"Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Pecпубликасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңының 25-1-бабына сәйкес және "Өзен мұнай кен орнын оңалту" жобасын iске асыруды аяқтау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қарызды жабу күнiн 2003 жылғы 31 наурыздан бастап 2005 жылғы 30 маусымға дейiн ұзарту жолымен "Өзен мұнай кен орнын оңалту" жобасын iске асыру үшiн Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнің (бұдан әрi - Кредитор) мемлекет кепілдiк берген қарызын қайта құрылымдауды жүргiзу мақұлдансын.
2. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамына Қазақстан Pecпубликасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Кредитормен бiрге қайта құрылымдау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдеудi қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылғы 16 шілдедегi Қазақстан Pecпубликасы мен Кредитордың арасында жасалған Кепiлдiк туралы келiсiм түрiнде ресiмделген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн ауыстырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің бiрiншi орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі