Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар
мен өзгерiс енгiзу туралы
1-бап. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 18, 366-құжат; 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 21, 782-құжат; 2001 ж., N 10, 121-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) 13-баптың бiрінші бөлігінде:
бiрiншi абзацтағы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн "және Әдiлет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзац "сақтауды нығайтқаны" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық жазаларды орындағаны" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 14-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
бiрiншi абзацтағы "iшкi iстер" деген сөздерден кейiн "және Әдiлет министрлiгiнің қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзац "қамтамасыз етуде" деген сөздерден кейiн ", қылмыстық жазаларды орындауда" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 20-баптың бiрiншi абзацындағы "және iшкi iстер" деген сөздер ", iшкi iстер және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң оны ресми жариялаған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті