Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес қарызды қайта құрылымдау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы N 294 қаулысы

      "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Pecпубликасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-1-бабына сәйкес және "Өзен мұнай кен орнын оңалту" жобасын iске асыруды аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қарызды жабу күнiн 2003 жылғы 31 наурыздан бастап 2005 жылғы 30 маусымға дейiн ұзарту жолымен "Өзен мұнай кен орнын оңалту" жобасын iске асыру үшiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнің (бұдан әрi - Кредитор) мемлекет кепілдiк берген қарызын қайта құрылымдауды жүргiзу мақұлдансын.

      2. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына Қазақстан Pecпубликасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Кредитормен бiрге қайта құрылымдау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеудi қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылғы 16 шілдедегi Қазақстан Pecпубликасы мен Кредитордың арасында жасалған Кепiлдiк туралы келiсiм түрiнде ресiмделген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн ауыстырсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О реструктуризации негосударственного займа, привлеченного под государственную гарантию Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2003 года N 294

      В соответствии со статьей 25-1 Закона Республики Казахстан от 2 августа 1999 года "О государственном и гарантированном государством заимствовании и долге" и в целях завершения реализации проекта "Реабилитация Узеньского нефтяного месторождения" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Одобрить проведение реструктуризации гарантированного государством займа Международного Банка Реконструкции и Развития (далее - Кредитор) для реализации проекта "Реабилитация Узеньского нефтяного месторождения" путем продления даты закрытия займа с 31 марта 2003 года до 30 июня 2005 года.

      2. Рекомендовать закрытому акционерному обществу "Национальная компания "КазМунайГаз" по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан обеспечить оформление документов с Кредитором, необходимых для проведения реструктуризации.

      3. Министерству финансов Республики Казахстан заменить государственную гарантию Республики Казахстан, оформленную в виде Соглашения о гарантии между Республикой Казахстан и Кредитором от 16 июля 1999 года.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Павлова А.С.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан