Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 ақпандағы N 220 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 986 қаулысы

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңын және "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазагромаркетинг" ашық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 ақпандағы N 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 9, 109-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "170000000 (бiр жүз жетпiс миллион)" деген сөздер "460000000 (төрт жүз алпыс миллион)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады