Жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 254 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 936 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2021 № 936 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату бөлiгiнде "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2003 жылғы 17 наурыздағы
N 254 қаулысымен
бекiтiлген

Жергілiкті бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату ережесi

      Осы Ереже жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату мәселелерiн реттеу мақсатында әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) агент - екiншi деңгейдегi банк немесе тиiстi шарттарды жасасу, қызмет көрсету, жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару, оларды пайдаланғаны үшiн сыйақылар, өсiмақылар, айыппұлдар бойынша қызметтердi және агенттiк келiсiмдерге сәйкес басқа да функцияларды орындайтын, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым;

      2) борышкер - жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша берешегi бар заңды тұлға;

      3) берешек - жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер, оларды пайдаланғаны үшiн сыйақылар, өсiмақылар және айыппұлдар бойынша борышкердiң борыш сомасы;

      4) кредитор - борышкерге жергiлiктi бюджеттен кредит берген жергiлiктi атқарушы орган;

      5) жергiлiктi бюджеттiң кредиттер бойынша дебиторлық берешегiнiң тiзiлiмi - борышкерлердiң жергiлiктi бюджет алдындағы берешегi тiркелетiн құжат;

      6) талаптардың тоқтатылуы - өндiрiп алынуы мүмкiн емес (борышкер таратылған жағдайда) борыштар бойынша дебиторлық берешектi есептен шығару;

      7) жергiлiктi уәкiлеттi орган - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң қаржысын басқаруға әкiм уәкiлеттiк берген, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган.

2. Жергiлiктi бюджеттiң алдындағы мiндеттемелердiң орындалуын бағалау жөнiндегi комиссия

      2. Мiндеттемелердiң орындалуын бағалау жөнiнде қорытынды дайындау мақсатында, сондай-ақ олар бойынша талаптарды тоқтату мүмкiндiгiн қарастыру үшiн облыс, Астана және Алматы қалалары, қалалар (аудандық маңызы бар қалалардан басқа), қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудан әкiмi жанынан тұрақты жұмыс iстейтiн жергiлiктi бюджеттiң алдындағы мiндеттемелердiң орындалуын бағалау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады.

      3. Комиссияның құрамы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа), қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмiмен бекiтiледi.

      Комиссияның құрамына тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттары, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (келiсiм бойынша), Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігiнiң (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әдiлет, Қаржы министрлiктерiнiң өкiлдерi (аумақтық бөлiмшелерi бар болған ретте бiрiншi басшылары деңгейiнде) кiредi.<*>

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.29. N 100 қаулысымен .

      4. Комиссияның органдары:

      1) Комиссияның төрағасы;

      2) Комиссия төрағасының орынбасары;

      3) жұмыс органы;

      4) хатшы болып табылады.

      5. Комиссияның төрағасы оның қызметiн басқарады, Комиссия отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi.

      Комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.

      6. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды, Комиссия отырысын өткiзгеннен кейiн хаттамалық шешiмдер мен қорытындыларды ресiмдейдi.

      7. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерi дауыстарының жалпы санынан үштен екiсi берiлсе, қабылданған болып саналады.

      8. Комиссия мүшелерiнiң нақты мiндеттемелер бойынша ерекше пiкiр айтуға құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және отырыс хаттамасына қоса берiлуi тиiс.

      9. Комиссияның жұмыс органының функциялары жергiлiктi уәкiлеттi органға жүктеледi.

      Комиссияның жұмыс кестесiн Комиссия белгiлейдi.

3. Жергiліктi бюджеттiң кредиттер бойынша дебиторлық берешегi талаптарының тiзiлiмi

      10. Кредитор жергiлiктi бюджеттiң кредиттер бойынша дебиторлық берешегiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi.

      Кредитор басқару саласында салааралық үйлестiрудi және мемлекеттiк қаржыны бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға тоқсан сайын жергiлiктi бюджеттiң дебиторлық берешегiнiң тiзiлiмi бойынша ақпарат беруге мiндеттi.

4. Талаптарды тоқтату жөнiнде шешiмдер қабылдаудың рәсiмi

      11. Борышкер таратылғаннан кейiн агент немесе агент болмаған жағдайда Комиссияның жұмыс органы бiр ай мерзiмде Комиссияға таратылған борышкерлердiң берешегiн есептен шығару туралы ұсыныстарды және талаптардың тоқтатылуын жүзеге асыру үшiн қажеттi мынадай құжаттарды:

      1) борышкермен жасасқан қайтарымды және ақылы негiзде жергiлiктi бюджеттен қаражат беру (ол болған кезде) туралы кредиттiк шарттардың және оларға қосымша келiсiмдердiң көшiрмелерiн;

      2) борышкерден берешектi өндiрiп алу жөнiндегi шаралардың жүзеге асырылғанын растайтын:

      кредитордың борышкерге талаптар қойғаны туралы;

      берешектi өтеуге кепiлдiк берушiлер (кепiлгер) болып табылатын тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкердiң мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық ( ортақ ) жауапкершiлiк жүктелетiн тұлғаларға және борышкердiң мүлкін заңсыз алған үшiншi тұлғаларға талаптаp қойылғаны туралы;

      тиiстi материалдарды құқық қорғау органдарына (құқыққа қарсы әрекеттер анықталған жағдайда) жiбергенi туралы;

      өндiрiп алудың сот тәртiбiмен жүзеге асырылғанын растайтын материалдар және сот шешiмдерi (борышкердi банкрот деп тану туралы, конкурстық өндiрiстiң аяқталуы туралы, қуыну мерзiмiнiң өтуi салдарынан қуыным талаптарынан бас тарту туралы және т.б.);

      өндiрiп алуға байланысты өзге де қажеттi құжаттар;

      3) борышкердiң таратылғанын растайтын:

      заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiнен оған борышкердi тарату туралы жазба енгiзiлгенi туралы үзiндiнi жiбередi.

      12. Борышкердiң берешегi бойынша талаптарды тоқтату үшiн Комиссияның жұмыс органы осы Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiң кредиттер бойынша дебиторлық берешегiнiң тiзiлiмiнен таратылған борышкерлер бойынша үзiндiлердi Комиссия мүшелерiне жiбередi.

      13. Комиссияның отырыстары олар бойынша кемiнде жарты жылда бiр рет талаптарды тоқтату ұсынылатын нақты мiндеттемелер бойынша өткiзiледi.

      14. Комиссия мынадай:

      борышты есептен шығару және жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша берешектiң талаптарын тоқтату туралы тиiстi жергiлiктi өкiлдi орган шешiмiнiң жобасын әзiрлеу жөнiнде ұсынымдар берудiң негiздiлiгi туралы;

      борышкерлердiң берешегiн өндiрiп алу мақсатында жергiлiктi уәкiлеттi органның немесе агенттiң қабылдауы қажет iс-шараларды көрсете отырып, борышкердiң берешегiн өндiрiп алу жөнiндегi қосымша iс-шараларды жүргiзудiң орындылығы туралы шешiмдердi қабылдайды;

      Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.

      15. Комиссия отырысы өткiзiлгеннен кейiн он күн мерзiмде отырысқа қатысқан оның мүшелерi қол қоятын хаттама және жергiлiктi өкiлдi орган шешiмiнiң жобасына олар бойынша талаптардың тоқтатылуы мүмкiн борышкерлер бойынша берешек талаптарының тiзбесiн енгiзу жөнiнде қорытынды жасалады.

      16. Комиссияның хаттамалары және осы Ереженiң 15-тармағында көрсетiлген қорытындылар жергiлiктi өкiлдi орган шешiмiнiң жобасын қалыптастыру үшiн облыстың, Астана және Алматы қалаларының, ауданның (қаланың) бюджет комиссиясына жiберiледi.

      17. Борышкерлерге қойылған талаптардың тоқтатылуы жергiлiктi өкiлдi орган шешiмiнiң негiзiнде жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер, оларды пайдаланғаны үшiн сыйақылар, өсімақылар және айыппұлдар бойынша өтелмеген берешектiң сомасына жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил прекращения требований по кредитам, предоставленным из местного бюджета

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 марта 2003 года N 254. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 936.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.12.2021 № 936 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 1 апреля 1999 года "О бюджетной системе" в части прекращения требований по кредитам, предоставленным из местного бюджета, Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила прекращения требований по кредитам, предоставленным из местного бюджета.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан



  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 17 марта 2003 года N 254

Правила прекращения требований по кредитам,
предоставленным из местного бюджета

      Настоящие Правила разработаны в целях урегулирования вопросов прекращения требований по кредитам, предоставленным из местного бюджета.

1. Общие положения

      1. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) агент - банк второго уровня или организация, имеющая лицензию Национального Банка Республики Казахстан на осуществление отдельных видов банковских операций, выполняющая услуги по заключению соответствующих договоров, обслуживанию, возврату кредитов, предоставленных из местного бюджета, вознаграждениям за пользование ими, пени, штрафам и другие функции в соответствии с агентскими соглашениями;

      2) должник - юридическое лицо, имеющее задолженность по кредитам, предоставленным из местного бюджета;

      3) задолженность - сумма долга должника по кредитам, предоставленным из местного бюджета, вознаграждениям за пользование ими, пени и штрафам;

      4) кредитор - местный исполнительный орган, предоставивший кредит из местного бюджета должнику;

      5) реестр дебиторской задолженности местного бюджета по кредитам - документ, в котором фиксируется задолженность должников перед местным бюджетом;

      6) прекращение требований - списание дебиторской задолженности по долгам, взыскание которых не представляется возможным (в случае ликвидации должника);

      7) местный уполномоченный орган - исполнительный орган, финансируемый из местного бюджета, уполномоченный акимом на управление финансами соответствующей административно - территориальной единицы.

2. Комиссия по оценке
исполнения обязательств перед местным бюджетом

      2. В целях подготовки заключения по оценке исполнения обязательств, а также для рассмотрения возможности прекращения требований по ним создается постоянно действующая комиссия при акиме области, городов Астаны и Алматы, городов (кроме городов районного значения), района, за исключением районов в городах, по оценке исполнения обязательств перед местным бюджетом (далее -

      Комиссия).

      3. Состав Комиссии утверждается решением местных исполнительных органов областей, городов Астаны и Алматы, городов (кроме городов районного значения), районов, за исключением районов в городах.

      В состав Комиссии входят депутаты соответствующих местных представительных органов, представители местных исполнительных органов, представители (на уровне первых руководителей при наличии территориальных органов) Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (по согласованию), Комитета национальной безопасности (по согласованию), Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция), министерств внутренних дел, юстиции, финансов Республики Казахстан. <*>

      Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 января 2004 г. N 100 .

      4. Органами Комиссии являются:

      1) председатель Комиссии;

      2) заместитель председателя Комиссии;

      3) рабочий орган;

      4) секретарь.

      5. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на заседаниях Комиссии, планирует ее работу, осуществляет общий контроль за реализацией ее решений и несет ответственность за деятельность, осуществляемую Комиссией.

      Во время отсутствия председателя Комиссии его функции выполняет заместитель.

      6. Секретарь Комиссии подготавливает предложения по повестке дня заседания Комиссии, необходимые документы и материалы, оформляет протокольные решения и заключения после проведения заседания Комиссии.

      7. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано две трети от общего числа голосов членов Комиссии.

      8. Члены Комиссии имеют право на особое мнение по конкретным обязательствам, которое, в случае его выражения, должно быть изложено в письменном виде и приложено к протоколу заседания.

      9. Функции рабочего органа Комиссии возлагаются на местный

      уполномоченный орган.

      График работы Комиссии определяется Комиссией.

3. Реестр требований дебиторской задолженности
местного бюджета по кредитам

      10. Кредитором ведется реестр дебиторской задолженности местного бюджета по кредитам.

      Кредитор обязан ежеквартально представлять информацию по реестру дебиторской задолженности местного бюджета в государственный орган, осуществляющий межотраслевую координацию в сфере управления и контроль за государственными финансами.

4. Процедура принятия решений по прекращению требований

      11. В месячный срок после ликвидации должника агент или в случае отсутствия агента рабочий орган Комиссии направляет в Комиссию предложения о списании задолженности ликвидированных должников и документы, необходимые для осуществления прекращения

      требований:

      1) копии заключенных с должником кредитных договоров и дополнительных соглашений к ним о предоставлении средств из местного бюджета на возвратной и платной основе (при их наличии);

      2) подтверждающие осуществление мер по взысканию задолженности с должника:

      о предъявлении требований кредитора к должнику;

      о предъявлении требований к лицам, выступающим поручителями (гарантами) погашения задолженности, а также в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, к лицам, несущим субсидиарную ( солидарную ) ответственность по обязательствам должника, и к третьим лицам, получившим незаконно имущество должника;

      о направлении соответствующих материалов в правоохранительные органы (в случае выявления противоправных действий);

      материалы, подтверждающие осуществление взыскания в судебном порядке и судебные решения (о признании должника банкротом, о завершении конкурсного производства, об отказе в исковых требованиях вследствие истечения срока исковой давности и др.);

      иные необходимые документы, связанные с взысканием;

      3) подтверждающие ликвидацию должника:

      выписку из единого государственного регистра юридических лиц о внесении в него записи о ликвидации должника.

      12. Для прекращения требований по задолженности должника рабочий орган Комиссии направляет документы, указанные в пункте 11 настоящих Правил, а также выписки из реестра дебиторской задолженности местного бюджета по кредитам по ликвидированным должникам, членам Комиссии.

      13. Заседания Комиссии проводятся по конкретным обязательствам, по которым предлагается прекращение требований не реже одного раза в полугодие.

      14. Комиссия принимает следующие решения:

      об обоснованности списания долга и предоставление рекомендаций по разработке проекта решения соответствующего местного представительного органа о прекращении требований задолженности по кредитам, предоставленным из местного бюджета;

      о целесообразности проведения дополнительных мероприятий по взысканию задолженности должника с указанием мероприятий, которые необходимо предпринять местному уполномоченному органу либо агенту

      в целях взыскания задолженности должников;

      решение Комиссии носит рекомендательный характер.

      15. В десятидневный срок после проведения заседания Комиссии составляются протокол, подписываемый присутствовавшими на заседании ее членами, и заключение по включению в проект решения местного представительного органа перечня требований задолженности по должникам, по которым возможно прекращение требований.

      16. Протоколы Комиссии и заключения, указанные в пункте 15 настоящих Правил, направляются бюджетной комиссии области, городов Астаны и Алматы, района (города) для формирования проекта решения местного представительного органа.

      17. Прекращение требований к должникам осуществляется на сумму непогашенной задолженности по кредитам, предоставленным из местного бюджета, вознаграждениям за пользование ими, пеням и штрафам, на основании решения местного представительного органа.