"Қазагромаркетинг" ашық акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2003 жылғы 28 ақпан N 220

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қазагромаркетинг" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп 2003 жылға арналған республикалық бюджетте 704 "Ауылда ақпараттық инфрақұрылымды енгізу және дамыту" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен 460000000 (төрт жүз алпыс миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын; <*>
      2) Қоғам қызметінің негізгі мәні ауыл шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің рыноктарын маркетингтік зерттеулер, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және алыс шет елдердің маркетингтік орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамыту мен жетілдіру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді маркетингтік ақпаратпен қамтамасыз ету, мемлекеттік органдарға ауыл шаруашылығы бойынша талдамалы ақпарат беру деп белгілеп, Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.26. N 986 қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-44-жолмен толықтырылсын:
      "21-44. "Қазагромаркетинг" ААҚ";
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-6-жолмен толықтырылсын:
      "205-6. "Қазагромаркетинг" ААҚ".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О создании открытого акционерного общества "Казагромаркетинг"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2003 года N 220

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 12 декабря 2002 года "О республиканском бюджете на 2003 год" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Создать открытое акционерное общество "Казагромаркетинг" (далее - Общество) со 100-процентным участием государства в уставном капитале.

      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) совместно с Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан сформировать уставный капитал Общества в размере 460 000 000 (четыреста шестьдесят миллионов) тенге за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2003 год по программе 704 "Внедрение и развитие информационной инфраструктуры на селе";
      2) обеспечить государственную регистрацию Общества в органах юстиции, определив основным предметом деятельности Общества маркетинговые исследования рынков сельскохозяйственной продукции и продуктов ее переработки, взаимодействие с маркетинговыми центрами Содружества Независимых Государств и стран дальнего зарубежья, развитие и совершенствование информационно-маркетинговой системы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, обеспечение маркетинговой информацией сельхозтоваропроизводителей, предоставление аналитической информации по сельскому хозяйству государственным органам;
      3) совместно с Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления. <*>

      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 26 сентября 2003 г. N 986 .

      3. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:
      1) в постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года N 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., N 13, ст.124):
      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:
      раздел "г. Астана" дополнить строкой, порядковый номер 21-44, следующего содержания:
      "21-44. ОАО "Казагромаркетинг";
      2) в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года N 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":
      в приложении к указанному постановлению:
      раздел "Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 205-6, следующего содержания:
      "205-6. ОАО "Казагромаркетинг".

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан