"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Изотоп" ғылыми-өндiрiстiк-коммерциялық бiрлестiгi" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне (бұдан әрі - "Изотоп" ҒӨКБ" ЖШС) (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына жалпы активтiлiгi 306 (үш жүз алты) кюри (бөлінетін материалдың 51 граммы) 600000 (алты жүз мың) АҚШ доллары сомасына саны 235 (екі жүз отыз бес) дана радиоактивті сәулелену көздері-ядролық материалдарды (ТМД СЭҚ ТН коды - 284420890, ОС002 бақылау тiзiмi бойынша) импортқа шығаруға "Маяк" өндiрiстiк бiрлестiгi" Федералды мемлекеттiк бiртұтас кәсіпорнымен (Озерск қаласы, Ресей Федерациясы) жасалған мынадай келiсiм-шарттарға сәйкес рұқсат берілсін:
1) 2002 жылғы 1 қарашадағы N 398/07622740/45211 - жалпы активтілігі 271 (екi жүз жетпіс бiр) кюри (бөлiнетiн материалдың 23 граммы) 400000 (төрт жүз мың) АҚШ доллары сомасына саны 190 (бiр жүз тоқсан) дана 238-плутоний негiзiндегi көздер;
2) 2002 жылғы 1 қарашадағы N 398/07622740/45212 - жалпы активтілігі 35 (отыз бес) кюри (бөлiнетiн материалдың 28 граммы) 200000 (екi жүз мың) АҚШ доллары сомасына саны 45 (қырық бес) дана 239-плутоний негізіндегi көздер.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Изотоп" ҒӨКБ" ЖШС-ға осы қаулының 1-тармағында көрсетілген радиоизотопты өнiм импортына лицензия берсін.
3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен импортталатын радиоизотопты өнiмдi кедендiк бақылауды және кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі