлдiру мүмкiндiгiн пайдалануыма рұқсат етiңiз.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi
Қайрат Әбусейiтов
Жапонияның Қазақстан Pecпубликасындағы Елшiлiгi нотасының аудармасы
Астана, 29 қаңтар, 2003
Сiздің Жоғары мәртебелiңiз,
Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығына қатысты Жапония Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкілдерi арасында жақында өткiзiлген талқылауға жүгiнудi әрi Жапония Үкiметiнiң атынан мынадай келiсiмдердi ұсынуға рұқсат етуіңіздi сұраймын:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің Қызылорда қаласының көп бейінді аурухана кешеніне медициналық жабдықтар беру жөнiндегi жобасын (бұдан әрi - Жоба) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкiметi Жапонияның қолданыстағы заңнамасына, нормативтiк кесiмдерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне Y 467.000.000 (төрт жүз алпыс жетi миллион иен) мөлшерде грант (бұдан әрi - Грант) бөлiнсiн.
2. Грант, егер осы кезең уәкілеттi екi үкiметтiң өзара келiсiмдерi арқылы ұзармаған болса, осы келiсiм күшiне енген күн мен 2003 жылғы 31 наурыз арасындағы кезең iшiнде ұсынылады.
3. (1) Қазақстан Республикасының Үкiметi Грантты тек төменде аталған Жапонияның немесе Қазақстан Республикасының өнiмдерiн немесе Жапония бодандарының немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметтерiн сатып алу үшiн пайдаланады (осы келісiмде қолданылатын "бодандар" терминi жапондық бодандарға қатысты жапондық жеке тұлғалар бақылайтын - жапондық жеке тұлғаларды немесе жапондық заңды тұлғаларды және қазақстандық бодандарға қатысты - қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаларды білдiредi):
(а) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi және оларды орналастыру үшiн қажет жабдықтар;
Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi
Қайрат Әбусейiтов мырзаға
(б) Жобаны iске асыру үшiн қажеттi көлiк құралдары және оларды орналастыру үшiн қажетті қызметтер
(с) жоғарыдағы (а), (б) тармақтарында көрсетiлген өнiмдердi Қазақстан Республикасына тасымалдау үшiн және ел ішінде тасымалдау үшiн қажеттi қызметтер.
(2) Егер екi үкiмет қажет деп тапса, жоғарыдағы (1) тармақтың ережелерiне қарамастан, Грант жоғарыдағы (1) тармақтың (а) және (б) тармақшаларында көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде шығарылған өнiмдердi әрi (1) тармақтың (а), (б) және (с) тармақшаларында көрсетiлген Жапониядан немесе Қазақстан Республикасынан өзге үшiншi елдерде сатып алуға берiлген қызметтердi пайдаланылуы мүмкiн.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілеттi органдары 3-тармақта көрсетілген өнiмдер мен қызметтердi сатып алу үшiн жапондық бодандармен жапондық иенiнде келiсiм-шарт жасасады. Жапония Үкiметi Грант үшiн ыңғайлы мұндай келiсiм-шарттар ретінде бекiтуi тиiс.
5. (1) Жапония Үкiметi Грантты Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілеттi органдары 4-тармақтың ережелеріне сәйкес бекiтiлген келiсiм-шарттар (бұдан әрi - Бекiтiлген келiсiм-шарттар) бойынша алған мiндеттемелердi жабу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе оның уәкілетті органы Жапония банкінде белгiленген (бұдан әрi - Банк) Қазақстан Республикасы Үкiметінің атына ашылған шотқа жапондық иенiмен төлемдер жасау жолымен орындайды.
(2) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген төлемдер Қазақстан Республикасының Yкіметi немесе оның уәкілеттi органы ақы төлеудi жүргiзу үшiн уәкiлдiк берген Банкке Жапония Үкiметiне төлем өтiнiшiн берген кезде орындалады.
(3) Жоғарыдағы (1) тармақшада көрсетiлген шоттың жалғыз мақсаты Жапония Үкiметiнің жапон иенiнде төлемдер алуы және Бекiтілген келiсiм-шарттардың қатысушылары болып табылатын жапондық боданның ақы төлеуi болып табылады. Банк шотынан кредит пен дебетке қатысты рәсiмдiк шаралар Банк пен Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе ол уәкілеттiк берген орган арасындағы консультациялар жолымен келiсіледi.
6. (1) Қазақстан Республикасының Yкіметi мынадай шараларды:
(а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант бойынша сатып алынған тауарларды уақытында кедендер ресiмдеуi және iшкi тасымалдауды қамтамасыз ету;
(б) жапондық бодандарды Бекiтiлген келiсiм-шарт бойынша өнiмдердi жеткiзу мен қызметтерге байланысты Қазақстан Республикасында салынатын кедендiк баж, iшкi салықтар және өзге де қаржылық алымдардан босату;
(с) Бекiтiлген Келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен қызметтердi жеткiзуге байланысты қызметi қажет болатын жапондық бодандарға өз жұмыстарын орындауы үшiн Қазақстан Республикасына келу және оның аумағында болу жағдайларын қамтамасыз ету;
(д) Грант бойынша сатып алынған тауарлардың жобаны iске асыру мақсатында тиесілi және тиiмдi ұсталатынын және пайдаланылатынын қамтамасыз ету;
(e) Грантпен жабылатындардан басқа, Жобаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығысты көтеру үшiн қажеттi шараларды қолданады.
(2) Грант арқылы сатып алынған тауарларды жөнелтудi және теңiздiк тасымал сақтандыруына қатысты Қазақстан Республикасының Үкiметi тауарларды жөнелту және теңiздiк тасымалдау сақтандыру компанияларының арасында әділ әрi еркiн бәсекелестiкке кедергi келтiруі мүмкiн қандай да бiр шектеулер белгілеуден бас тартады.
(3) Грант бойынша сатып алынған тауарлар Қазақстан Республикасынан қайта экспортқа шығарылмайды.
7. Осы келiсiмдерге байланысты туындауы мүмкiн мәселелер бойынша екi Үкiмет бiр-бiрiмен консультациялар жүргiзедi.
Осы Нота мен Сiздiң Жоғары мәртебеңiз Қазақстан Республикасы Үкiметiнің атынан жоғарыда келтiрiлген келiсiмдi растайтын жауап Нотаңыз Жапония Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Келiсiм күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішiлік рәсiмдерді орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiн екi үкiмет арасындағы бекiтiлген Келiсiм болып саналатындығын ұйғаруға маған құрмет көрсетiңiз.
Сiздiң Жоғары мәртебеңiзге өзiмнiң терең құрметiме сенiм бiлдiру мүмкiндiгiн пайдалануыма рұқсат етіңiз.
Тосио Цунодзаки
Жапонияның Қазақстан
Республикасындағы Төтенше
және Өкiлеттi елшiсi