Радиоизотопты өнiм импортына рұқсат беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 27 ақпан N 206

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына  және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Изотоп" ғылыми-өндiрiстiк-коммерциялық бiрлестiгi" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне (бұдан әрі - "Изотоп" ҒӨКБ" ЖШС) (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына жалпы активтiлiгi 306 (үш жүз алты) кюри (бөлінетін материалдың 51 граммы) 600000 (алты жүз мың) АҚШ доллары сомасына саны 235 (екі жүз отыз бес) дана радиоактивті сәулелену көздері-ядролық материалдарды (ТМД СЭҚ ТН коды - 284420890, ОС002 бақылау тiзiмi бойынша) импортқа шығаруға "Маяк" өндiрiстiк бiрлестiгi" Федералды мемлекеттiк бiртұтас кәсіпорнымен (Озерск қаласы, Ресей Федерациясы) жасалған мынадай келiсiм-шарттарға сәйкес рұқсат берілсін:
      1) 2002 жылғы 1 қарашадағы N 398/07622740/45211 - жалпы активтілігі 271 (екi жүз жетпіс бiр) кюри (бөлiнетiн материалдың 23 граммы) 400000 (төрт жүз мың) АҚШ доллары сомасына саны 190 (бiр жүз тоқсан) дана 238-плутоний негiзiндегi көздер;
      2) 2002 жылғы 1 қарашадағы N 398/07622740/45212 - жалпы активтілігі 35 (отыз бес) кюри (бөлiнетiн материалдың 28 граммы) 200000 (екi жүз мың) АҚШ доллары сомасына саны 45 (қырық бес) дана 239-плутоний негізіндегi көздер.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Изотоп" ҒӨКБ" ЖШС-ға осы қаулының 1-тармағында көрсетілген радиоизотопты өнiм импортына лицензия берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен импортталатын радиоизотопты өнiмдi кедендiк бақылауды және кедендiк ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетiне жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О выдаче разрешения на импорт радиоизотопной продукции

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 февраля 2003 года N 206

      В соответствии с Законом  Республики Казахстан от 18 июня 1996 года "Об экспортном контроле" и постановлением  Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года N 1037 "О лицензировании экспорта и импорта товаров (работ и услуг) в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Разрешить товариществу с ограниченной ответственностью "Научно-производственно-коммерческое объединение "Изотоп" (далее - ТОО "НПКО "Изотоп"), (город Алматы, Республика Казахстан), импортировать в Республику Казахстан из Российской Федерации источники радиоактивного излучения - ядерных материалов (код ТН ВЭД СНГ-284420890, по контрольному списку ОС002) в количестве 235 (двести тридцать пять) штук общей активностью 306 (триста шесть) кюри (51 грамм делящегося материала) на сумму 600000 (шестьсот тысяч) долларов США согласно контрактам с Федеральным государственным унитарным предприятием "Производственное объединение "Маяк" (город Озерск, Российская Федерация):
      1) N 398/07622740/45211 от 1 ноября 2002 года - источники на основе плутония-238 в количестве 190 (сто девяносто) штук общей активностью 271 (двести семьдесят один) кюри (23 грамма делящегося материала) на сумму 400000 (четыреста тысяч) долларов США;
      2) N 398/07622740/45212 от 1 ноября 2002 года - источники на основе плутония-239 в количестве 45 (сорок пять) штук общей активностью 35 (тридцать пять) кюри (28 грамм делящегося материала) на сумму 200000 (двести тысяч) долларов США.
      2. Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан в установленном законодательством порядке выдать лицензии ТОО "НПКО "Изотоп" на импорт радиоизотопной продукции, указанной в пункте 1 настоящего постановления.
      3. Агентству таможенного контроля Республики Казахстан обеспечить таможенный контроль и таможенное оформление импортируемой радиоизотопной продукции в порядке, установленном таможенным законодательством Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Комитет по атомной энергетике Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан